Бала жүрегі- кішкентай күй сандық

Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. М.Шаханов.«Ұстаздық еткен жалықпас»…деп Абай атамыз айтпақшы, өзімнің ұстаз мамандығын таңдағаныма кейде сондай риза боламын. Әрбір үйдің еркесі мен тентегін тәрбиелеп, адами қасиеттерді бойына сіңіріп, білімді де, білікті азамат ету тек ұстаздың ғана қолынан келеді. Сүрінсе сүйеп, өмір баспалдағына тәй-тәй бастырып «өмір» атты алаңға шығарып «самғап ұш»-дейтін де ұстаз. Мұғалімдік-әлемдегі мамандықтар арасындағы ең-ең біріншісі, қасиеттісі, құдіреттісі, киелісі. Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты , дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К. Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шындығында келгенде , тәлімгердің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз.Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер:мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәлімгер мұғалімнің жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмауы керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау өте қиын.Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.Қиыны мен қызығы, талабы менжемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.Мұғалімдік қызмет-адам жанына нәрберетін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі –жан азығы.Ол жан азығы жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жолын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.