Бүлдіршіндерге тәрбие беру

Мұстақова Гүлзия

Кішкене бүлдіршіндерді тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін көп уақыт сияқты көрінуі мүмкін.

Ал, мен үшін………

Мен бүлдіршіндерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп есептеймін, кей кезде

«Бақытымның бастауы,

Балдырғаннан басталады»-деген өлең ұйқастары да көкейімде орын алады.Ертеңгілік өз тобында отырып саған қарай анасымен не әкесімен бірге жүзі бал-бұл жайнап келіп, құшағыңыңа енетін әр сәби бақыт нұрын сепкендей. Өсе келе апыл-тапыл, былдыр да тәтті тілмен «сәлеметсіз бе, апай!» деген сөз тіркесін осы кезге дейін қаншама рет естісем де, мен үшін қадірлі. Қабылдау сәтінен бастап ертеңгілік жаттығу, тамақтану, жуыну, серін, сабақ барысындағы балалардың бал тілімен қойылған сұрақтар, олардың сабақтан алған әсерлері, ойнап жүріп пәк сәби сезіммен образға кірген түрлері, білсем, көрсем, ұстасам деген құштарлық шабыттары мені әлемге енгізгендей болады. Олардың менен күтетіні көп…..

А.С. Макаренконың«40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттың сабағына дайындал» деген қағидасын еш жадымнан шығарған емеспін.

Балалармен өткізетін бүгінгі күнім қандай болмақ? Бүгінгі сабағымда таныс емес әлемнің қандай сырларын ашсам екен?!…

Шынайы сабақ өткізі-тәрбиесінің шығармашылық жұмысының жемісі. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бойкүйездік пайда болып сабақтың мәні кетеді. Ал, шынайы сырға толы сандықтай болса, тәрбиеші-сол бір тылсымы мол жұмбақ әлемнің құпиясын ашқан сиқыршыдай. Әрбір күннің сәби жүрегіне сәттілік әкелуі бірінші кезекте әрине, тәрбиеші қауымына өзімізге байланысты.

Сабағымды бастамас бұрын алдымда жігіріп ойнап жүрген бүлдіршіннің балғын жүздеріне үңіліп, олардың көңіл күйлеріне аса мән беремін.

Көңіл күйлері көтеріңкі ме? Әлде жүздерінен шаршауы байқала ма? Психологиялық тренингтер, сергіту сәттері, ойындар, сол күнгі тақырыпқа сәйкес өлеңдер арқылы балалардың назарын аудару менің күнделікті сүйікті ісім:

Сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақбетің, маңдайың,

Тазалықтың досы су» дегенің осы.

 

Балабақша-тәрбие бесігінің бірі. Қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарды бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық тәлімі, санамақ, мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаш, сұрақ-жауап, ойын ертегі, қызықты сәттер арқылы бүлдіршіндерімді қолдарынан жетелей жүріп күн сайын осы ғажайып, пәк әлемнің тылсымына ену маған үлкен ляззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні-алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын.

Тәрбиеші-алдына келген әр сәбиді өз баласындай сүйетін, сонымен қатар өз мамандығын сүйетін патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, шығармашыл, жаңашыл, терең білімді педагог болуы тиіс.

Қазіргі таңда баршамыздың алдымызда тұрған 12 жылдық оқу жуйесіне көшу біз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді.

Ия, ұстаздық жол-қызығы мен қиындығы қатар жүретін қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, сәби жүрегіне жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

 

 

Ұмтылам алға, тынбаймын,

Тынбаймын, қарап тұрмаймын.

Көшінен қалмай өмірдің,

Біреуден қалып, біреуден озып,

Келе жатырмын өмірді созып,

Өйткені мен, елімнің ертеңгі,

Қырандарын шыңдаймын.

 

Мағжан Жұмабаевтың: «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғалым иесі болуды тілейтін өнер» деген асыл сөзін қағида етіп ала отырып, әр бала тәрбиесіне айрықша мән береміз. Баланың жеке тұлғасы бастау алатын бұл кезең әрі маңызды, әрі қызықты. Бала балабақшаның табалдырығын аттағаннан бастап ересектер мен балалардың өмірі айтарлықтай өзгереді. Біз балалардың бақшаға бейімделгеннен кейін олардың даму қарқынының жылдамдайтынын байқаймыз. Балалардың өз бетінше жасайтын әрекеті жетіле түседі, тіл дамиды, тәрбиешімен, өзге балалармен сенімді қарым-қатынас жасай бастайды. Балаларымыз ата-аналары келгенде өздері жаңа алған білімдерін, дағдыларын көрсетуге асығып жатады.

Қазіргі таңда ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екенін бәріміз жақс білеміз. Ата-ана үшін бала-оның үміті, өмірінің жалғасы, мақтанышы, болашағы болса, балабақшадағы тәрбиешілер үшін еңбегінің жемісі. Сондықтан да бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.

Бала-біздің болашағымыз. Олай болса, әрбір отбасында балалар саны артып, алдымызда гүлденіп, еліміздің тұғырып биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.