Дәмді, қышқыл апельсин

Адилова Жанар

 

Мақсаты:Апельсин жемісі туралы білімін жетілдіру.Қоршаған ортадағы заттарды сезім мүшелері арқылы: дәмін,түсін,пішінін,иісін сезіну,тану.Тәжірибе жасау арқылы барысында балаларды ізденімпаздыққа,білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер

Күз мезгілі туралы әңгімелеу.

Ай аттарын ата? -қыркүйек,қазан,қараша..

Күз мезгілінің кезеңдерін ата?-ерте күз,алтын күз,қоңыр күз.

Өлең оқу.

Қызғылт сары доп,

Секіре ме жоқ.

Онда пайдалы дәрумен,

Бұл дегеніміз- апельсин.

Апельсин киімін киген Меруерт кіреді:

Сәлем достар!

Мен дөңгелек апельсин,

Қуанышпен шаттық әкелем.

Менде, менде бәрі бар,

Дәмім бірде қышқыл,бірде тәтті,

Дәруменім пайдалы.

Кім менің шырынымды ішеді

Сол  ақылды болып өседі. Балалар апельсин туралы тақпақтар айтады.

Слаид арқылы апельсин ағашын көру, танысу, талдау.

1-тәжірибе «Түстер өрнегі» Қызыл түспен сары түсті араластыру арқылы қызғылтсары түсті алу, апельсин суретін салу

Ойын: «Апельсин қандай?» Апельсинді қолмен ұстау арқылы сипаттау. домалақ, қабығы бұдыр, хош иісті.

2-тәжірибе: «Апельсин суға бата ма, батпай ма?» Апельсин қабығы жайлы әңгімелеу. Апельсиннің өзі суға батпайды, қабығы алынғаны батады. Апельсин қабығынының тесіктері ауаға толы. Сол себепті апельсин суға батпайды. Ол суға батпау үшін киетін «қорғаныш жакет» секілді.

— Апельсин қабығы өте пайдалы. Иісі хош иісті. Одан апельсин майын алады. Оны сабынға, иіс суларға, шаш жуатын сусабындарға қосады. Емдік сусындар  дайындайды.

Д.о. «Сиқырлы қоржын» Ойын арқылы жемістер мен көкөністерді атайды.

Сергіту сәті: «Не үшін керек?» 

3-тәжірибе:  Апельсин дәнін ыдысқа отырғызу. Балалар дәнді отырғызуды рет-ретімен орындайды. Ыдыста алдын-ала отырғызылған апельсин ағашын бақылайды.

Ертегі қойылым: «Біз бөлеміз  апельсин».

4-тәжірибе:Апельсин шырынын алу, оның пайдалылығы туралы әңгімелеу. Балаларға шырын  тарату. Шырын даярлау әдісін көреді,шырын ішеді.

 

Алға қаласы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.