Жоба тақырыбы: «Таңғы жаттығу» І кіші «Жұлдыз».тобы. Тажибаева Феруза Сансызбаевна

Жоба тақырыбы:  «Таңғы жаттығу»

І кіші «Жұлдыз» тобы

Тәрбиеші: Тажибаева Феруза Сансызбайқызы.

 

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Жан-Жак Руссо

Іске асыру мерзімі: қысқа мерзімді (1 жетілік)

Жобаның түрі: ақпараттық-шығармашылық.

Жобаның үлгісі: ойын түрінде.

Қатысушылардың құрамы: тәрбиешілер, балалар 2-3 жас,

Мақсаты: Балаларға таңертеңгілік жаттығуларды жасату арқылы, балалардың белсенділігін арттыру, қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.                                         Жобаның  өзектілігі: ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Дені сау ұрпақ-  еліміздің болашағы. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-анаың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бүлдіршін, балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді.                                                                                                              Күтілетін нәтиже: Таңертеңгілік жаттығу балалардың ақыл-ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.Таңертеңгі жаттығу балалардың сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады.

Музыка ырғағымен.
1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.
2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 — 4рет).
3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз.
4.Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 — 4рет).
5. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз.
6. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 — 4рет).

Музыка ырғағымен.
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан                            бірі тұру.
2. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау, құсша ұшу.
3. Шеңбер құрып тұру, тәрбиешінің көмегімен.
4. Басымен оңға, солға иілу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.