«Батыр қызы-қызықтың»(Кеңес Одағының Батыры Нұрмұхамбетқызы Алия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған тәрбие сағаты)

Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз
Әлияны бүгін біз сағынамыз
Дастанындай керемет мәңгіліктің,
Иесіне ерліктің табынамыз
Әлия деп ағады бал бұлақта
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта.
Көтеріліп күн көзі Әлия деп,
Әлия деп ай туады біздің жақта
Батырлықтың үлгісін бастады да
Жарқырады Шолпандай аспаныма.
Жалғасытыр деп ұрпаққа ерлігімді
Өзі өтті өмірден қасқағымда

-Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова  (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 жылдың 15 маусымында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында Нұрмұхаммед Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келген.

 

-Сегіз жасында анасы қайтыс болған Әлияны Алматыда тұратын нағашы ағасы алып кетеді.

-Ал 1935 жылдан бастап Ресейдің Ленинград қаласы Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленеді. Санкт-Петербургтегі №9 орта мектепте білім алады.

-Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған.

 

-Вятское орта мектебінен  7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

 

18 жасында соғысқа аттанған.1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

— Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

-Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

-Ендеше біздің балалардың Алия апаларына арнаған тақпақтары бар екен:

 

Тақпақтар:

 

МАЛИКА:

Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.

 

АҚЕРКЕ:

Алия апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Алия  апайға
Өсіп келе жатырмыз!

 

ФАРИЗА:

Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

 

ЕРЖАН:

Әлия –ер қызы елімнің

Әлия –гүл қызы жерімнің

Әлия –аты әнге айналған

Әлия — жұлдыз көкте жайнаған.

 

ИНАЯТ:

Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.

 

АСЫЛЖАН:

Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.

 

АЙЫМ:

Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Алия  әпкеміз
Жаудан елді қорғаған.
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан.
Алия  әпке күні-түні,
Жауға оқты боратқан.

ДІНИСЛАМ:

Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оның жатыр ізі.
Есіңде ме Алия деген,
Қазақтың жас батыр қызы.

Қорытынды:

— Қаһарман қазақ қызы Алия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі),Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған.

 

— Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында және туған ауылында ескерткіштер орнатылған.

 

-Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Жеңіспен үміті оның ақталады,

Ел-жұрты батыр қыз деп мақтанады.

Әлияның  өзі өмірден өткенменен,

Есімі мәңгі бақи сақталады.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.