Ертегілер еліне саяхат

Қорытыңды ҰОҚ

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№7«Алпамыс» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші

Нурекенова Карлыгаш Салыковна


Білім беру саласы:Коммуникация, Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді  дамыту+көркем әдебиет+шығармашылық.

Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат .
Мақсаты: 
Білімділік:
Балалардың жыл мезгіліндері туралыбілімдерің пысықтау, жабайы аңдар туралы алған білімдерің тиянақтау, жыл бойы алған білімдерін пысықтау. 

Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнау қабілеттерін одан әрі дамыту. 
Тәрбиелік: Жан-жануарларды ,табиғатты қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу,балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне деген көмек көрсете білу сезімдерін нығайту. 
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, драматизациялау.
Оқыту құралдары: Аңдар, шырша, ойыншықтар, суреттер, ертегі кейіпкерлері. 
Билингвалдық компонент: аю-медведь, қонжық-медвежонок, қоян-заяц, көктем-весна, орман-лес, қасқыр-волк. 

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс—әрекеті

 

 

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық — қозғаушылық

 

Балалар енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы-жылы лебіздемізді білдірейік. 
Армысыз, қайырлы күн! 
Армысыз қайырымды аспан ана! 
Армысыз мейірімді жер ана! 
Армысыз шұғылалы алтын күн! 
Күліп шықты күн бүгін 
Бәріміз күндей жарқырайық 
Бәріміз тату болайық 
Бәріміз дос болайық. 
-Жарайсындар менің балаларым қандай әдепті. 

Әдемі әуенмен балалар музыка залына кіреді, жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасады. 

 

 

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

-Балалар жылаған дауыс естілетін сияқты. 
-Тыңдайықшы бұл ненің дауысы екен? 
-Неге жылап отырсың? 
-Балалар ол ненің баласы екенін білеміз бе? 
-Балалар аюды орысша калай атаймыз?

-Ал, балалар қонжыққа анасын табуға көмектесеміз бе? 
-Ол үшін біз қайда баруымыз керек? 
-Дұрыс айтасыңдар, орманға баруға қорықпайсыңдар ма? 
-Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? 

-Көктем мезгілінен басқа қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Көктемнің айларын аитайықшы? 

Д/ойын
Жыл мезгілдерінің ата.

 

 

 

-Жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтылады

 

 

 

 

 

 

 -Балалар орманға бармас бұрын сергіту жаттығуын жасайық, қонжық та сергіп қалсын. 
У медведя дом большой

Он сидит глядит в окошко

Заяц мимо пробежит

Тук-тук-тук

Дверь открой

Там влесу охотник злой

Заяц-заяц забегай

Лапу мне давай.

-Ал енді сиқырлы желдің көмегімен орманға жылдамырық жетейік. (желдің әуені ойналады) 
-Мінеки балалар орманға да келіп жеттік. 
-Айналадан нелер көріп тұрсыңдар? 
-Балалар орманда қандай аңдар өмір сүретінін білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын 

Сылдырдан қорқады 
Шошынып тұрады 
Қаңқиып ұзын құлағы 
Елеңдеп қорқып тұрады 

Орман жалпақ даладан 
Бал іздеп бір аң жортады 
Кіп кішкене арадан 
Үп-үлкен болып қорқады

 

Шырша саясы – күркесі 
Өзі орманның еркесі 
Қарғып жүрер жан-жаққа 
Өте құмар жаңғаққа 

Өзі айлакер, өзі қу 
Жүрген жері айқай шу 
Бұлаңдаған құйрығы 
Бір алдарлық қулығы 

Сұрғыл тартқан түсі бар 
Ақсиған көп тісі бар 
Тыным таппай жүгіріп 
Қыстау маңын ториды 
-Жарайсыңдар балалар, өздерің тапқыр екенсіңдер! 
Орман кейіпкерлері қайда көрінбейді ғой, жоқ болып кеткен бе? 
-Балалар қараңдаршы, анау шөптің басы сыбдырлайды, не екен ол?
-Балалар қоянды орысша калай атаймыз?
-Қоян сен неге бұл шөптің арасында отырсың? 
-Енді қайтейін үйімді түлкі тартып алды. 
-Қоян сен қамықпа, қазір саған біздің балалар үйшік жасап береді, солай ма балалар. 
Дидактикалық ойын: 
«Үйшік» 
Аюды іздеп келе жатып, ата мен әжеге кездеседі. 
-Сәлематсыз ба ата-әже? 
-Орманның ішінде неғып жүрсіздер? 

-Балалар естеріңе түсті ме бұл қай ертегі кейіпкерлері? 
Ендеше осы ертегіні сахналап көрсетейік.

 

-Балалар енді Маша қызды қайдан іздеу керегін білеміз ба?
-Ата-әже сіздер алаң болмай үйіңізге бара беріңіздер. 
-Біз Маша қызды тауып үйіңізге алып барамыз. 
-Мінекей аюдың үйіне келіп жеттік. 
-Қане есіген қаттырақ қағайық. 
-Аю біз сізге балаңыз қонжықты алып келдік. Ал сіз Маша қызды босатыңыз. Маша қыз сіздің үйде екенін білеміз. 
-Ой шынымен менің қонжығым табылды ма? Қонжығым табылмайтын шығар деп Маша қызды өзіме қыз қылып алып едім. Енді кішкентай қонжығым табылғасын Маша қызды жіберейін. 
-Менің қонжығымды тапқандарыңа рахмет деп, қонжығын құшағына қысады. 
Балалар аюмен қоштасып , желдің сиқырымен кері қайтады.

Ата мен әженің үйіне Машаны апарады. Қуанған ата мен әже балаларға бауырсақ таратады.

Қонжық

— Мен анамнан адасып қалдым. 
Анамды табуға көмектесіңдерші. 
-Аюдың баласы конжық

 

 

-Ия, ол аюдың баласы. 
Аю-медведь 
Қонжық-медвежонок 
-Көмектесейік. 
-Орманға. 
-Қорықпаймыз. 
-Көктем. 

 

-Күз,қыс, көктем, жаз.

-наурыз,сәуір,мамыр.

 

-Көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштарда жапырақтар шығады. 
-Жаз мезгілінде күн ыстық болады,балалар көлге түседі, доп теуіп ойнайды.

-Күз мезгілінде жапырақтар түседі, жеміс-көкіністер піседі.

-Қыста күн аяз болады, қар жауады.

 

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап, әуен ырғағымен айналады. 

 

 

 

 

 

-Ағаштар, құстар, қалың шөптер. 

 

-Қоян 

 

 

 

-Аю 

 

 

-Тиін 

 

 

 

-Түлкі 

 

 

 

-Қасқыр 

 

 

 

 

 

 

-Апай бұл қоян ғой, қорқып отырған . 
-Қоян-заяц. 

 

 

 

 

 

Геометриялық пішіндерден қоянға үй жасап береді. 

-Қызымыз Маша жоғалып кетіп соны іздеп жүрміз. 
Маша мен аю ертегісі.

 

Балалар Маша мен аю ертегісін сахналайды.

 

Аюдың үйінен.

 

 

 

 

 

Аю

-Бұл кім мені мазалап жатқан? 
Бұл «Айгөлек» тобының балаларымыз. 
-Рахмет аю ата. 

-Ой шынымен менің қонжығым табылды ма? Қонжығым табылмайтын шығар деп Маша қызды өзіме қыз қылып алып едім. Енді кішкентай қонжығым табылғасын Маша қызды жіберейін. 

Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін біздер қайда бардық? 
Онда не көрдік? 

 

 

 

 

-Қандай ертегіні сахналадыңдар? 
-Қандай көмек бердіңдер? 
-Ендеше қане бәріміз бір-бірімізге күліп қарап, жақсылық жасаймыз. 
-Біз мейірімді боламыз. Балалар бүгін сендер бәрің де өте жақсы қатыстыңдар, тақпақтарыңды бәрің жақсы айттыңдар. 
Сау болыңыздар!

-Орманға. 
-Орманда құстар сайрайды, ағаштар жайқалып өседі, саңырауқұлақ, құлпынайлар көп өседі. Жабайы жануарлар мекендейді. 
-Маша қыз бен аю. 
-Қонжыққа көмектестік. 
-Ата мен әжеге көмектестік 
-Аюға көмектестік 
Балалар бірінің қолынан ұстап, «біз мейірімді боламыз» айтады. 

 

 


Күтілетін нәтиже: 

Біледі: Адамдар бір-біріне қиын жағдай туғанда көмектесу керек екенін білді. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтты. Орманда мекендейтін жануарларды біледі. 

Меңгереді: Қоршаған орта туралы көзқарас. Табиғатқа қамқор бола білу. Ертегікейіпкерлерінің іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнауды еңгерді, тілдері дамыды, сөздік қорлары молайды. 

Істей алады: Киын кезде бір-біріне көмек көрсете алады, ертегі рөлдерің сахналай алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.