«Елін сүйген -Елбасы»

Тақырыбы: «Елін сүйген – Елбасы!»

Мақсаты:

Балаларға  тұңғыш Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және   қазіргі  Елбасымыз Қасым – Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иелері екенін таныту. Балаларды отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының,  Қазақстан Республикасының рәміздерінің , ғимараттардың суреттері .

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

 

Ұжымдық жұмыс: «Туған жер»

«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)

 

 

— Балалар, біздің яғни, Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білеміз бе?
— Білеміз. Қасым – Жомарт Тоқаев.

-Біздің еліміз қай ел?

-Қазақстан.

— Астанамыз қай қала?

-Нұрсұлтан қаласы.

-Ал біздің қаламыз қай қала?

-Арал ауданы , Сексеуіл кенті.

-Сендерге туған жерлерің ұнайды ма?

-әрине ! (балалар сұқ саусақтарын көрсетеді)

 

 

Тәрбиеші:

Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана, Отан — пана,
Қазақстан — туған ел!

 

Ән: «Мен қазақпын»

Орындайтын : Аманжолұлы Әліби

 

Сергіту сәті :

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уық болып иіліп ,

Бір отбасы болайық !

 

Балалар Елбасына арнап тақпақтар айтады.

 

Әліби:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда шешпеген

Шешімдері болмайды.

 

Асылым:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Халқымыздың ажарлы,

Орындалып арманы.

 

Диас:

Қаазағымның туын тіккен Елбасы,

Ұл қызынан үміт күткен Елбасы.

Қазақ елін аялаған Елбасы,

Қиындықта сая болған Елбасы !

 

Тәрбиеші:

Күлімдеген әдемі қыз жанары,

Оюдай майысады қолдары,

Қазақ  биін тарту етер сіздерге,

Кіп-кішкентай Аянадай қыздарың.

 

« Қазақ »  биі

 

Тәрбиеші:

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев :

Отан !

Отан !

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,- деп жырлағандай біздің тобымыздың жігіттері отанға деген сүйіспеншіліктерін бимен жеткізбекші!

 

Би: «Жігіттер».

Қорытынды:

Балалар , біздің Елбасыларымыз сияқты сендер де еліміздің келешегісіңдер! Еліміздің елі сүйген, елін сүйген қалаулы азаматы болыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.