Ертегі: «Нан қайдан шығады?» (Көркем әдебиет. Хрестоматия)

 

«» ортаңғы   тобында ұйымдастырылған оқу  қызметінің    

                               технологиялық картасы.

 

Өтілетін  күні:

Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу  қызметі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:   Ертегі:   «Нан   қайдан  шығады?» (Көркем  әдебиет.  Хрестоматия)

Мақсаты:   Балаларға  ертегі  желісін түсіндіре отырып, бидайдан  нан  шығатыны  жайында, нан  дастарханға  жеткенше  қаншама еңбек жасалатынын  түсіндіру. Үлкендердің еңбегін  құрметтеп, нанды  ысырап етпеуге, бағалай  білуге  тәрбиелеу..  Күзгі  еңбек  түрлерін атау.

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

І. Шаттық шеңбері.

 «Балалы үй-базар»

Н.Әлімқұлов.

 

2.Ой қозғау. Өлең жолдарын манерлеп оқу

         Нан.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлап,

Торғайларға тастаңдар.

Сұрақ- жауап

Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қимылмен  көрсету.

 

 

Берілген сұраққа  жауап бере білу.

 

 

 

 

 

Біздің үйден ән тарап,

Дұмандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

Ұйымдастыру — іздену

1.       Ой  дамыту

Суретпен  жұмыс.

Нан  туралы  түсінік беру.

— Нан қайдан шығады?

-Бізге жетем дегенше қандай жұмыстар жаслады.

Көрсете отырып түсіндіру.

— Міне осы нан  қаншама  еңбекпен  бізге дайын болып келеді

-Ал біз осы нанды алу үшін не істеуіміз керек?

-Сол үшін қандай бала болып өсуіміз   керек?

 

2.Ой  толғаныс. Ертегі.

 Ертегіні  мәнерлеп  оқу.

— Ертегі желісінен сұрақ-тар қою.

— Ертегі не туралы айтылған?
— Тышқан нанның шыққан жерін неге іздемекші болды?
-Тышқан қайда  келді.

-Ол дүкенге келіп не істеді?

-Күзетші келгенде не істеді?

-Ол не деп ойлады?

-Наннан не деп сұрады?

-Сосын қайда  барды?

-Сатушы  не деді?

-Наубайшы не деді?

-Диірменші  не деп  жауап берді?

-Комбайыншы не деді?

-Тышқан бұл сұрақтарға  не деп жауап берді?

-Ол қайда  кетіп қалды?

-Күзгі еңбек түрлерімен байланыстыру арқылы ертегіні қортындылау.

 

Сабақты  зейін қойып  тыңдау.

 

Қойылған  сұрақтарға толық  жауап  беру.

 

 

Өз ойын  айта  білу

 

 

Еңбек туралы түсіне білу

 

 

 

Ертегіні  қызығушылықпен  тыңдау.

 

Ертегі желісінен қойылған  сұрақтарға өз ойымен жауап  бере білу.

 

 

 

 

Сөздік  жұмыстарды қайталап, мағынасын  түсіну.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

      Сөздік  жұмыс:

Диірмен,  наубайшы, комбайншы, қутың-қутың, шіңкілдеп.

 

Рефлекстік түзету

Нан туралы мақал –мәтелдер.

-Дастарханында  наны жоқтың

Тамағының   сәні жоқ

-.Нан болса, ән де болады.

«Ас атасы — нан».

«Нан бар жерде ән бар».

«Нан — тіршілік көзі».

Мақалдың  мағынасын түсіндіру  арқылы  оқу қызметін аяқтау.

 

Балаларды мадақтау.

 

Мақалдарды қайталау, мағынасын  түсіне  білу.

 

Достарын  бағалау.

 

                                                                  

                          Күтілетін нәтиже:

Білу:  Нан неден жасалады, қалай дайындалатыны туралы  түсініктері

           болу  керек.

Игеру:  Ертегі арқылы нанның  шығу жолдарын,  адамдардың  еңбегі туралы 

           түсініктерді  игереді.

 

Меңгеру: Нанды қадірлеу, тамақтың  адам үшін пайдасын меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.