Күзгі ағаш

Әмірханова Сұлушаш Сансызбайқызы

Мақсаты: 

  1. Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
  2. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескерту. Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар. Қажетті құрал-жабдықтар:Тақырыптық мазмұнды суреттер,күз мезгілі туралы видеоролик, орталық жұмыстарының дайын үлгілері,сиқырлы микрофон.

Билингвалды компанент: күз-осень, ағаш-дерево,жаңбыр-дожьд.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Топ іші күзгі табиғатқа сай безендірілген.Топ ішіне қонақтар кіреді,балалар үш тілде амандасып,орындарына отырады.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Күн шуағын таратты

Қайырлы күн достарым

Қайырлы күн қайырлы!

— Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.

Жұмбақ:

Бұлттар төніп,жерге төгіліп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады

Ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

(Күз)

-Дұрыс,күз мезгілі.

Балалар,айтыңдаршы күз жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?- Сонымен қатар,күз мезгілі балалардың сүйікті  көкөністері мен жемістері пісетін мезгілі.Күз мезгілінде адамдар қалай киінеді?

Бүгін мен сендерге «Мерекелі, берекелі келді алтын күз» атты сурет арқылы әңгіме құрауды ұсынамын.-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?

-Ауа-райы қандай?

Жарайсыңдар!

Видеоролик (күз мезгілі)

Ғажайып сәт

Кенеттен  сыбызғы дыбысы естіліп, топқа есік артынан құмыра пайда болады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біздің топта құмыра пайда болды. Бұл құмырада кім жасырынуы мүмкін?

(құмыра ішінен Алладин шығады)

Алладин: (жан-жағына аң-таң болып қарап) Сәлеметіңдер ме балалар?!

Тәрбиеші: Қош келдің Алладин:Бізге қонаққа келгеніңізге қуаныштымыз.

Алладин: Менде қуанып тұрмын. Балаларға арнап білімдерін тексеру үшін түрлі тапсырмалар алып келдім және сол тапсырмаларды жақсы, дұрыс орындаған балаларға сыйлығымды ұмытпадым.Олай болса балалар,менің қолымдағы жапырақ түстерін үш тілде атап беріңдерші? Жарайсыңдар балалар!Енді таңдаған жапырағымыздың түсімен орталықтарға бөлініп тапсырмаларды орындауға келісесіңдерме?

Тәрбиеші: тапсырмаларды орындамас бұрын алдымен бір серігіп алайық!

Сергіту сәті

(көңілді жаңбыр өлеңі 3 тілде)

1)Өнер орталықта балалардың саусақ моторикасын дамыта отырып күзгі ағаш бейнесін жасауды ұсынамын.

2)Үстел үсті орталығында ойлау қабілеті мен қол моторикасын дамыта отырып, қалам қалдығынан күзгі ағашты безендіруді ұсынамын.

3)орталықта дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып, өрік дәні көмегімен күзгі ағашты безендіруді ұсынамын.

  

 

 

 

 

 

Топқа кірген қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге орындайды.

 

 

 

 

 

Жұмбақты дұрыс шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

 

 

Суретті толық суреттеп айтады.

 

 

 

Алладинмен  амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алладин қолындағы жапырақтарды үш тілде атайды.

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындауға келісетіндерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін іс-әрекетпен орындайды.

 

Орталықтарды жұмыстарды өз ретімен толық орындап шығады.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетушілік «Сиқырлы микрофон»

ойыны

Балалар бүгінгі  ұйымдастырылған ашық оқу қызметі не туралы болды?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Нені білу керек: Күз мезгіліндегі ағаш бейнесін.

Нені игерді: Қалдық заттардан күзгі ағаш  бейнесін жапсыра  алады.

Нені біледі: Жұмысты ретімен, тиянақты орындау керектігін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.