Заттық дамытушы орта

Макишева Жанат

ҚР МЖББ стандартына сай «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» білім беру бағдарламаларының талаптары мен нақты ерекшеліктеріне сәйкес және білім беру саласы бойынша мектепке дейінгілердің толыққанды дамуына жағдай жасау.

 

Міндеттері:

1.Жайлы әсерленгіш атмосфера құру.

2.Физикалық даму үшін жағдай жасау.

3.Өзіндік айту шығармашылығы үшін жағдай жасау

4.Баланың танымдық белсенділігін айқындау үшін жағдай жасау

5.Музыка,кітап иллюстрациялары,живопис,сәндік-қолданбалы өнер бұйымы, табиғаттың әсемдігіне балалардың көңілін аудару,пайымдау мен қабылдау үшін жағымды жағдай жасау.

6.Топ өміріне ата-аналар қатысу үшін жағдай жасау.

 

 

 

 

Заттық –дамытушы ортаны ұйымдастырудың қағидалары.

 

1.Тілдік қызмет,ұйымдастырушылық,ынталандыру,дамытушы орта орындауы қажет;

2.Гендрлік ықпал;

3.Балалардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

4.Қайта жаңарту үшін орта ашу;

5.Өмірқауіпсіздігі;

6.Ақпараттандырушылық

7.Варианттық;

8.Тұрақтылық;

9.Ортаға сұлулық-тартымдылық пен жарықтық;

10.Ортаның жабдықталуы;

 

Заттық-дамытушы ортаның компоненттері

 

1.Әлеуметтік-коммуникативтік дамыту

2.Физикалық

3.Көркемділік сұлулықты дамыту

4.Танымдық дамыту.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы құқықтық нормативті базаның жұмыс істеуі.

 

1.Біздің елімізде балабақшада мүмкіндігінше әр балаға туғаннан бастап білім беруге құқылы.

  1. «Стратегия Қазақстан-2050», «Нұрлы жол»2014ж. Қазақстан халқына Жолдауында Н.А.Назарбаев «Қандай болмасын барлық елде, Қазақстанда міндетті түрде мектепке дейінгі білім беру жаңа әдіске өтеді.біз отандық білім беру жүйесінде инновациялық әдістерді қарқындылықпен ендіруіміз қажет …» деген.

3.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды сапалы ұйымдастыруда «Балапан» бағдарламасын 2020 ж ұзартылды.

Толық және жан-жақты дамыған,балалардың психикалық дәне физикалық денсаулықтарын нығайту және қорғау,қазірлі мектепке дейінгі педагогика ғылымы мен практикасы тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі міндеттерді гуманизациялау маңызды.

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысын сәйкес аталған міндеттерді қазіргі талапқа сай заттық-дамытушы орта құрмай шешу мүмкін емес.

Заттық –дамытушы орта-бұл баланың іс-әрекетінің материалдық жүйесі,олардың рухани және физикалық дамуының функционалдық мазмұны.

Заттық-дамытушы ортаны құру компоненттерінің қажеттігі, басқа да білім беру ұйымдарынан өзгешілігі,мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үрдістердің ерекшелігі. Мектепке дейінгі педагогика-бұл МДҰ педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориясы мен жеке бағыттары.педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда міндетті түрде аталған мәселеге,яғни көрсетілген талаптары мен айқындалған зоналарға жеткілікті көңіл бөлу.стандарт талаптарына сай негізгі білім беру бағдарламалары мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру салаларында( «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік») тәрбиеленушілеріне жекебас ерекшеліктері мен жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкестігі.

Білім беру бағдарламаларын шешу міндеттері бала мен ересектердің бірлескен іс-әрекеттерін ғана қарастыруға болмайды,балалардың шығармашылық іс-әрекеттерін,сонымен қатар,күн тәртібін жүргізу барысында қарастырған жөн.

Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаны ұйымдастыру стандарт құрылымына қарай,әр баланың жеке дара дамуына, олардың бейімділігі,қызығушылығы,белсенділік деңгейлерінің тиімділігі қажет.Бұл үшін заттық ортаның элементтерін сондай-ақ,балаға эмоционалдық,қозғалыс іс-әрекеті,танып білуге қатысты жағдай жасауды байыту қажет.

 

 

 

Дамытушы- заттық орта жорамалдайды:ойын алаңы

 

 

. жалғыздық алаңы;

. қазіргі таңдағы ойыншықтар;

. дамытушы ойыншықтар;

. демонстрациялық және дидактикалық материалдар;

. нәтижелі іс-әрекеттер үшін материалдар;

. шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар,

. зерттеу жүргізу бұрышы,

. табиғат бұрышы;

. логопед бұрышы;

. дыбысхана, бейнетаспалар.

 

Үйлесімді жағдай құру

 

1.Баланың жекебасы мен оның отбасының сауалына бағытталғандығын,білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде вариативтік бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету.

2.Мектепке дейінгі ұйымдарды міндетті түрде материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.

Мария Монтесори,Step by step,ТРИЗ.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.