Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.Жоғарыда,төменде.сол жағында,оң жағында. Шаршы,тіктөртбұрыш. Жыл мезгілдері (көктем,жаз,күз, қыс).

Тасимова Сания Сапаровна

Мақсаты: Балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Үйрету:Балаларға жоғарыда – төменде,оң жағында,сол жағында,астында ұғымын үйрету.
Дамыту: Балалардың ой өрісін,ойлау қабілетін,математикалық тілін дамыту.
Тәрбиелеу:Балаларды ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа, татулыққа өз ойын жеткізе білуге,ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: Жоғары-вверх,төмен-вниз.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, жолақша, алма, алмұрт,күнбағыс, саңырауқұлақ суреттері,белсенділік орталықтары.
Сөздік жұмыс: Жоғарыда, төменде
Әдіс-тәсіл: Көрсету , түсіндіру, сұрақ-жауап, қорытынды
Сәлемдесу
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!Good morning! (гудмонинг)

Шаттық шеңбері:
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қолымыздан ұстап біз,
Ақ тілекті жолдайық.
Айналада тыныштық,
Әрбір атқан күн ыстық.
Қайырлы күн,қонақтар!
Қайырлы күн,достарым

1Логикалық тапсырма “Кім тапқыр”

1)Табақта бір алма,
Қолымда екі алма.
Барлығын қосқанда,
Шығады неше алма

2)Үш  алмұрттын біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады

3)Ақ балапан,
Сары балапан.
Шұбар балапан,
Қара балапан.
Барлығы неше балапан

4)Ағашта екі торғай бар еді,
Оның біреуі ұшып кетті.
Ағашта неше торғай қалды?
Сұрақ-жауап 

-Балалар,біз геометриялық пішіндерді ажыратып білеміз ба?
-Біз қандай пішін көріп тұрмыз?

-Шаршының неше қабырғасы,неше бұрышы болады?

-Шаршыға нелер ұқсайды?

Тіктөртбұрыштың неше бұрышы,неше қабырғасы болады?

-Тіктөрбұрышқа нелер ұқсайды?

-Жылдың неше мезгілі болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Айлардың аттарын атайықшы

Балалар бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды,
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Тақтамен жұмыс:

Белсенділік орталықтарымен жұмыс

Әдебиет орталығында: көктем мезгіліне байланысты сурет бойынша пішіндерге ұқсас заттарды табамыз.

Өнер орталығында:күз мезгіліне байланысты баспананы жапсырып үйренеміз.

Құм және су орталығында:жаз мезгіліне байланысты желкенді қайық жасаймыз.

Үстел үсті ойын орталығында:Сүлгіден қыс мезгіліне байланысты  қар жасап үйренеміз.

Құрылыс орталығында:кубиктерден гараж жасаймыз

Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп,
Шыр айналып тұрайық
Қолды аспанға созайық,
Түзеу болып тұрайық
Бір-біріне қосқанда
Үш бұрышты құрайық

Математикалық жұмбақтар шешеміз.

1)Бір кәмпит берді анасы,

«Аз» деп тұр оны баласы.

Екеуін тағы беріп еді

Нешеу болды ойланшы.

2)Далада жүр төрт түйе

Қосылды тағы бір түйе

Жалпы саны түйенің

Болды неше есепте?

2Логикалық тапсырма:

Жоғарыда бірнеше ара  ұшып жүр, төменде бір ара жүр.

-Бір ара қайда жүр?

-Көп аралар қайда ұшып жүр ?

Қорытынды

-Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау.
  Күтілетін нәтиже:

Қолынан келді: Заттарды сандармен сәйкестендіре алды.

Білуі қажет:Математикалық көлемдерді ,жоғары-төмен, оң жақ, сол жақ ұғымдарын білуі.

Болу керек: Зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.