Наурыз — жыл басы

Рахимжанова Айнур Меделхановна

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ұлттық салт-дәстүрді үйрете отырып, тілдік қорын, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды қазақың ұлттық мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне слайд, асықтар.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Биллингвальдық компонент: Наурыз – март, көктем – весна,мейрам – праздник.

Шаттық шеңбері:Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші:— Балалар, бір жылда қанша жыл мезгілі бар?

Балалар:— Төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші:— қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:— Көктем мезгілі.

Тәрбиеші:— Көктем айларын атап беріңдерші?

Балалар:— Наурыз, сәуір мамыр.

Тәрбиеші:-Ал, көктемде күн қандай болады?

Балалар: — Көктемде қар еріп, күн жылынады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдер өсіп шыға бастайды.

Тәрбиеші: — Біз қандай мерекені атап өттік?

Балалар:— Аналар мерекесін.

Тәрбиеші: Иә, Наурыз айында  ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланады. Ата- бабамыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күні барлық салт-дәстүрлер көрсетіледі. Салт-дәстүрлерге мыналар жатады: бесікке салу, тұсау кесу, ат қою, шілдехана т.б. Қазақтың ұлттық ойындарына: қыз қуу, асық ату, көкпар, аударыспақ, күрес, арқан тарту т.б.

Наурыз мерекесінде дастарханымыз ұлттық тағамдарға толады. Әжелеріміз жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіреді.Олай болса мен сендерге  наурыз мерекесіне байланысты жұмбақтар жасырамын.

 

Алға жайып тұз дәмін,

Келтіреді үй сәнін.  (Дастархан)

Төрт бұрышты,

Бір ауызды.   (Сандық)

Сергіту сәті:

Қане,қане тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Оңға,солға бұрылып,

Арқандарды тартайық.

Тәрбиеші: — Наурыз туралы кім тақпақ біледі?

 

 

Ойын: «Ханталапай»

 

Тәрбиеші:Мен сендерге ойынның шартын түсіндіремін. Мына үлкен асық бұл ерекше асық (сақа). Бұл хан болады. Ал кішкентай асықтар уәзірлер. Мына асықтарды ортаға шашамын. Сол асықтармен бірге ханды алған бала жеңімпаз болады.

 

Қорытынды.

  • Балалар, наурыз айында қандай мерекелер тойланады?
  • Бүгін қандай мереке туралы білдік?
  • Наурыз мерекесінде дастарханымызға қандай ұлттық тағамдарды қоямыз?

 

Технологиялық картаны толтырған: Рахимжанова Айнур

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.