‘’ Не білдік ?‘’ , ‘’ Не үйрендік ? »

Марданова Светлана Заевна

Мақсаты: Балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін жинақтап тиянақтау ,

Қойылған сұраққа толық жауап беру, сурет бойынша байланыстыра сөйлеуге,

әңгімелеуге дағдыландыру

Дамытушылық ; Ойын арқылы баланың қиялың, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік; Бір-бірімен достық қарым-қатынаста болып, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Заттың дамыту орталығы; суреттер, тапсырмалар, слайд, ойыншықтар

Қолданылған технология; ойын технологиясының элементтері

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршанызды құрметтеп

Бас иеміз біз

Шеңберге тұрады. Қимыл-қозғалыспен  қимылдап амандасады

Ізденуші-ұйымдастырушы;

-Ұйқыдан тұрып беті-қолымызды жуып, анамызбен қайда келемі?

-Біз балабақшаға келеміз

-Сендер балабақшада не істейсіңдер

-Тамақ ішеміз, оқимыз, ойыншықтармен ойнаймыз, ұйықтаймыз, үйге қайтамыз

Қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнатасындар?

Ойыншық туралы тақпақ  Аниса

-Есік қағылып  Дымбілмес келеді

-Ой,сәлеметсіздер ме , балалар!

Балалар мен өзіме көмекші іздеп жүр едім, сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар таңқалып, Дымбілмеске  қарсы отырады.

-Сәлеметсіз бе! Иә, көмектесеміз.

-Олай болса мына тапсырмада не тұр?

1-тапсырма

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Отбасы мүшелеріне ата, әже, папа, мама, аға, ана,іні, қарындас жатады

Отбасы мүшесі туралы тақпақ

Әже туралы

Еркелетіп ертемен

Оятады ол мені

Таңғы таза ауамен

Тазалаймыз бөлмені

2-тапсырма

-Жыл мезгілдерін ата

-Жыл ерекшеліктері туралы не білесіздер?

-Осы жыл мезгілдері туралы кім тақпақ біледі?

  1. Азат. Көктем
  2. Сабина. Жаз
  3. Ақжарқын. Күз
  4. Камшат. Қыс

Рефлексивті коррекциялаушы

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалып.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

3-тапсырма

Дидактикалық ойын;‘’Не артық ? »

Шарты

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атау.Айырмашылығы  неде?

Қажетті суреттерден артық, сәйкес келмейтін суреттерді атайды

Қимылды ойын;‘’Гүлдерді түсіне қарай құрастыру’’

4-тапсырма ‘’Ертегі әлеміне саяхат’’

Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз

«Қасқыр мен жеті лақ, Қызыл телпек, Бауырсақ, Үш аю, Маша мен аю,Түлкі мен тырна, Шалқан».

Дымбілмес пен қоштасады

Балалар бізге қонаққа кім келді!

Қорытындылау

Мадақтау

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.