МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА «ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елді мекені
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі Душатова Феруза Азатовна
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА «ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
«Біздің ойлап жүргенімізді
қолымыздың көмегі
арқылы шешуге болады»
Карл Густав Юнг
Құм терапиясы яғны құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде күнде біздің балабақшамызда құммен сурет салу өнерін үйрететін арнайы кабинет ашылып, күнделікті оқу қызметінде, вариатив компонент кезінде, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолданып келеміз. Құммен сурет салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Сурет салудың мұндай техникасында мен күнделікті оқу қызметімде құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданып келемін. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділігі артады.

Құмдағы ойындар — баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайырымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастырады. Тәрбиешілерге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады.

Қорыта айтқанда, балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді. Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады. Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм, жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.
Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.
Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.