ЦИКЛОГРАММА  Бір аптаға (5-9қараша  2018 ж.) «Аққу» ІІ кіші топ 

ЦИКЛОГРАММА 

Бір аптаға (5-араша  2018 ж.)

 «Аққу» ІІ кіші топ 

Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау»

Тақырыпша  «Дұрыс тамақтану.Дәрумендер.»

Күн тәртібі Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі

 

Бейсенбі

 

Жұма

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

8.00

8.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: денсаулық туралы жеке әңгімелесу,  қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру.  Жағымды  жағдай орнату.
«Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы» әңгімелесу. Сәлемдесу. Дене қызуларын мен тазалығын тексеру Дене шынықтыру шаралары. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қабылдау. Сәлемдесу. . Балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру Суретті кітапшалар тамашалау . Медбике, психологпен бірлескен жұмыс. Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта — балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу; Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу
Жаттығулар кешені
 Таңғы ас 8.45-

9.10

                                                    Ойын- жаттығу :   Амансың ба, Алтын күн,

Амансың ба,Көк аспан.

Амансың ба,достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Ойындар,

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

 

9.10-9.15

Балалардың қолдарын жуғызып таңғы асқа отырғызу
Дидактикалық ойын:«Жеміс па көкөніс па?» Мақсаты:жемістер мен көкөністерді ажырату. «Бақшадағы өнімдер» суреті бойынша, әңгіме құрастырып айтып беруге үйрету.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі 9.15-

10.45

 

 

1.Дене:М.Ж.Б

 

2.ҚМҰҚ

Тақырыбы:

« Кеш.Биік-аласа»

Мақсаты:  Балалармен биік-аласа, кең-тар,үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарын қайталау.Шамаларды,заттарды салыстыра білуге үйрету.Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру.Бірнеше заттардың биіктігін, көлемін, ұзындығын салыстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

1.Музыка

Тақырыбы: «Алтын күзде молшылық»

муз.А.Айтуова

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, кіріп орындарына отырады.

2.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Дәрумендер дегеніміз не?»

Мақсаты:. Балаларға дәрумендер және оның денсаулығына тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

1.Дене: М.Ж.Б

2.Қоршаған орта

Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы»

Мақсаты: Балаларға жеміс пен көкөністерді ажырата білуге үйрету. Жеміс пен көкөністерде көптеген пайдалы

дәрумендер бар, олар бізге пайдалы екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.Балалардың тілдік қорларын

молайтып, тілдерін дамыту. Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

1.Жаратылыстану

Тақырыбы:  «Дәрумендер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,

2. Сурет салу

Тақырыбы: «Жемістер»

 Мақсаты:   балаларға түрлі  — түсті қарындаштармен жемістердің сұлбасын

бояу арқылы қолдың ұсақ қимылын дамыту.  Бойларына табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3.Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қайдан келдің,бауырсақ» Ө.Тұрманжанов

Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, тілін шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Балаларға нан туралы білім беру. Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде айта білуге жаттықтыру. Автор туралы мағлұмат беріп, ой-өрісін кеңейту.

 

1.Музыка

Тақырыбы:  Алтын күзде молшылық» муз.А.Айтуова

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, кіріп орындарына отырады.

2.Дене: М.Ж.Б

 

 

 Серуен:

 

10.45-11.45 Серуенге қызығушылық  туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

«Күзгі құстардың тіршілігін бақылау»

Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату.

Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу.Күзгі құстардың дауысын тыңдау.Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.

Еңбек: Құстарға жем беру. Жапырақтар жинау

Қимылды ойындар:  «Жасырынбақ»

Мақсаты:Шапшаңдыққа баулу.Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

Дербес ойын әрекеті,  серуенге алып шыққан ойыншықтармен ойындар

Серуеннен  оралу 11.45-12.00 Балалардың  реттілікпен киімдерін  шешуі, дербес ойын әрекеті .
Түскі ас 12.00-12.40 Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Ұйқы 12.40-15.00  Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары 15.00-15.30 Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында  ортопедиялық жол бойымен  жүру.

«Қайық» — Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.

«Созылу» — Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.

«Кемпірқосақ» — Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.

Бесін  ас 15.30-15.50 Балалардың назарын тағамға ауданыру ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс
Ойындар, дербес әрекет

 

 

 

 

 

 

 

16.00-16.30

 

 

 

 

 

 

 

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу «Күз»(сурет қарастыру) Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.  Сюжетті-рөлдік ойын

«Дәрігер»,құрастырма ойындар.

Суретті кітапшаларды бояу,пазолдар,сюжетті картиналар құрастыру.

 

 

 

  Вариативтік     компаненті

«Санаулы саусақтар»

Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс Балаларға 1-5 дейінгі сандарды  танып білуді үйрету.

 

Шұғылаға  фигуралық пішіндерді танып білуді  үйрету. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрастыру, айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Вариативтік     компаненті

«Санаулы саусақтар»

Кешкі ас 17.00-17.30 Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс.
Балалардың үйге қайтуы 17.30-18.00 Ата-аналарға кеңес:

«Балалардың уақтылы келіп кетуі».

Жыл мезгілдеріне сәйкес киінуді айту. Ата-аналарға кеңес:Балалардың тазалығын қадағалау. Айлық  төлемді  уақытында төлеу туралы сөйлесу. Ата-аналарға кеңес: «Үйде балаларымен көп сөйлесу керек».

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.