«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқу — тәрбие үдерісінде технологияларды тиімді пайдалану»

 

                                                                          Ақырын жүріп анық бас,

                                                                       Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

                                                                Үйретуден балаға.

Абай

 

         Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала — болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет — қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.         Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан — жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
         Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
         Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі — жан — жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол
жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет? Бізден берілетін тәрбиенің нәтижесі отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет.
Қазіргі білім беру үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды,және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр.Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру.

            Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес .
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.

Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп,арнайы бөлме дайындалып жасақталуда.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып,қиыншылықтарды жеңе білуге,еркін ойлауға тәрбиелейміз.

Итальян педагог-гуманисі (1870-1952). Әлемге әйгілі педагог өзінің тиімді практикалық ісін іс жүзінде асыруда балаларды еркін тәрбиелеу идеясымен ерекшеленеді. Алғаш рет өз жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей-ақ білім мен дағдыларды сондай-ақ жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар тіпті дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алады. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі- әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті, мектептер жұмыс атқарса, солардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

Мақсаты:

 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында

М.Монтессори технологиясын енгізудің  тиімділігі мен ерекшеліктерін көрсету.

Міндеттері:

* Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде М.Монтессори  методикасының  маңыздылығы

* М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары

      М.Монтессори әдістерінің мақсаты, қолданылу ерекшеліктері

      М.Монтессори технологиясы бойынша  дамытушы орталықтардың  жабдықталу ережесі

      М.Монтессори бойынша  баланың өз еркімен өсуіне және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін өсиеттері

      Монтессори әдісінің негізгі ерекшелігі: Дәстүрлі балабақшаларда  бала тұлғасына ерекшелікпен қарау, баланың жеке басын қайталанбайтын тұлға ретінде сыйлау, қоршаған ортаны танудағы өзіндік тәсілдері мен даму жоспарларымен ерекшеленеді.

      Әдісінің негізгі идеясы: Баланың өзін алға талпынуға, дамуға жетелеу, ынталандыру, баланы психологиялық қажеттілігіне сәйкес нақты логикалық қисынды құра білетін, дайын ортаға орналастыру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

      1.М.Монтессори   технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді;

      2. Монтессори- педагог  баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістік ортаны жасайды;

      3. Ата-анамен  байланысты нығайтады;

      4. Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етеді;

      5. Педагог тәрбиешілердің  жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктері қалыптасады.

М Монтессори методикасын  ерте жастан дамытудағы мақсаттары мен ерекшеліктері

— Баланың қоршаған ортаға өзінен-өзі бейімделуі болып табылады. Бала өзінің даму барысында қандай іс-әрекет жасаса да, ол өзі қол жеткізуі керек. Бұл ересектердің (ата-анасы, педагог т.б) бала өміріне қажеті жоқ деген сөз емес, олар балаға қажет кезінде көмекке келуші роль атқарады

 -Баланы  «дұрыс» қоршаған ортаға қалыптастыру

      М.Монтессоридің  көзқарасы бойынша балаға сәйкес қоршаған орта даярлау өте маңызды. Қарап отырсаңыз, барлық заттар: жиһаздар, киім, техника және т.б барлығы да ересектерге арналған, тек балаға емес. Сондықтан М.Монтессори балаға өзіне тән әлемі болуын ұсынады.  Оларға ұнайтын ойыншықтар, кітапшалар, киім, ыдыстар, сүлгі, сабын, тіс щеткасы т.б. Ересектердің көмегінсіз өзі қолданатындай болуы керек. 

   -Баланы өз еркінен тыс жұмыс жасатуға, тіпті ойнатуға, қателігі үшін жазалауға болмайды. Балаға тапсырманы түсіндіргенде өте аз мөлшерде сөйлеуі керек, өйткені бала не жасау керектігін түсінетін жағдайда болады, ал артық сөз өзімен – өзі жұмыс жасауға  кедергі келтіреді.

 М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары

Антропологиялық — баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау;

-Бала дамуының еркіндігі — өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлға тәрбиелеу;

-Назарды шоғырландыру -”назардың поляризациясы” баланың өздігінен жұмыс жасауына  кедергі келтірмеу;

-Арнайы дайындалған оқыту -”әлемге кілт”,өзінің әлем жайлы хаостық ұғымдарын тәртіпке келтіруге және кұрастыруға үйренеді;

-Сензитивтілік — өзінің айналасы туралы толық ұғымды интуициялық сезінуі;

-Шектеу мен тәртіп — баланың тәртіпке деген сезімталдығы;

-Әлеуметтік тәрбиелеумен интеграция — аралас  жастағы балалардың топ болып жұмыс жасауы.

 Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы   дайындалған  қоршаған  ортада жұмыс    жасайды.  Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жа-сауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  әртүр-лі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі.

«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Баланың дамуын жетілдіру мақсатында арнайы дайындалған дамытушы ортамен жабдықталады. Бұл  орта 5 аймаққа бөлінеді:

1.     Күнделікті өмір жаттығулары

2.     Сенсорлық аймақ

3.     Космос аймағы

4.     Математика

5.     Тіл дамыту аймағы

Күнделікті өмір жаттығулары кішкентай балалар үшін ерекше маңызды.Күнделікті өмір жаттығулары аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан.бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді; ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім-кешек жууға және шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға ( көкөністі тазалауға, кесуге, майдалауға) жаңғақ шағуғу, нан кесуге, тіпті аяқ киім тазалауға үйренеді.

Жаттығулардың негізгі мақсаты: баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:

1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.

2.Металды тазалау.

3.Кесілген гүлдерді күту жолдары.

4.Бір сызықтың бойымен жүру.

5.Тыныштандыру жаттығулары.

6.Қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар.

Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю

Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка

Мақсаты:Қозғалыс жүйесін дамыту,қоршаған әлем ішінде тепетендікті

сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады.Мұғалім лейканы қолына алып

жоғары көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қайтадан үстел үстінеқойып, ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құйды.Төгіліп қалған суды сүртіп отыру қажет.

 

Сенсорлық даму аймағында бала  қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (түрлі-түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар, т.б.) сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы), иіс сезу (иістер бар жәшікшелер), дәм сезу (дәм сезу банкашалары), есту сезімін (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу, және есте сақтау қабілетін жаттықтырады. Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі.Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақт өтілуі керек.

 Сабақ 3 құрылымнан тұрады:

1. Көлемін анықтауға арналған материалдар;

2. Бір сызықтың бойымен жүру;

3. Тыныштандыру жаттығулары;

Сабақ балаға өзін-өзі танытуға талпындырады.

1.Көлемін анықтауға арналған материалдар:

Ойынның түрі «Қызғылт башня»

Керекті құралдар: «Қызғыл тбашня» 10 шаршыдан құралады (ауырағаш, қызғылттүс) шаршының мөлшері 1см-ден 10 –смге дейін барады.

Мақсаты: үлкен, кішкентай түсініктері қалыптасады.

Моторикасын дамытады. Жас мөлшері 3 жастағы балалар.

Материалмен жұмыс жасау жолдары:кілемнің үстінде шаршылар шашылып жатады.Тәрбиеші баланың алдына ең үлкен шаршыны қояды,

Ал бала сондай шаршыны сол шаршының үстіне қою керек.

1.Затты дұрыс атауға үйрету.

2.Заттың атына тауып бала сол затты алып келеді.

3.Затты атап жаттығады.

 

Математикалық бейнелер.

Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайту, көбейту мен бөлу амалдарын, түбірге алу, магыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды.

Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен

пішін туралы түсініктері пайда болады.Ойынның аты:«Сылдыр қағаздағы сандар»Керекті құралдар: ағаш кестелер, сылдыр қағазға 0-9-ға дейін сандардың атауларымен таңбаларымен таныстыру.Қол икемділіктерін

дамыту.Жас мөлшері: үш жастағы балалар. Материалмен жасау жолдары: тәрбиеші 13 сандарды үстел үстіне қойып бастырады.Балаға кез-келген санды тандауға рұқсат етіледі.

Сабақ екі санды тандаудан басталады.Бала алдына тәрбиеші санды жазу

кестесін қойып,санның жазылу ережесіне сүйеніп таңбасын түсіреді.

Бала алдымен санды атап, сосын таңбасын жазуға кіріседі. Осылай бірнешет рет қайталанады.

1.Математикалық ұғымдарды тез игереді.

2.Сан және санау жүйесін игереді.

3.Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындайды.

 

Тіл дамыту аймағы.

Балаға тілді алып жүруші ретінде тілін дамытуға арналған тиісті материалдар қажет. Бұл жерде бала өзінің сөздік қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасында сурет салуға, сондай-ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйренеді.

Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар,әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен тсөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді.Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-денастам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді 

 игереді. Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей

жатқан қажеттілігін қанағаттандырады.Сөйлеу қабілетін дамыту үшін

ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы:затты атау,ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б

Ойынның аты: «Қозғалмалы алфавит»

Керекті құралдар:екі жәшікте толық алфавит бойынша штамтық әріптердің бірнеше түрлері салынады.Сылдыр қағаздың көлеміндей

әріптер болуы керек.Дауысты дыбыстар қызыл түспен,ал дауыссыз дыбыстар көгілдір түспен белгіленеді.Екі жәшікте бір жолда жазылғанәріптер салынады.

Мақсаты: әріппен дыбыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Материалмен жұмыс жасау жолдары:Тәрбиеші себетке бірнеше заттарды салады.Мұнда атауларымен жазулары сәйкес болады.Бала затты алып атын атайды,ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әріпін таңдап береді.Бала

сосын қалған әріптерді құрып, сөзді тізіп береді.

1.Дыбыс пен шуды ажыратады

2.Сөздік қоры байиды

3.Сұраққа толық жауап береді.

4.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

 

Космос аймағы.

Бала жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе балалармен жұмыс істегісі келеме, оны да өзі таңдайды.   

Монтессори бір нәрсені талап етті – балаға өз таңдағанын істеуге мүмкіндік беру, оның таңдауына және өз бетімен жұмыс істеуіне бөгет болмау. Сондықтан, Монтессоридің ұраны: «Мұны маған өзіме істеуіме көмектес». Дәл осы себепті сабақтың негізіг уақыты(75%) емін-еркін жұмыс істеуге бөлінеді.Әрбір бала өзі  таңдауға құқылы:

         Материалды

         Онымен жұмыс істеу ұзақтығын

         Материалмен жұмыс істеуді ұйымдастырудың әдісін.

Бұл Монтессори-топтардағы үш еркіндік.   

 Монтессори-топтарда қолданылатын материалдардың тізімі

Баулары бар рамкалар

Қоңыр саты

Қызғылт мұнара

Қызыл зілтемірлер

Қызыл-көк зілтемірлер

Ұршықты қорапшалар

Алтын моншақтар

Геоетриялық денелер

Сипап сезу әсерлерін дамытуға арналған модуль

Қолдың білезік бөлігін дамытуға арналған модуль

Құмда сурет салуға раналған жәшік

КЕдір-бұдырлы кестешелер

Матасы бар жәшік

Конструкциялы үшбқрыштар

Шеңберлер, шаршылар, үшбұрыштар

Шулағыш қорапшалар

Әртүрлі пішінді геометриялық фигуралары пазлдар

Кіргізу үшін жиынтық

Сақиналарды кіргізу

Түймелері бар рамка

Сыдырмасы бар рамка

Кнопкалары бар рамка

Жапсырмалары бар рамка

Белдіктері бар рамка

Банттары бар рамка

Түйрегіштері бар рамка

Кедір-бұдырлы жазба әріптер

Үлкен жылжымалы алфавит

Бұдырлы сандар

Ұршықтар

Сандар мен түймешелер және осындай тағыда көптеген материалдар.

 

Мысалы: Ойын: «Жасырылған ойыншықтар»

Мақсаты: Ішіне әр түрлі ақ , қызыл фасолдар толтырылған ыдыстың ішіне жасырылған кішкентай ойыншықтарды табу.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы және есте сақтау қабілетін дамыту.

 

 

 

 

Ойын: « Қызғылт мұнара».

Мақсаты:Көлемі әртүрлі кесектерден мұнара тұрғызу.

Жанама мақсаты: Көлемді көру арқылы қабылдауды дамыту.Үлкен-кіші деген ұғымдарды енгізу.

 

Ойын: «Түймелі рама».

 

hello_html_5c598846.png

Мақсаты: Түймелерді ағытып және тағып үйрену.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру.

 

Ойын: «Пинцетпен моншақтарды ұстау».

 

Мақсаты: Пинцетпен моншақтарды ұстап ұяшықтарға салу.

Жанама мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйрету.

 

          Ойын: «Жануарлар пазлдары».

Мақсаты: Тақтада орналасқан ат, құс, бақа, тасбақа бейнесін көріп қабылдау. Бейне алып тасталады, соны орнына қайтадан орналастыру.

Жанама мақсаты: Есте сақтауды дамыту және жануарлар туралы түсінік қалыптастыру.

 

 

3-6 жастағы Монтессори-топтардың сабақ кестесі

 

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

8:30

Балаларды қабылдау

Балаларды қабылдау

Балаларды қабылдау

Балаларды қабылдау

Балаларды қабылдау

10:00

Жүгірмелі ойындар

Жүгірмелі ойындар

 Жүгірмелі ойындар

Жүгірмелі ойындар

Жүгірмелі ойындар

10:20

жаттығу

Ерікті жұмыс

жаттығу

Ерікті жұмыс

Жаттығу

10:30

Шеңбер (орыс тілінде)

Ерікті жұмыс

Шеңбер (қазақ тілінде)

Топтардағы сабақ

шығармашылық

11:00

Ерікті жұмыс

Ағылшын тілі

Ерікті жұмыс

Ағылшын тілі

Ерікті жұмыс

12:00

музыка

Ерікті жұмыс

музыка

Ерікті жұмыс

Ерікті жұмыс

12:30

Шеңбер-қоштасу

Шеңбер-қоштасу

Шеңбер-қоштасу

Шеңбер-қоштасу

Шеңбер-қоштасу

12:45

серуендеу

серуендеу

серуендеу

серуендеу

серуендеу

13:20

Түскі ас

Түскі ас

Түскі ас

Түскі ас

Түскі ас

14:00

ұйқы

ұйқы

ұйқы

ұйқы

ұйқы

16:00

полдник

полдник

полдник

полдник

полдник

16:15

Шығармашылық шеберхана

прогулка

Шығармашылық шеберхана

прогулка

прогулка

16:45

серуендеу

Денешын\би

серуендеу

Денешын\би

серуендеу

17:30

Кешкі ас

Кешкі ас

Кешкі ас

Кешкі ас

Кешкі ас

18:00

Ерікті жұмыс

серуендеу

серуендеу

серуендеу

серуендеу

18:30

Үйге қайту

Үйге қайту

Үйге қайту

Үйге қайту

Үйге қайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады

 Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді.Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білімқұмарлыққа баулуы тиіс.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.

Қорытындылай келе,  бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

 

  

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.