Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ

Нурманова Гульбагдат

Қазір бала тәрбиесі тек отбасының ғана жеке ісі болудан қалып, ол біздің бүкіл қоғамымыздың терең шұғылданатын ісінің біртұтас бөлігіне айналды. Қоғам мен балабақша балаларды тәрбиелеуде ата-ананың көзқарасын дұрыс қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Осы жағдайда ғана отбасы балаларының адамгершілік рухани тәрбиелеуде балабақшаның айнымас одақтасына айналатынын тәжірибе көрсетті.

Шынымен, бүгінгі таңда бала тәрбиесі баршамызға ортақ мәселе екендігін барша ата-ана шынайы түсіне алар ма екен?

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік негіздері отбасында қалыптасады. Демек,отбасылық тәрбиелеу шарттарын мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтежелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен және де «Менің балам, тек менің балам» деген сияқты өзімшілдік пікірден аса алмай жүрген талай ата-аналардың әрекеттеріне куә болып жүрміз.

Ұлт тәрбиесі — ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, балабақша, мектеп болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі — ата – ананың өнегелі тәрбиесінде, ұстаздардың ұлағатты ісінде.

Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді. Үйде балаларды жазу сызуға, ауызша есепке машықтандыру, оларға қызықты ертегілер айтып беру,еңбекке баулу сияқты жұмыстар жүргізіліп отырса, олардың бойында еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиет берік дағдыға айналар сөзсіз. Бұл ретте бала біріншіден білімге құштар болса, екіншіден ол еңбекке дағдыланады. Ал еңбек пен білім егіз екенін естен шығармауымыз керек. Дұрыс тәрбие алған бала ата — анасын қуантып отырады.

Еліміздің болашағы — ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру — баршаға ортақ, әрі міндет.

Ендеше тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек. Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдына қойылатын міндет – жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни, ұлттық құндылыққа алу.

Қазақтың көрнекті ақыны М.Шаханов «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», ал Мустафа Шоқай «Ұлттық мәденеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайдын пайдалы азамат шықпайды» деген болатын.

Осы мақсатта мектепке дейінгі тәрбиешілер:

  • Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, балаларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
  • Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды балаларға тапсыру;
  • Ертегіні ұжым болып тыңдау;
  • Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру;
  • Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольмен ойнату сияқты жұмыстар арқылы ұлттық тәрбиені жасөспірімдер бойына сіңіріп отырады.

Айта келгенде «Адамның адамгершылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің ісі» дейді Абай атамыз.

Осы орайда әріптестеріме «бала тәрбиесі – баршамызға ортақ» екендігін шынайы сезінсек деймін. Ол үшін әрбір тәрбиеші

  • Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – тәрбиешілерді басты парызы екенін сезіну керек;
  • Ұлттық тәлім – тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу тәрбиешілердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болу керек;
  • Дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай ұлттық рухы биік ұрпақ тәрбиелеу – оқу тәрбие процесінің басты мақсаты болу керек;
  • Елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу керек.

Ынтымақ бар жерде тәрбие бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Елбасымыз: «Болашақ білімді жастар қолында» — десе, сол болашақ жастарды тәрбиелеуші сіз бен біз. Олай болса, ұрпақ тәрбиесімен балабақша, мектеп, ата-ана болып бірлікте, ынтымақтастықта жұмыс жүргізілуі керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.