Мен тәуелсіз елдің ертеңгі болашағымын

Қаражанова Жанат

Мақсаты: Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю мәдениетімен тілін

білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақта, слайд шоу.

Әдісі: Сайыс түрінде

Жүру барысы: Салтанатты әуен ойналады.

Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер! «Мен  тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы» атты сайысымызға  қош келдіңіздер!

Балабақша қабырғасында тәрбиеленген әрбір жас жеткіншек ел болашағын өркендететін  саналы ұрпақ егеменді еліміздің ертеңгі болашағы.  Қазақстан Республикасының  президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында  ҚР –ның  болашағы Қазақстан жерінде тұратын әр адам  Отанын сүю, мәдениетімен тілін білу, оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.  Осындай мақсатпен «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері арасында  «Мен  тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы» атты сайыс ұйымдастырылып отыр. Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатысатын «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

(Әуенмен сайыскерлер ортаға келіп тұрады)

Сайыскерлермен таныстырып өтейін:

1.Шакизада Дінислам

  1. Қартқожақ Азамат

3.Оразғали Бағлан

4.Тасболат Бектас

5.Орналыұлы Олжас

Жүргізуші:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төрінде,

Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін ат терлетер  шабыстырып

Әділетті қолдайтын баға берер

Жіберейін қазыларды таныстырып.

Жүргізуші: Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

  1. Балабақша психологы: Нұралы Зина апай.

2.Балабақшамыздың музыка жетекшісі: Қосжанова Гүлмира

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне байланысты 4-5 ұпайлармен бағаланады. Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1 кезең: ”Мен қазақтың ұлымын “(Таныстыру)

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар,

Жауабын таба ма екен сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақта бар.

2 кезең: “Бәйге” (Сұрақ-жауап)

1.Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?

3.ҚР –ның туында қандай сурет бейнеленген?

  1. Біздің ұлтымыз қандай?
  2. Қандай Республикада тұрасың?

Бұл бөлімде сайыскерлер шарды жарып, ішінен шыққан сұраққа тез жауап берулері керек.

Жүргізуші:

Білім оймен арымыз,

Рухани нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз –деп

3 кезең: “Талантты болу тәңірден”

(Патриоттық ән, тақпақтар)

Жүргізуші:

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түспей жарыспай

Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай деп келесі кезекте

4 кезең:  “Өнерлінің өрісі кең” (Қолөнер) тамашалайық.

5 кезең:  “Әскери киім үлгісі” (қорғаныс плашын кию)

Жүргізуші:

Ұлы елдің әлпештегені ұланымыз,

Сол елге лайық болу ұранымыз

Сайларда сыңғыр қағып аға тұғын

Сарқылмас сан дауысты бұлағымыз.

Құлпырған елімізідің ұл-қызымыз

Әзірге маңдайдағы құндызымыз.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз- деп ортаға Тәуелсіз елдің ертеңгі  болашақ ұландарымызды қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші:

Кімдер күшті кім алып,

Күш сынасып бағалық –деп кезекті  гір көтеруге береміз.

6-кезең: «Шынықсаң шымыр боларсың» (Гір көтеру)

Міне, сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Әділқазылар шешімі дайын болғанша балаларға ойын ойнатамыз.

Ойын: «Кім жылдам?»

Жүргізуші:

Келді міне бүгін  сын алуға,

Сын алып, үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

 

Әділқазылар өз ойларын білдіру үшін сөз кезегін  береміз.

Міне осылайша «Мен  тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы» атты сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.