Жабайы және үй жануарлары.

 

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары.

Мақсаты: 1.Үй және жабайы  жануарларды ажыратып, төлдерінің  атауын атай білу білімдерін бекіту.

2. Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу.

3. Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары», доп, жабайы  және үй жануарлары бар таратпа материал , үйдің ауласы және орман бейнеленген макеттер.

Әдістері :  Таныстыру, салыстыру, сипаттау, түсіндіру, сергіту, дидактикалық ойын, сұрақ-жауаптар.

Сөздік  жұмыс:  жабайы, үй жануарлары.

Билингвальды компонент:  жабайы-дикий, үй жануарлары-домашние животные, тамақ-пища, орман-лес.

 «Ыстық-суық» дидактикалық ойыны:

Шарты: Бір зат алдын ала тығылып қойылады. Тығылған затты балалар «ыстық-суық» сөздері арқылы тауып алулары керек.

Балалар үй жануары мен жабайы жануардын ойыншығын тауып алады.

-Балалар, адамдардың көмегімен өмір сүретін жануарларды қалай атаймыз?

-Ал, орманда өз беттерімен тамақ тауып, өздерін  қорғайтын жануарларды қалай атаймыз?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы және үй жануарлары туралы айтатын боламыз. Сендер үш орталыққа бөлініп отыра қалыңдар.

-Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы неде?

-Қалай ойлайсыңдар үй жануарлары адамдардың қамқорлықтарына, мейірімдеріне, махаббаттарына  қалай жауап береді?

Қане, ойнайық.

Ойын: «Жануарларды ата»

-Жарайсыңдар балалар. Сендер жануарларды жақсы біледі екенсіңдер.

-Енді, жұмбақ жасырып ойнайық. Мен жұмбақты жасырам ал, сендер шешіңдер.

Жұмбақтар.

Қандай жануар қыста ұйқыға кетеді?

Аю, қасқыр, түлкі ме? (Аю)

Суреттен аюды көрсетіп, айтыңдаршы аю қандай? (маймақ, үлкен, күшті, қоңыр)

-Аюдың қалай жүретінін көрсетіңдерші?

-Аю не жейді? (бал, балық, жидек)

 

Ағаштан-ағашқа

Доп сияқты тез секіреді.

Жаңғақтарды жинап ап,

Қысқа азық етеді ол не? (Тиін)

Тиіннің суретін көрсетемін.

-Тиіннің үлпілдек құйрығына назар салыңдаршы. Ол тиіннің секіріп жүруіне көмектеседі. Қалай ойлайсыңдар тиін немен қоректенеді?

(жаңғақпен, шишкамен, саңырауқұлақпен)

 

Барлық аңдардан қу

Үстінде әдемі тоны бар.

Құйрығы өте әдемі,

Оның аты –түлкі.

Түлкінің суретін көрсетемін.

-Түлкіге құйрығы аңшылардан, иттерден іздерін сыпырып  жасыру үшін керек. Ол өте қу.

-Балалар, сендер қу түлкі туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

(Бауырсақ, қасқыр мен түлкі, Түлкі мен тырна).

Түлкінің терісіне назар аударыңдаршы. Адамдар түлкіден не алады?

 

Қыста ақ, жазда сұр

Ол не? (Қоян)

Сұр қоянның суретін көрсетемін. –Қандай қоян? (үлпілдек, сұр, кішкентай, қорқақ).

Ақ қоянның суретін көрсетемін.

-Қандай қоян? (кішкентай, қорқақ, үлпілдек, ақ)

-Қоянның ақ терісі оған қыста…. (жасырынуына көмектеседі)

-Қоян құсап секіріп көріңдерші?

-Қоян өзінің жауынан қалай тығылады?

-Қоян нені жақсы көреді? (сәбізді, қырыққабатты, ағаштың қабығын)

-Аю мен қоян нелерімен ұқсайды? (бас, аяқ, құйрығы, аузы, мұрны, құлағы)

-Айырмашылықтары не?

(Аю үлкен-ал, қоян кішкентай, аю балды, жидектерді, балықты жақсы көреді, ал қоян ағаштың қабығын, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. Аю қыста ұйықтайды, ал қоян жоқ. Аю ағаштарға шыға алады, ал қоян шыға алмайды).

Өзі ойнағанды жақсы көреді,

Үйге келіп мяулап,

Сүт сұрайды. (Мысық)

-Балалар, айтыңдаршы мысық жабайы ма, жоқ үй жануары ма?

-Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Алдарындағы өздеріңе ұнайтын  үй жануарларын және олардың төлдерін алып шығайық.

Балалар тақтаға бір-бір жануарларды алып шығып, айтып береді.

-Бізге бүгін қонаққа жабайы және үй жануарлары келіпті. Сендер оларды таныдыңдар ма?

Ойын: «Жануарлардың төлдерін ата»

Шарты: Балалар жануарлардың төлдерін енелерінің қасына қоюлары керек. Оларды атап, үй немесе жабайы жануар екенін табулары керек.

Сергіту сәті:

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Аю қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Аю былай жүреді, аю былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қоян қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Қоян былай жүреді, қоян былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Қасқыр  былай жүреді, қасқыр былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Түлкі  қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Түлкі  былай жүреді, түлкі былай жүреді.

Жабайы жануарлар қайда тұрады?

Тағы да жануарлар қайда тұрады?

Балалардың шығармашылық жұмыстары.

1-орталық: «Ақ қоянның үстін мақтамен жауып шық»

2-орталық: «Қойдың үстіне қағазбен бұйра жүндер жапсыру »

3-орталық: «Қой мен қозы бояу»

-Жануарлар қайда тұрады? (орманда және адамдардың үйінің ауласында)

-Орманда тұратын жануарларды қалай атаймыз?

-Оларды атаңдар?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет! Барлықтарыңда өте тамаша қатыстыңдар.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.