Маңғыстауды мекендейтін жәндіктер

Таджикулова Гулайым Нурдаулетовна

Мақсаты: Жәндіктер, оларға тән сипаттық үлгідегі, мінез-құлықтары, тіршілік ету ортасы туралы түсінігін кеңейту. Қоршаған ортаның сұлулығы мен жәндіктер әлеміне деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімділік, құштарлық сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, ойын, көрсету, жұмбақ.

Сөздік жұмыс: Илеу, омарта.

Көрнекі құралдар: Жәндіктер суреттері, араның үйі омарта, құмырсқа илеуі т.б

 

Әрекет  кезеңдері         Тәрбиешінің   іс- әрекеті Балалардың  іс-әрекеті
Мотивациялық-  қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Алақай-ау, алақай!

Жарқыраған жаз келді,

Өлкемізге нәр берді.

Айналамыз жап-жасыл,

Жазбен бірге ән келді.

 

Шаттық шеңберіне тұрады.
Іздену —                     ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар:

Гүлдерге қонады

Шырынын сорады

Түр – түсі сары – ала

Бұл не?

 

Қылдай белі бүгілген

Өзіненде жүгі үлкен.

Ол не?

Әңгіме:

Балалар,  біздің Маңғыстау өлкемізде көптеген жәндіктер тіршілік етеді. Оларға – құмырсқа, көбелек, ара, жатады. Олардың аяқтары, басы, мұртшалары, денесі және іші бар. Олардың аяқтарынның саны 2, 4, 6 болады. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олардың үйі бар, олар қоректенеді, демалады, балалары бар, оларға қамқор болып, аялау керек. Жәндіктерден көп нәрсе үйренуге болады, олар бір-біріне көмектеседі, ұрыспайды – төбелеспейді, әрқайсысы өз міндетін атқарады және олар өте еңбекқор. Құмырсқа – өте еңбекқор жәндік, үйі илеу, топтасып өмір сүреді. Көбелек әдемі жәндік, біз оған сүйсіне қараймыз. Көбелек гүлдердің шырынымен қоректенеді. Ара – жәндік, оның үйін омарта дейміз. Аралар еңбекқор және пайдалы жәндік. Балалар өлкеміздің жәндіктерін қорғап, құрметпен қарауымыз керек.

Сергіту сәті:

Аралармыз ұшамыз,

Гүлден балды жинаймыз.

Қорбаңдаған аю келсе,

Балымызды қорғаймыз.

Өлеңдер жаттату.

Көбелек

Мен – көбелек, көбелек,

Қанатым менің дөңгелек.

Жайнап тұрған ауладағы,

Гүлдерімді көре кет.

Ара

Мен – арамын, арамын,

Гүлдерден балды жинаймын.

Қорбаңдаған аюдан,

Балымды қорғаймын.

«Қиынды суреттер» ойыны

Шарты: Араның, көбелектің, құмырсқаның суреттері 2, 3, 4 бөлікке қиылған. Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

 

 

 

 

 

(Ара)

 

 

 

(Құмырсқа)

 

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

 

 

Рефлексті —             коррекцялаушы Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Балаларды мадақтау. Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі керек: Жұмбақты шеше білуі керек.

Болуы керек: Қиындылардан жәндіктерді құрастыруды игереді.

Қолынан келуі керек: Жәндіктер туралы білді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.