Іс- шара тақырыбы: «Тазалықты сақтайық»

Джунусова Зулпия Уронхужаевна

Мақсаты: Балалардың жеке бас гигиенасы, тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Олардың жинақылыққа, ұқыптылыққа үйрету. Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой -өрісін дамыту.

Көрнекіліктер: плакаттар, буклеттер, слайд

Әдіс –тәсілі: тазалық туралы жұмбақтар айту, таза баламен салақ баланы салыстыру

Ұйымдастыру кезеңі: Қане балалар бізге бүгін қонақтар келді. Қонақтар мен амандасайық.

Ал, балалар сендер достарың мен қалай амандасасыңдар көңілмен, ал басқаша қалай, амандасамыз сөзбен?

Ал, балалар енді біз қонақтармен сөзбен амандасайықшы.

Сәлеметсіздер ме жарайсыңдар  балалар. Ал балалар біз амандасқаннан кейін, қонақтардың көңілі көтерілді ма.

Шаттық шеңбері.

 

Ал қанекей біз қол алысып бәріміз

Айтарым бар сендерге тұрайықшы шеңберге

Тез тұрыңдар шеңберге

Қандай жақсы дос болу

Достар менен бір жүру

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түлген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік.

Слайдпен жұмыс.

Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал, балалар денсаулықты күту үшін не істеуіміз керек (ауырмау)

Дұрыс киіну дұрыс тамақтану, үстімізді таза ұстау. Ал, балалар біз саяхатқа шығайық. Саяхатқа шықпас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, өйткені  біз заттарымызды жинастыруымыз  керек.

Жұмбақтар:

Бұдан кір қорқады

Судан бұл қорқады.       (сабын)

 

Қалтамда жатыр тісі бар

Тиме оған тиіссе балалар тісі бар     (тарақ)

 

Жуынып болғанда

Жүреді қолыңда                 (сүлгі)

 

Бұл баланы кім дейді?

Бәтеңкесін, пальтосын

Өзі кие білмейді

Бұл баланы кім дейді?                    (жалқау)

 

Серуенге жаяу барамыз.

 

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ –топ

Ал қолымызды ұрайық

Бір оңға, бір солға

Қолымызды  бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

 

Медбике кіреді: (көрініс) «Тіс ауруы»

 

Ал, балалар біз енді серуенге барып келдік енді біз дені сау мықты болу үшін еріншек болмау керек.

Тақпақтар:

Жасмин:  Жаман бала құрысып,

Өз -өзімен тырысып

Түске дейін жатады,

Шешесімен ұрысып.

Нұрдәулет:      Аяқ –қолың болмай кір,

Тырнағыңды алып жүр.

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді.

Салдыр –салаң болмағын,

Саусағыңды сормағын.

Нұрберген:       Сабындаған кезінде

Ашытады көзіңді.

Бола білсең төзімді

Тап –таза етер өзіңді.

Тазалықтың досы

Сабын деген –осы.

Жұлдызай:        Сылдырайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолың жу.

Тазалықтың досы,

Су деген –осы.

Жасмин:         Үстін көрсең  кірлеген,

Айғыз –айғыз түр деген.

Таралмаған шашы да,

Барғың келмес қасына.

Інжу:          Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытынды: Балалармен сұрақ –жауап жұмысы жүргізіледі.

  Сергіту сәті:

Бала, бала, балақай,

Қол соғайық алақай,

Бір, екі, үш деп атайық,

Саусақтарды тартайық,

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып ойнайық.

Қоштасу. Сау болыңыздар!!!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.