Мақтақыз бен мысық

Тақырыбы: «Мақта қыз бен  мысық»

 Мақсаты: Балалардың  ақыл  ой  белсенділігін  арттыру.  Логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  сөздік  қорын  молайту.  Балалардың  байқампаздығын,  практикалық  іс-әрекетін  дамыту.  Шығармашылықпен  бірлесес  отырып   жұмыс  істеуге  ықпал  ету.  Баланың  білімге  деген  құштарлығын  арттыру.  Балаларды   ауыз  біршілікке,   ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 Қажетті құралдар:  «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

 Шаттық шеңбері:

 Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрб:  Жарайсыңдар, балалар мен сендерге бүгінгі күндеріне сәттілік тілеймін.

Тосын сый: Есік қағылып топқа мақта қызбен мысық кіреді.  Қонақтармен амандасу.

Тәрбиеші: Балалар біздің топқа кімдер келді?

Бала/р: Қыз бен мысық.

Тәрб: Бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Бала/р: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері.

Тәрби: Балалар қарандаршы екеуініңде көңіл күйлері жоқ сияқты. Бұларға не болған екен? Сұрап көрейік.

(Мақта қызбен мысықтан болған жағдайды сұрап анықтайды)

Мақта қыз: Мысық менің айтқанымды тыңдамай, қатығымды төгіп тастады. Сол себептен мен оның құйрығын кесіп тастадым. Ол менің шарттарымды орындамайынша мен оның құйрығын қайтармаймын.

(себеттің ішіндегі тапсырмаларды ұсынады)

Мысық:  Балалар меннен де қателік кетті, маған көмек тесесіздерме?

Тәрб: Әрине мысық біздің балалар қайрымды, білімді, ақылды. Қазір-ақ саған көмек тесеміз. Мақта қыз төрлетіңіз, ал мысықжан сен біздің  балаларға қосыл. Тапсырманы бірге орындаймыз.

1-тапсырма Балалар мына жерде жұмбақтар жасырылған екен, қанекей тауып көрейік.  Жұмбақтар:

Мұрны бейне түйме,

Үсті толған ине.  (Кірпі)

Тұмсығында түймесі,

Деп тұрғандай тимеші.

Азулыдан сақтайтын,

Кірпінің көп инесі.

Түсі көмірге ұқсайды,

Аспанда ұшады. (Қарға)

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Өзі қу әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып орманда,

Жүрген жері ду ғой.

Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.(Аю)

(жұмбақтың жауабына байланысты тақпақтар сұрау)

Тәрб: Жарайсыңдар, балалар.  Мақта қыздың екінші тапсырмасы.

«Айырмашылығын тап»   (бейне таспадан берілген суреттерге қарап айырмашылықтарын табу.

 Үшінші тапсырмасы. «Мақтақыздың  киімін тігу»

( Мақта қыздың жыртылған киімдерін жамау арқылы, сәйке геометриялық пішіндерді тауып, түстерін ажыратады)

Төртінші тапсырмасы: 

«Сұрақ — жауап» 
1. Бағдаршамның неше көзі бар? 

  1. Торғайдын неше қанаты бар? 
    3. Суреттегі жұлдыздың неше көзі бар? 
    4. Аспанда неше күн болады? 
    5. Адамда қаншақол бар? 
    6. Бақаның қолында неше гүлбар?   

(сұрақтың жауабына байланысты алдарындағы сандарды көтеріп жауап береді.)

Бесінші тапсырма: 

«Сандарды сурет бойынша орналастыр» 
Доп — 1, алма — 2, сәбіз — 3, саңырауқұлақ — 4, пирамида — 5. 

Алтыншы тапсырма:   Сурет бойынша әңгіме.

Сергіту сәті

Жетінші тапсырма:  «Суретке мұқият қара»

Сегізінші тапсырма: Төлдерін тап.

Д/О «Жабайы аңдарды тап» (балалар мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын. Жабайы аңдарды естігенде қолымызды шапалақтаймыз)

 Тоғызыншы тапсырма: «Салыстыр»

Тәрб: Енді балалар мақта қазға сыйлық жасайық. «Гүл шоғы»  Ұжымдық жұмыс

(Триз әдісімен мақта қызға гүл жасап беру)

Мақта қыз: Жарайсыңдар, балалар. Сендер менің көңілімнен шықтындар. Менің қорапшамда жиналып қалған барлық тапсырмаларымды орындап тастадыңдар. Мысығым сағанда рахмет. Сенің мұндай ақылды, білімді екеніңді білмеппін. Менненде қате кетт,і сенің құйрығынды кесіп тастамауым  керек еді. (Құйрығын қайтарып береді) Гүлдеріне рахмет, жүре ғой мысығым, өзіміздің ертегілер елімізге қайтайық. Сау болыңдар балалар.

Бала/р: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгін сендер үлкен ерлік жасадындар. Бір-біріне қатты ренжіп қалған мақта қыз бен мысықты татуластырып, мақта қыздың барлық шарттарын орындадыңдар. (Сабаққа белсене қатысқан балаларды жұлдызша беріп мадақтау, қортындылау)

Тәрбиеші: Келген қонақтармен қоштасамыз.

Балалар: Сау болыңыздар.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.