Баланың психологиялық дамуындағы ойынның ролі.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
МКҚК педагог-психолог
Титанова Марям Усеновна

Баланың психологиялық дамуындағы ойынның ролі.

Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабораториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірде ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Рольді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді.
Ойын түрлері : саусақ ойындары, қимылды ойындар, логикалық ойындар, қабылдау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар.

Ұсақ қол қимылдарын дамыту
«Балалардың қабілеттері мен дарындылығы – олардың саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нәзік жылғалар бастау алады» деген В.А. Сухомлинский
Ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі (қолдардың білезіктермен және саусақтармен ұсақ және дәл қимылдарды орындаған кезде балада үйлесімді іс-әрекеттер дағдыларын дамытудың деңгейі) – мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі.
Бұл осылай болады да, өйткені миды зерттеу, тәнтану тұрғысынан, қолдардың білезіктерін, артикуляциялық аппарат сияқты қарастыру керек екендігін бекітуге мүмкіндік берді. Сондықтан да баланы сөйлеуге үйрету үшін артикуляциялық аппаратын ғана жаттықтырып қоймай, сондай-ақ қолдарындағы саусақтарының қимыл-қозғалысын да немесе ұсақ қол қимылдарында дамыту керек.
Сонымен бірге, ғалымдар ұсақ қол қимылдары тек сөйлеумен ғана емес, сондай-ақ зейін, ой, оптикалық-кеңістікті бағдарлау (үйлестік), қиял, байқампаздық, көру және қимыл-қозғалысты ес тәрізді сананың жоғары қасиеттерімен өзара байланысты екенін дәлелдеді.
Баланың бұдан былайғы өмірінде киіну, сурет салу және жазу, сондай-ақ көптеген тұрмыстық және оқу іс-әрекеттерін орындау үшін қолдардың білезіктерінің және саусақтарының дәл, үйлесімді қозғалысын пайдалану қажет екені түсінікті.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін ұсақ қол қимылдарын және қолдар қимыл қозғалысының үйлесімділігін дамыту жөніндегі жұмыс деген мектепке деген дайындықтың маңызды бөлігі болуға тиісті. Саусақтарға арналған жаттығулардың бала дамуына тигізетін әсері тілін дамытуға өлшеусіз үлес қосады.
Ұсақ қол қимылдарын дамытуға арналған жаттығулардың бала дамуына тигізетін әсері:
 нәзік саусақ бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы қолын жазуға дайындайды
 тілін дамытуға өлшеусіз үлес қосады, қимыл арқылы берілгендіктен бала өлең жолдарын қиындықсыз түсініп, жаттап алады; айтылуы қиын дыбыстарды дұрыс айтуға ойын түрінде жаттығады;
 есте сақтау қабілеті артады;
 елестеу арқылы қиялын дамытады;
 әр кейіпкердің рөліне енуді үйреніп, даусын құбылтып, еркін сөйлеуге жаттығады;
Төмендегі ұсынылған жинақтағы жаттығуларға арналған өлеңдер жеңіл боғандықтан балалардың жаттап алуына қиын болмайды деп ойлаймын, қандай жағдайда да алғашқы кезде міндетті түрде жаттауға күш салудың қажеті жоқ, жаттығуды жасау кезінде естігендерін қайталап айтса да жеткілікті. Жаттығуларды алғаш бір қолмен, қайталаған кезде келесі қолмен жасатқан дұрыс болады.
Саусақ және тіл жаттығуларын қалыпты дамып келе жатқан балаларға да, дамуында ауытқушылық бар балаларға да жасатуға болады. Ойындарды ойнай жүріп, балалар айтылуы қиын дыбыстарды сабақтан тыс, еркін жағдай да айтып, жаттыға түседі.

• ары

САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

.

Саусақтарыңмен моншақтың санын көрсет Бір қолыңның саусақтарын түйістіріп,
«шашылған моншақтарды»екінші қолыңа жина

Өзіңнің немесе құрбыңның моншағының тастарын санап көр. Түрлі қағаздан кішкентай дөңгелектер қиып алып, моншақ жаса.

Сырты дұбір кішкентай доптарды Кішкентай доптардың біреуін қолыңа алып,
Партаға қойып, екі қолыңмен айналдыр екі алақаныңның арасына салып айналдыр

ЖАҢБЫР

Саусақтарыңмен бұлт жаса. Сұқ саусағыңмен партаның бетін тырсылдатып,
жауған жауңбырдың дыбысын келтір

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.