МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға — аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға — аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.

Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.

Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.

Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.

Балаларға тілдің үштұғырлығын үйрету әдістемесі

Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында қай жастағы балаларға арнап әзірленгендігін ескеру қажет.

Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.

Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. Зайцевтің белгілі текшелерінде ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.

Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады. Глен Доман өз кітаптарында айқын әрі нақты құраллар береді. Карточкалар жұмысты сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересектеу, тіпті мектепалды жастағы балалармен де қолдануға болады.

Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін тапсырмалар алады (немесе ата-аналарының көмегімен). Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.

Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнау, тақпақтар мен әндер жаттау, жобаларды әзірлеу және т.б. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Тәжірибеде қолданылып жүрген барлық мектеп жасына дейінгі кезеңде тілді үйрету әдістемелері ата-аналарға үйде өз баласымен дербес айналысуға көмектеседі.

Дербес шығармашылық іс-әрекет

Жұмыстың түрлері мен формалары

Заттық-дамытушы орта тілдік кеңістікке ену үшін:

таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;

— сөздік, үстел үстіндегі баспа ойындары, құралдар, кітаптарды;

— жағдайға байланысты, рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындарды;

— ертегілерді сахналау, тақпақтарды мәнерлеп оқуда балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер мен мерекелерпайдаланылады.

Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте балалардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы – отбасының ерекшеліктері ескеріледі.

Негізгі тәсілдері:

а) балаларға таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;

б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка);

в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;

г) жұмбақтар;

д) өз ойын білдіріп, өзін-өзі бағалауды арттырудағы психологиялық кедергілерді болдырмайтын ертегілер мен шағын әдеби шығармаларды драмалау.

Жұмыс ұстанымдары:

1. Мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану, ауызша және материалдық.

2. Бала бойында баланың тілдік қабілетін арттыратын педагог пен балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.

3. оқыту үдерісінде педагогтің сөйлеу тілінің баланың жаңа үйреніп жатқан тілде 90% болуы.

4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды арттырып, біртіндеп бекіте отырып 3 сөзден бастау. Соңында күнделікті өмірде жинақталған сөздік қорын арттыру.

5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.

6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.

7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.

8. Педагогтің сұрақтары мен бұйрықтарына әсерінің жылдамдығын дамытады.

5-6 жастағы балалардың сөйлеу дағдысын сипаттау

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар ана тілін еркін меңгереді. Тілдің белсенді сөздік қоры 2500-3000 сөзді құрайды. Бұл балалардың үлкен тәжірибесімен (алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда), олардың зияткерлік қабілеттерінің дамуымен: көп бейнелі байланысын құру іскерлігімен, бар білімдерін жеңіл қолдану, жалпылап, қорытынды жасай білуімен байланысты.

Қарым-қатынас адамның көңіл күйі мен эмоционалдық күйін анықтауға, өзінің ішкі дүниесін түсіну тәсілдерімен өзін-өзі нормаларын меңгеруге бағытталады. Бұл жастағы балаларға айналасындағы адамдардың тілдеріне сын көзбен бағалау қарым-қатынасы мен өз ойының нақтылығын қадағалау қабілеттерін дамыту тән.

Бұл жаста балалар сөздердің дыбысталуы мен мағынасына, оның дыбыстық түріне, тілдегі сөздердің тіркестері мен қабысуларын қызығушылықпен таниды.

Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:

— байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);

— тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;

— сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.

Байланыстырып сөйлеуін дамыту

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың басты міндеті — монологтік және полилогтік тілін жетілдіру болып табылады. Балалар өзара қарым-қатынасты талдауды, адамдардың адамгершілік қырындағы қылықтарын дәлелді бағалай білудегі мәселелерін меңгере бастайды. Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу іскерліктерін меңгереді: қоршаған ортамен қуана тілдік қарым-қатынасқа түседі. Олар ұжымдық әңгімелесулерге қатысып, сыпайы түрде сөйлесудің қабылданған нормаларын: әңгімелесушіні мұқият тыңдау, сұрақты дұрыс қою, сұрақтарға жауап беру, балалардың жауабын тыңдау, ұжымдық әңгімелесулерге қатысу, ортақ әңгімені қолдау, әңгімелесушіні бұзбай кезекпен сөйлеуді қолдана алады.

Әңгімелесу барысында (тәрбиешінің көмегімен) қойылған сұрақтың сипатына қарай сөйлем түрлерін қолданады. Ересектер мен құрбыларына өтініш, алғыс, реніш, шағым түріндегі сыпайы қарым-қатынас үлгілерін үйренеді. Өзінің және құрбыларының тіліндегі қателер мен олқылықтарды анықтап, оларды түзей алады.

Сөздікті дамыту

Балалар тұрмыстық сөздікті, табиғат пен тұрмыстық заттардың атауларын, олардың қасиеттері мен сапаларын, құрылымын, материалы мен оның ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс және нақты қолдануды белсенді меңгерулері тиіс. Нысанның пішіні, өлшемі мен басқа да белгілерін білдіретін сөздерді меңгеруді жалғастыруы керек.

Ересектер тобында (5-6 жас) балалар материалдардың неден жасалынғаны, олардың қасиеттері туралы көбірек білулері тиіс. Кейбір заттар мен бұйымдардың дайындалу үдерісін білу (пісіру, жасау, тігу, үтіктеу және т.б.). Алты жаста балалардың сөздігі заттардың материалы, қасиеті мен күйін жалпылайтын сөздермен толықтырылады.

Балалар өзіне таныс заттардың қасиеті мен сапасын анықтауға қажетті зерттеу әрекеттерін дербес қолданып, оларды атаулары тиіс (сипау, үрлеу, умаждау, қолында өлшеу, иіскеу және т.б.).

Ересек топтағы сөздік жұмыстардың жетекші мазмұны жалпылаудың тегі мен түрлерін, жалпылауды білдіретін сөздерді түсініп қолдану болып табылады.

Бұл жаста балалар заттарды салыстыруды, басты белгілерін табу, осылардың негізінде заттарды топтарға бөлу іскерліктерін меңгереді. Заттарды өздеріне тән белгілері бойынша біріктіру қабілеттерін меңгереді. Ыдыс-аяқ, жиһаз, киім, аяқ киім, көкөністер, жемістер, көлік және т.б. түсініктерді біледі.

Сөздердің ұғымдық мазмұнын меңгеру балаларға сөздердің ауыспалы. басқаша айтылған мағынадағы сөздерді түсініп, қолданудағы жаңа деңгейге өтуге мүмкіндік береді.

5-6 жастағы балалардың сөздігін толықтыру әлеуметтік өмірдің құбылыстары мен оқиғаларына, адамның ішкі дүниесі мен сыртқы қылықтарына қызығушылығының артуымен байланысты. Түрлі мамандықтағы адамдардың еңбегімен таныстыру барысында олардың сөздігі заттар мен еңбек құралдарының, жұмысқа қажетті техниканың, еңбек іс-әрекеттері және олардың орындалу сапасының атауларымен толықтырылады.

Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар тілдің барлық негізгі грамматикалық түрлерін қолданулары тиіс. Балалар құрбыларының тіліндегі грамматикалық қателерді анықтауға және оларды жөндеуге, грамматикалық формаларды дербес қолдануға үйренеді.

Сөйлеу мәдениеті

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар дыбыстарды дұрыс айтуға және сөздерге дыбыстық талдау жасау іскерліктеріне үйретіледі. Олар ана тілінің барлық дыбыстарын анық, дұрыс айта білулері тиіс. Күнделікті сөйлесу барысында дыбыстарды дұрыс айта білуге жаттығады.

Өлеңдерді оқып, әдеби шығармаларды мазмұндау барысында балалар түрлі дауыс ырғағының құралдарымен қолдана білуі тиіс: сарын, сөйлеу ырғағы, қисынды екпін. Бұл құралмен балалар өзіне туған емес (орыс және ағылшын) тіліндеріндегі өлеңдерді оқу және әдеби шығармаларды мазмұндау барысында да қолданулары тиіс.

Монолог

Балалар алдына қойылған коммуникативтік жағдайға байланысты білімдік және тұрмыстық әрекеттерді айқындайтын тіл материалының әдістемелік құралына орай, алдын ала дайындықсыз ойындағысын жеткізуі тиіс.

Өзінің пікірін айтуда тілдік тұрғыдан дұрыс рәсімделген, мөлшері 3 сөз тіркесінен кем болмауы тиіс. Пікір айту сипаттамадан (сурет, бұйым, ертегілер кейіпкерлерінің әлпеті және т.б.), оқиғадан (дос, отбасы мүшесі, үй жануары және т.б.) тұруы мүмкін.

Бес жасар балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері жоғары деңгейде артады. Ортаңғы топтағы балалардың әлеуметтік және табиғи жаратылысты меңгеруде әуестігі, белсенділігі, дербестігі жоғары болады.

Тілдердің үштұғырлығы бойынша жұмыстың орталық бағдары оқытудың монологтік түрі, бұл 4 жасар балаларды үлкендер мен құрдастары арасында тілдік қатысымға түсуде дербестік пен бастамашылдыққа тәрбиелеу болып табылады. Монологтік оқыту барысында балалар қатысымдық сөйлеу дағдысына ие болады, сөздік қорын арттырады және грамматикалық дұрыс сөйлеу қалыбын реттейді.

Оқыту мазмұнына өлеңдер, әндер, санамақтар, сондай-ақ мектепте оқыту жағдайларын айқындайтын тілдік құралдар кіреді. Тілдік материал көлемі 70 типтік сөйлеу үлгілерін құрайды, олардың 50-і сөйлеу үшін қолданылады. Сөздік бірліктер көлемінің – 150-і сөйлеу үшін және 200-і тыңдалым үшін.

Тілдің үштұғырлығы бойынша ұйымдастырылған оқу ісінің тақырыптық мазмұндылығы «Қатынас» білім беру саласының білім мазмұнының іріктеу талаптарының принциптері бойынша құралады.

Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.

«Тілдің үштұғырлығының дамуы» курсының аяқталуымен балалар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген тыңдалым машықтарын меңгеруі керек, берілген тақырып бойынша айқын сөйлеу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.

5-6 сөйлемнен құралған заттарды сипаттайтын шағын әңгімелер, жеке тәжірибеден оқиғалар құрастыру; әдеби шығармалардан түсінгенін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту барлық салаларда жүзеге асады, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде басты оқытудың түрі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқыту қызметі болып табылады. «Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т.с.с. тарауының процессі ретінде белгіленеді. Осы кезеңде, мектепке дейінгі жаста, байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады. Оқытылудағы тілдердің дұрыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасы, яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының айырықша мәнділігі бар. Көптілде айтылуын қалыптастыруға фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың фонематикалық қабылдау қабілеті өте жоғары деңгейде дамитындығы байқалады; олар дыбыстарды дұрыс айтып, олардың жіңішке және сараланған дыбыстар, сөз түрлері мен жеке дыбыстарды қалыптастырады.

Сараланған дыбысты қабылдау қабілеті акустикалық және артикуляциялық дағдыларды дамыту барысында қалыптасады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде дыбыс шығару біртіндеп қалыптасады. Олар 3 кезең арқылы өтеді:

1) артикуляциялық аппаратты дайындау;

2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;

3) буындарда, сөздерде және фразалық сөйлеуде буындарды бекіту.

Бірінші кезең сөйлеу аппаратын артикуляциялық қимылдарға дайындауға бағытталған. Бұл шараны арнайы дыбыстық сөйлеу мәдениетін және қазақ, ағылшын тілінде сөйлеуді оқыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асыру қажет. Күнделікті тәртіптік сәт уақытында, таңғы гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін жаттығулар орындауға болады. Дыбысты зерттеу үдерісінің құрылымы фонетикалық қабілетін дамыту әдістемеге кірістірілген «Қатынас» білім саласында ана тілінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелік құралында толық сипатталған.

Барлық балалар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар игерілетін белгілі рецептивті лексиканың көлемі: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтіндерде кездесетін лексика.

Жаңа сөздерді саралап айтуды жөндеу, тек таза сөйлеу және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.

Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.

Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т.б.). Тыныс гимнастикасы әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, шарларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жібереді және т.б.

Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:

— оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;

— оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;

— қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;

— мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет.

Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.

Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.

Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.

Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.

Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.

Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:

— оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сөздерді дұрыс айту;

— кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;

— қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар;

— сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша шығармашылық тапсырмалар;

— жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін өзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар;

— рөлмен оқу.

Жаттау немесе жатқа оқу кең қолданылады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көңіл көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, әрі басқа тілде өз қалауынша айтуға ықыласын арттырады.

Мектепке дейінгі жастағы үлкен балалардың мәнерлеп сөйлеуі әр түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде бірнеше қатар әдіс-тәсілдер қолданады.

Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтен жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап етіледе. Балалармен лексикалық мәліметті нақты бекіту үшін, оны бірнеше рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес, жаңа лексиканы пайдалану қажет.

Бастапқы кезеңде орыс тілінде оқытылып жатқан топтардың қазақ, ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруына үлкен назар аудару қажет. Осы дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және оқытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.

Күнделікті, әртүрлі тұрмыстық жағдайда ұйымдастырылған оқу қызметі процессінде және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолдануда жүзеге асады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруды, балалардың сөйлеуге назарын аудару, сөздік қорына, баланың жинақталған сөз құрамы байлығын пайдалану педагогтың рөлі болып табылады.

Театр әрекеті, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналау, кейіпкерлер диалогін пайдалану орыс және ағылшын тілдерін үйренуді белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі жастағы баламен (орыс және ағылшын) тілдерді үйрену барысында тілдің үштұғырлығы жағдайында дыбыс мәдениетін меңгеру – балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру барысын анағұрлым қарқындатады, тіл байланысын кеңейтеді.

Оқытылып жатқан тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай жаттығуға дыбысты жеке сөздің, сөйлемнің ішінде айтылуы кіреді. Педагог балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.

Тілдің үштұғырлығын дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.

Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.

Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде күлімдеп, жақсы рең білдіріп, : «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б. сөздермен мадақтап отырған дұрыс.

Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеу талдауын дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығуды («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат», «Сөздер адымдайды» және басқалары.

Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның атын атаумен ғана шектелуге болмайды. Шет тілінің сөзі баланың жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды іске қосу қажет: түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым (мысалы, қант, балдың, тосаптың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін көрсеткен жөн, содан соң ол заттың әртүрлі жағдайдағы басқа заттармен салыстырмалы түрдегі суреттерін көрсету қажет. Мысалы, үстел әр түрлі пішінде, әр түрлі өлшемде және тек қана төрт аяқты емес, үш аяқты да немесе бір аяқты да болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.