Балапанды бақылау

Табинаева Феруза Неттуллаевна                                                                                      

Мақсаты:Балаларды балапанмен таныстыру.

Білімділік:Тауықтың  тіршілігі мен пайдасын айтып,танымын жетілдіру,үй құстары туралы білімін бекіту.Балапанның  үй құсы

екенін,түсін,пішінін бекіту.Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін,сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды ұйымшылдыққа,құстарды аялауға,қамқорлық

жасауға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ -жауап,сергіту сәті,үй құстарының суреттерін көрсету,дидактикалық ойын «Балапандарын тап»жұмбақ шешу,тауық пен балапан туралы әңгіме айту,балапан туралы көркем сөз,мадақтау ,қорытындылау.

Керекті құралдар: Үй құстарының суреттері,жұмыртқа,үлкен жұмыртқа  ішіндегі балапан.

Сөздік жұмыс:балапан,үлпілдек,жұмсақ.

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шеңбер  жасауға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болады?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендіше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп,үлкен шеңбер жасайық,кәне бәріміз бірдей үрлейік.

-Жақсы енді «Деніміз сау болсын!»деп бір-бірімізді емдейік

-Қайырлы таң,көздерім сендер ояныңдар(көздерін уқалайды)

-Қайырлы таң,құлақтарым сендер ояныңдар(құлақтарын уқалайды)

-Қайырлы таң,саусақтарым сендер ояныңдар(шапалақтайды)

-Қайырлы күн,сенде ояндыңба?(жымиып күледі)Тағы  бір күн артта қалып,тағы арайланып таң атты.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Өте дұрыс,көктем мезгілі.

-Ал,балалар сендер көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күн жылынды,қар ериді,жаңбыр жауады,ағаштар бүршік жарады,құстар ұшып келеді

-Өте дұрыс айтасыңдар.Сендер қандай құстарды білесіңдер?

-Бұлар дала құстары,ал үй құстарын білесіңдерме?

Балалар тақтадағы суреттерге қараңдаршы.

-Мынау ненің суреті? (әтеш)

-Әтеш қандай дыбыс шығарады?(ку-ка-ре-ку)

-Мынау ненің суреті? (тауық)

-Тауық қандай дыбыс шығарады? (қыт-қыт)

-Мынау ненің суреті?(үйрек)

-Үйрек қандай дыбыс шығарады?(кря-кря)

-Мынау ненің суреті?(қаз)

-Қаз қандай дыбыс шығарады?(қаңқ-қаңқ)

Балалар тақтада төртке бөлінген сурет,әрқайсысын ашу үшін жұмбақ шешу керек


Жұмбақ

-Екі аяғы да жоқ,белінде таяғы да жоқ.(жұмыртқа)

-Басы тарақ,арты орақ (әтеш)

-Шық-шық етеді,балпаң-балпаң жүреді. (балапан)

-Күн батса қонақтап қалғыған.

Таң атса жерден жем аңдыған. (тауық)

-Міне балалар,  балапан суреті құрастырылып ашылды.

Біз үйде көбіне асырайтынымыз-тауық.Тауықтың баласын балапан деп айтамыз.Тауықтарды жем беріп,су беріп асыраймыз.Тауықтар алдымен жемдерді ауыздарына салып,оны сауыттарына сақтайды.Сосын оны қорыта бастайды.Тауық қанаттарының астына балапандарын қорғайды,тырнағымен жерді тырналап балапандарына жем тауып береді.Олар бізге жұмыртқа береді,жұмыртқаны тамаққапайдаланамыз , аналарымыз жұмыртқадан торт,печенье пісіреді.Ал жүнінен жастық жасаймыз.

Балалар енді бойымызды сергітіп алайық


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Балалар бір зат тырсылдап жатыр.Кәне қайтадан тыңдайықшы.

Мына жұмыртқаның үлкенін ай,өзінің түсі аппақ екен,ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен.

-Балалар ,жұмыртқа жарылайын деп тұрған сияқты,бақылап көрейікші.Бұдан не шығады білесіңдер ме?(жұмыртқаны жарып балапан шығады).

-Бұл балапан екен.Балапанның түсі сары,жүні үлпілдек,жұмсақ,оның денесі сопақша.Балапан жүгіреді,қанаттарын қағады.

-Балапанның түсі қандай?

-Балапанның жүні қандай?

(балаларға балапанның жүнін ұстатып көрсету)

-Балапан  немен қоректенеді екен?

(балалар балапанды тамақтандырады)

Балапандар кішкентай нәзік болады,оларды адамдар қорғап,жем беріп қоректендіреді,балапандар үлкейгенше бағып қамқорлық жасайды.

Кім балапан туралы тақпақ біледі?

Инаят:     Сары үрпек балапан,

Бейне бір балақан.

Көгалды шоқып көп.

Дән   іздеп тереді.

Кәусар:   Көрді де шыбынды,

Балапан жүгірді

Ұмтылып тағыда.

Көрмеді тынымды

Дидактикалық ойын «Балапандарын тап»

Ойынның шарты:Үй құстарының балапандарын тауып,орнына қояды.

Рефлекциялық-түзетушілік

-Бүгін қандай оқу қызметі болды?

-Үй құстарына не жатады?

-Үй құстары қалай дыбыстайды?

-Жұмыртқадан не шықты?

-Балапан немен қоректенеді?

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Білуі:балапанды  түріне қарап,ажырата білуді.

Игеруі:балапанның немен қоректенетінін , олардың адамның қамқорлығына эәру екендігін.

Меңгеруі:  қамқорлықпен қарайды,оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.