«Көктем құстары»

Тәрбиеші: Кадирова Гүлмира

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: «Көктем құстары»

Мақсаты: Заттардың санын салыстыра үйрету,заттардың тең болу және тең болмау ұғымдарын таныстыру

Балалардың құстар мен ағаштарға қатысты (тең,тең емес,артық,кем)ұғымдарын кеңейту

Ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту,жалпы және қол қимылдарын жаттықтыру

Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекіліктер: құстардың дауыстары(фонограмма) құстардың суреттері, флипчарт таратпалар,фребль,сиқырлы сегіздік элементтері

Әдістері: таныстыру,көрсету,үйрету,сергіту,дидактикалық ойын,сұрақтар-жауаптар

Сөздік жұмысы: тең,тең емес

Билингвальды компонент: құс-птица,көктем-весна

Шаттық шеңбері:

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Қонақтарды көргенде

Қуана қарсы аламыз

(Үш тілде сәлемдесу)

Негізгі бөлім.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болды?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Қазір көктем мезгілінің қай айы?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Көктем мезгілінде көктейтін гүлдің аты қандай?

(Балалардан толық жауап алынады).

Ғажайып сәт.

Есік қағылады,ішке Дымбылмес келеді

-Сәлеметсіздерме балалар, балалар мен сендермен бірге оқығым келеді,бәрін білгім келеді?

-Дымбілмес,біздің балалар өте ақылды,білімді. Олар сенімен бөлісуге,саған көмектесуге дайын.

-Балалар,менің қолымда тапсырмалар бар,соны бірге орындайықшы.

Тақтамен жұмыс. Флипчарт

1) Кешен №55

Дидактикалық ойын «Тез ойлан»

Мақсаты:

Биік-аласа ағаштар,үйлер. Биік ағашқа,аласа ағашқа құс қондырамыз,енді салыстырамыз,ағаштарды санаймыз,құстарды санаймыз.

  1. Кешен №56

Дидактикалық ойын «Досқа көмектесеміз»

Мақсаты:

Кірпіге батпақтан өтуге көмектесеміз. Цифрларды реті бойынша қосамыз.

  1. Ал енді балалар үшінші тапсырма бойынша тақтадағы суретке қараймыз

Кешен №57

Дидактикалық ойын «Пішіндерді жина»

Мақсаты:

Геометриалық пішіндерді жинап, гномдарға көмектесіп, қораптарға салу.

Сергіту сәті:(легомен жұмыс)

Балалар,енді ортаға шығып сергіту сәтін жасаймыз,үш топқа бөлініп құрастырғыштар арқылы ретімен сандарды қойып,өз тобымыздың атауын табамыз.

  1. Кешен №58

Дидактикалық ойын «Тәулік бөліктерін ата»

Мақсаты:

Тәулік бөліктерін атау.

  1. Балалар біздің келесі тапсырмамыз сурет оқу қызметіне байланысты болады. Тақтадағы берілген суреттердің ненің суреті екенін айтып, суретті аяқтап және бояймыз

Кешен №59.

Мақсаты: суретті аяқтап бояу.

  1. Кешен №60

«Сиқырлы сегіздік ойыны» арқылы сандарды жазамыз және атаймыз

Мақсаты:

Сандарды тура , кері санау.

Дымбілмес балалармен жасаған жұмыстарына риза болып балалармен қоштасады.

Қорытынды:Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып,қорытынды жасалады,жақсы араласқан балаларды мадақтап,бағалаймын.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:заттарды тура кері санауды.

Түсінеді:кеңістікті бағдарлауды.

Қолданады:тең, тең емес ұғымдарды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.