«Жеміс-жидек бағына саяхат»

Аристамбаева Е.

 

Мақсаты:  Қоршаған орта деген көзқарасын кеңітіп,табиғатты  сүюге,қамқор  болуға үйрету.Таным белсенділігін арттыру. Күз мезгілін ерекшеліктерін ұғындыру, күз байлығы  әсемдікті,сұлулықты сезіне білуге, сұраққа жауап беруге үйрету.Балалардың  ойларын жүйелі,анық жеткізе алуға үйрету.

Шаттық шеңбері:Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды(күн шығады)

Олай болса балалар күнге қарап амандасайық.

                        —Күніміз жарық болсын

-Аспанымыз ашық болсын

— Еліміз аман болсын!

Д/О:»Күзде не болады?» Қимыл әрекетпен көрсету

  • Жапырақтар сарғаяды,қурайды, жерге түседі (ш-ш-ш-ш)
  • Жел болады (у-у-у-у)
  • Жаңбыр жауады  (тырс-тырс-тырс)
  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, (қолдарын жайып құстай орындарына отырады)

Сұрақ-жауап:

-Күзде нелер піседі?

-Қандай көкөністерді-жемістерді білесіңдер? Атаңдар!

 « Жұмбақтар еліне» саяхат. Балаларға жеміс-жидектер туруалы жұмбақтар беріледі.

 -Сиқырлы әуен ойналады

                 Балалар:-Кәне,кәне айтайық

Баққа барып қайтайық (бау бақшада балаларды әже қарсы алады, балалар амандасады)

 Д/о:»Әжеге көмектесейік: жерде не өседі-ағашта не өседі?

1 Ағаштағы жемістердің арасынан  көкөністерді тауып.атап жерге қою.

2 Жемістерді себетке жинау

Тақпақтар: Бастарына алма, алмұрт, жүзім, шие атрибуттарын киген балалар тақпақ айтады.

Сергіту сәті: Атамның алып күрегін

Бақшаны қопарып беремін

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін

Бау бақшаны күтемін

Арам шөпті жұламын.

Д/о «Суретшінің қатесін тап» (суретші жеміс-көкөніс түстерін өзгертіп жіберген, картоп –қызыл түсті)

«Әжеге сыйлық» мөр басу әдістемесімен әжеге әр түрлі көкөністер сыйға тартады (ұжымдық жұмыс)

Әжемен қоштасады,әже балаларға жемістерден жасалған шырын береді.

Әуен ойналады,сиқырлы сөз айтады

                                              Кәне ,кәне айтайық

Балабақшаға қайтайық.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.