Алғашқы қар

Ташкенбаева Айгерим Елеусизовна

Алғашқы қар

     Сабақтың мақсаты;  Сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айта білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Өз семіздерін қағаз бетіне бере білуге тәрбиелеу.

      Сөздік жұмыс: қар,аяз, қыс, ақшақар, ақ қоян, сұр қоян, көжек.

     

      Көрнекіліктер: қыс мезгілі туралы суреттер, бейнетаспа, үнтаспа, көк парақ, қылқалам, ақ бояу, сүрткіш.

Әрекеттер кезеңі.

Педагогтың іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

   

    Шаттық шеңбері:

Қыс келді, қыс иықтап,

Қалды аюлар ұйықтап.

Қыс келді, қыс мұз, қарлы,

Қыраулы да ызғарлы.

Қыс келді, қыс боранды.

Қырат көрпе оранды.

        Әңгімелесу. Қыста күн суық, ызғарлы,аязды болады. Қар жауады. Қардан балалар әдемі аққала соғып,  сырғанақ жасайды. Қар атысып, ойнайды. Аязды күнде біздің тереземізге  аяз оюлар салады, оны «қырау» дейді.Үйдің шатыры, ағаштың басы,жердің барлығы аппақ қарға енеді.Қар суық, оны қолғапсыз ұстауға болмайды. Қыста адамдар жылы киініп жүреді, өйткені күн суық.

        

 Тәрбиеші: Бізге қонаққа көжек келді. Ол бізге орманнан түлкіден қашып келіпті. Оның түсі жазда сұр болса, қыста ақ түске өзгереді. Сөйтіп түлкіден жасрына алады екен.

 

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ян,ян,ян, секіреді қоян.

Қарға,қарға,қарғалар

Қар үстінде жорғалар.

 

Қыс тақырыбына байланысты сұрақ – жауаптар.

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Қыста біз қардан не жасаймыз?

-Қыста күн қандай болады? Не жауады?

-Қолымызға не киеміз?

 

Жұмбақ.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)

 

 

Сергіту сәті:

Аппақ қылып өңірде, (алақандарын ашу )

Қар жауды,қар жауды! (қолдарын сермеу)

Көңілді балалар (қолдарын шапалақтайды)

Қызығып секірді, секірді.(орындарынан тұрып секіру)

 

Дидактикалық ойын. «Қар жинау»

Қар туралы бейнетаспа көрсету. Ал,енді балалар бәріміз осы ұлпа қардың суретін көк парақтың бетіне ақ бояумен таза ұқыпты жұмыс жасайық. Сурет салып жатқанда жәй дауыста үнтаспа қойылады.

1.Балалар қылқаламды ауада жүргізеді.

  1. Қағаз бетіне жұмыс жасайды.

Балалар алғашқы жауып тұрған қарды салады.

Балалардың жұмысын бағалау. Мадақтау.

Жұмыстарын тақтаға ілу.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: қыс мезгілінің ерекшеліктері.

Білді: қардың жұмсақ, ақ ұлпа екендігін.

Жасай алуы: алғашқы қардың суретін салды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.