Ел болам десең бесігіңді түзе

Сейтжаппарова Улжан Жаппарханкызы

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген сөздің түбінде не жатқанын әр қазақ жетік түсіне бермейтін заманда өмір сүріп отырмыз.

Қазақстанымыздың болашағын  ойлаған әр бір азамат бала тәрбиесін құрсақта жатқаннан қолға алуы тиіс  Әр бір кірпік қағар уақытты қалт жібермей бала тәрбиесіне арнап, бала бойына қалыптастырып, қанына  сіңдірген абзал.

Біз осы мақсатта балабақша ішінде үздіксіз жұмыс жүргізіп, іс-шаралар өткізудеміз. Ұжымымыз ата-аналармен тығыз байланысып, ұйымдастырған түрде іс-әрекет жасауда .

Осы шаралардың бір түйнек жемісі ретінде жуырда «Жадыра, Жайна. Наурызым» тақырыбында кішігірім той өткіздік. Ондағы мақсатымыз: үлкендерден естіген ұлағат сөздер мен ата-бабаларымыздың бізге қалдырған алтыннан да қымбат теңдесі жоқ салт-дәстүрімізді тек естіп, оқып біліп қана қоймай көзбен көріп, үйреніп, өмірде пайдалану. Халқымыздың қасиетті салт-дәстүрі бізді өмірдегі әр қиыншылықтың алдын алып, тіл көзден сақтап отырады емес пе?  Біз де , бағдарламамыздың негізгі кезеңдеріне халқымыздың салт-дәстүрлерінің ішіндегі ұмыт болғандарын алып, жас ата-аналар мен балаларымызға көрсетіп беруді мақсат еттік.

Ертеңгі Қазақстанның болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер ғой. Сол бүлдіршіндеріміз сауатты да салауатты болу үшін «баланы құрсағынан тәрбиелеу ата-ананың парызы» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаса керек.

Дәстүрімнің кереметі – келінінің жүкті екенін, құрсақта бала пайда болғанын білген ене болашақ дүниеге келетін баланың құрсақта жатып мазасы қашпасын, келінінің мазасын алмасын деген мақсатта ескерту ретінде үйдің боғатына ақ орамал байлап қойған екен. Біз де салт-дәстүр  кезеңін «Құрсақ шашу» дәстүрін көрсетуден бастадық.  Құрсақта жатқан бала жылы сөз естіп, сезімтал ,мейрімді болсын деп асыл әжелер, абысын-ажын, апалар мен қыз-келіншектер жиналып келін мен бақыттан басы айналған, баланың қадірін білетін, өз туған баласынан немересін артық көретін енеге келіп бар ізгі-ниет, тілектерін айтып, ән салып, ойын сауық өткіздік. Барлық кейіпкерлерді орыс тобының тәрбиешілері, мұғалімдер мен ата-аналар сомдап шықты.

Келін ұялып жерік асын айталмай жүрсе жерігі қанбай қалар, баланың аман-есен дүниеге келуіне кері әсері тиіп жүрер деген күдікпен және де келіннің көңілін көтеріп, өзінің  қуанышын да білдіру мақсатында  енесі «Көңіл ашар» шәйін беретіні туралы да айтып өтілді.

«Бәйтерек» орта тобының тәрбиешілері мен ата-аналары қазақтың алты ауыз әнімен бастап «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті.

Ал, сәбилер тобындағы ең кішкентай бүлдіршініміз                      Қалмен Ернардың әлі де аяғын шалыс басып, нық жүре алмайтынын ескеріп тәрбиешілер мен ата-аналар бірлесе отырып тұсауын кесуді ұйымдастырды. Қалмен Ернардың тұсауын көпке танымал, еңбегі ерең, тойымыздың сыйлы қонағы «Ұстаз нұры» газетінің редакторы, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ануарбек Бейсе ағамызға, сол кісідей көп ішінен топ жарған, атасының ғана емес халының ұлы болсын деген ниетпен тұсауын кестірдік.Баласының тұсауын Ануарбек Бейсе ағамызға кестірген ата-ананың қуанышында шек жоқ, дән риза болды.

Әрине салт – дәстүріміздің тәрбиелік мәні өте тереңде жатыр ғой. Халқымның ұлттық ойындарының да тәрбиелік мән-мағынасы өте зор. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші, бала есін біле не ойнаса, қандай ойын ойнаса өскенде соны кәсіп етпей ме? Сондықтан да ата-бабаларымыз баланың ойынына да көп көңіл бөліп, ойынның шартын түсіндіріп, үйретіп, тәрбиесі мол болсын деген мақсатта бар жағдайды жасап берген. Ұл бала мен қыз баланың ойындарының ара – жігін ажыратып, әр бір қазаққа  бала күнінен-ақ атта дұрыс отыруды, аттың құлағында ойнайтындай етіп үйретіп, жаттықтырған.

Біз, ұл балаларға тән ұлттық ойындардың шарты мен тәртібін түсіндіріп, ол ойынды ойнатудағы тәрбиелік мәні туралы түсінік беріп, жарыстырып ойнаттық.

Мысалы, «Арқан тарту» ойыны екі топқа бөлінген ұл  балалардың тек күштерін сынап қоймай , оларды табандылыққа, намысты қолдан бермес тәккәппарлыққа , қайсарлыққа , ептілікке тәрбиелеу болса, «қай сандықтың алтыны көп, қай баланың ақылы көп» деген сөздермен балалардың қызығушылығын арттыру арқылы  «Ақ сандық, көк сандық» ұлттық ойынын ойнаттық.Бұл ойын ұл балаларды қарсыласы қанша ауыр болса да ұзақ көтеріп тұру арқылы төзімділікке , шыдамдылыққа  тәрбиелейді.. Тағы бір өткізген ұлттық ойынымыз «Қыз қуу» . Бұл ойында ұл балалар мен қыз балалар ат үстінде / жасанды ат/ құламай, сүрінбей, жылдам жарысады.Яғни, ат үстіндегі қыздар жарыса қашады, ал ұл балалар қуып жетуі тиіс. Ұлдарды жеткізбеймін, жәйден-жәй намысты қолдан бермеймін деген қыздардың талпынысы мен қызды қуып жете алмасам қалай ертең жігітпін дей аламын  деп намыстанған ұл балалардың бойындағы жігерлілік пен талпыныс, намысшылдықты көргеннің өзі бір ғанибет болды.

Бүгінгі бүлдіршіндерімізді елімнің ертеңі, болашағы екеніне, ертеңгі елімнің президенті, ел  даңқын шығарып, намысын қорғар спортшы , ержүрек  ұшқыш, саясаткер, білімді ұстаз, ұлы ғалым т.б. шығатынына, елі үшін адал қызмет етіп, Қазақстан азаматтары  болатынына  күмәнім жоқ

 

Бойымды бір бақыт сезімі билегендей әсерде болдым.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.