Алтын күз

Алиева Гулнар

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы алған білімдерін бекіту, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, бүлдіршіндердің бейімін дамыту.

Көрнекілігі:Ағаш, жемістер

Тәрбиеші: Күз мерекесіне арналған «Ару» тобында өткізілетін ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

Күз мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

Балалардың жауабы.

Жаңбырдың дауысы шығады.

Тәрбиеші: Бұл ненің дауысы?

Балалар: Жел мен жаңбырдың дауысы.

Тәрбиеші: Қазір күз мезгілі.Сондықтан ауа-райы өзгеріске түседі. Күзде жел тұрып, жаңбыр көбірек жауады. Күз мезгілінде әр түрлі жеміс-жидектер , көкөністер піседі. Адамдар жылы киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күздің жақсы жақтары, күзде жеміс-жидек, көкөкніс жейміз. Ал, енді , балалар, алма ағашына,күнге жер анаға рахмет айтайықшы.

Балалар бастарын изейді.

Тәрбиеші: Балалардың күзге арнаған тақпақтары бар:

Күзім-ау күзім-ау Күннің нұры көшкендей

Мінезің бұзық –ау Алма ағаштың басында

Жаңбырың сіркіреп Қызыл қарбыз өскендей.

Келгенің қызық-ау.

Апорт деген алма бар Қараңдаршы балалар

Алматы оның отаны Қуандырып біздерді

Ондай алма қайда бар Мерекелі күз келді.

Жерді жарған атағы.

Есік қағылады.

Ғажайып сәт: Хат тасушы кіреді.

Хат тасушы: Мен сендерге Мақта қыздың атасы мен әжесінен гүл және хат әкелдім.

«Саламатыздар ма , балалар. Мынау өзіміз еккен гүл,сендерге беріп жібердік. Тәртіпті, ақылды болып өсіңдер. Ата –ана ларыңның үлкен азаматы болып өсіңдер.

С м: Мақта қыздың атасы мен әжесі.

Тәрбиеші: Балалар, енді біз Мақта қыздың әжесі мен атасына сурет салып беріп жіберейік.

Балалар: Алманың, алмұрттың , жүзімнің әр түрлі жемістердің суретін бояйды.

Тәрбиеші: Ал, енді, балалар сурет салып шаршадық. Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:Барлығы «Топ-топ» биін билейді.

Хат тасушы: балалар, сендердің қандай өнерлерің бар.

Балалар «Бөбектер» биін және «Үйректер» биін билейді.

Ойын. «Кім көп жеміс тереді»

Тәрбиеші: Осымен балалар «Алтын күз» тақырыбына арналған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Шаттық шеңбері: Қараңдарша, балалар

Қуандырып біздерді

Мерекелі Күз келді

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.