Жеті түсті гүл

Исаханова Айзада Абаевна

Кіріктірілген оқу қызметі

Білім беру саласы: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ, сауат ашу.

Мақсаты: әріптер мен дыбыстар, сөз және сөйлем, 1−ден 20−ға дейінгі сандар, салмақ туралы білімдерін кеңейту. Интеллектуалдық ойындар арқылы ойлау және танымдық қабілеттері мен тілін дамыту. Жылдам әрі дұрыс жауап беруге үйрету. Топтық жұмыс жасауға, бір –бірін тыңдай білуге тәрбиеу.

Әдіс –тәсілдері: түсіндіру, көрсету, ойын.

Көрнекіліктері: барабан, тапсырмалар, интерактивті тақта, планшет.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық  дайындық.

Тәрбиеші: балалар бүгін біз төрт топқа бөлініп, команда болып жарысамыз.

(Балалар төрт топқа бөлініп, өз топтарын таныстырады.Ортаға гүл келтесі ұшып келеді.)

Тәрбиеші: оооо, бұл гүл ғой!

(сыйқырлы тақта қосылып, одан жылаған дауыс шығады.)

Тәрбиеші: сәлем! Сен кімсің?

Қыз: сәлеметсіз бе! Сәлем , балалар! Мен «Жеті түсті гүл» ертегісіндегі Женямын. Мен сыйқырлы гүлімді жоғалтып алдым. Ол Астана қаласындағы «Мерей» балабақшасында түсіп қалыпты. (жылайды).

Балалар: жылама. Ол гүл бізде.

Тәрбиеші: ия, біз «Мерей» балабақшасынанбыз. Сенің іздеген гүлін мынау болар.

Қыз: ия. Бұл менің гүлім ғой.

Тәрбиеші: саған қалай қайтарамыз.

Қыз: Гүлдің жеті күлтесінде жеті тапсыма бар. Соны дұрыс орындасаңдар гүлді маған қайтара аласыңдар. Маған гүл сондай керек. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар , терезе қайта ашылады.

Тәрбиеші: балалар бүгін біз «Жеті түсті гүл» ертегісіндегі сыйқырлы гүл бізге ұшып келіпті.Осы гүлдің әр күлтесін дегі тапсырмаларды шешуіміз керек екен. Сонда Женяға қайта қайтара аламыз. Шешуге дайынбызба?

Балалар: иә, дайынбыз.

Тәрбиеші: қай топ бірінші , екінші, үшінші , төртінші болып барабанды айналдыру керек екенін «Тас, қайшы, құдық» ойыны арқылы табайық.

Ойын: «Тас, құдық, қайшы»

Тәрбиеші: Қай топ бірінші айналдыру керек екенін белгіледік. Олай болса , барабанды айналдыруды бастайық.

Барабанды айналдырады. Шыққан сандар бойынша экраннан тапсырмалар ашылады. (2579121618).

Тәрбиеші: 2 санына тоқтады. Екі санын ашайық. Бұл санда мынадай тапсырма бар екен.

2−бірінші айналым: адасқан әріптер.

Шарты: адасқан әріптерден сөз құрастыр.

Тәрбиеші:  екінші топтан бір бала келіп айналдырады. Ашылған сан 5.

5−екінші айналым: қай әріп көп кездесті.

Шарты: сурет бойынша  заттың атауын  ата. Қай әріп көп кездесті.

Тәрбиеші: жарайсыңдар. Дұрыс орындаған топтарға өз ұпайларын беремін. Келесі топтан бір бала шығып барабанды айналдырамыз.

7−үшінші айналым: дыбыстық талдау жаса.

Шарты: берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

Тәрбиеші: қай топ жылдам аяқтады. Қарайық.

Балалар тақтада орындалған тапсырманы тексереді.

Тәрбиеші: келесі тапсырманы ашайық.

9−төртінші айналым: алма пісті.

Шарты: берілген уақытта алма ағашына жемісті орналастыр.

Тәрбиеші: балалар ептілігін көрсетті. Енді мен сендерге ұпайларыңды беремін. Келесі гүл келтесін жинау үшін барабанды тағы айналдырайық.

Барбанды айналдырады.

12−бесінші айналым: санның құрамы.

Шарты: берілген санның құрамын  есепті шығару арқылы табамыз.

Тәрбиеші: орындаған тапсырмаларымызды бір – бірімізбен алмасып, тексерейік. Бағаны өзіміз берейік.

Балалар өзара тапсырмаларын алмасып тексеріп, бағаларын береді.

Тәрбиеші: барабанды айналдырайық.

16−алтыншы айналым: ауыр –жеңіл.

Шарты: таразы арқылы заттың салмағын табамыз.

Тәрбиеші:  гүлдің соңғы күлтесі қалды. Бізде соңғы тапсырма қалды. Ашып көреміз бе?

Балалар: иә.

18−жетінші айналым: пішіндерді атап, бейнені құрастыр.

Шарты: берілген пішіндерден бейнені құрастырып, атауын ата.

Тәрбиеші: балалар қараңдар. Бізде гүл толық құрастырылды.

Балалар: алақай!

(Сыйқырлы тақта ашылады.)

Қыз: алақай! Мен сендермен қайта жүздестім.

Балалар: біз барлық тапсырмаларды орындадық.

Қыз: Рахмет! Гүлді сыйқырлы сандыққа салыңдар. Сонда маған  келеді.

(Балалар гүлді сандыққа салады.Қыз гүлді қағып алады.)

Қыз: Рахмет! Менің сендерге сыйым бар.Сау  болыңдар!

Балалар: сау бол!

(Сыйлық келеді.)

Тәрбиеші: балалар, бүгінгі оқу қызметінде не болды? Қандай тапсырмаларды орындадық?

(Балалар өз жауаптарын айтады.)

Тәрбиеші: сендерге оқу қызметі ұнады ма? Мына белгілер арқылы өзімізді бағалаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: дыбыстық талдауды, сан құрамын, пішіндерді.

Түсінеді: әріптерден сөз құрастыруды, салыстыруды, сан құрамын анықтауды.

Меңгереді: топпен жұмыс жасауды, интеллектуалдық ойындарды.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.