Ормандағы оқиғалар

ШҚО, Бесқарағай аулы КММ «Борас орта мектеп-бақша» Екінші кіші топ

Тәрбиеші Сулейменова А.Е.

Ашық оқу қызметі  «Ормандағы оқиғалар»

Мақсаты:

 Білімділік:балаларды ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті бойынша  өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту.  Заттардың көлеміне, пішіне, түсіне қарай топтап ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың ойлау қабілеттерін арттыру,тілдерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру.Заттарды сипау, жинау, салыстыру арқылы саусақ моторикасын жетілдіреді.

Тәрбиелік:қуанышты көңіл-күй қалыптастыру, балалардағы жауапкершілік сезімін, көмектесуге деген ықыласты тәрбиелеу.Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қоршаған ортамен танысу, сенсорка, мүсіндеу.

Қолданатын  көрнекіліктер: ойыншықтар(қоян, кірпі, тиін), үлкен кіші жаңғақ (тұзды иленген ұн), түрлі түсті қыстырғыш, геометриялық фигуралар.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: қайталау, сұрақ – жауап, көрсету, ойын  ойнату.

Негізгі бөлім:

Шаттық шеңбері:

Ғажайып сәт

Есік қағылады. Топқа сандық әкелінеді:

  • Балалар , қараңдаршы мынау не?
  • Сандық
  • Сандықтың ішінде не бар?  (балаларға ашып көрсету)
  • Балалар, сандықтың ішінде хат бар. Қазір мен сендерге хатты оқып беремін.

Хат « Салеметсіздер ме , балалар! Сендерге хат жазып отырған орман жануарлары. Біздің орманда  бір қызық-қызық жағдайлар болып жатыр. Жануарлардың барлығы улап –шулап жүр. Көмектесіңдер, асығындар , балалар!»  орман жануарлары

 

  • Балалар , орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?
  • Қоян , түлкі, аю, қасқыр, тиін, кірпі.
  • Қоян, кірпі, тиінға көмекке барамыз ба?
  • Ия
  • Балалар, орманда шуламаймыз, жүгірмейміз, бір-бірімізден қалмаймыз.

Жүреміз ,жүреміз орманға жетеміз Шли,шли в лес мы пришли.

 

Жайлап қана адымдап

Жолмен енді жүреміз

Ақырындап кірпіге

Жеттік міне бәріміз

Шли,шли к ежику мы  пришли.

  1. — Орманда не өседі?Балалар,қарандаршы, шыршаның астында кім отыр? ол кірпі –ежик
  • Балалар кірпі қандай? Кішкентай жануар, тікенектері бар
  • Сәлеметсіздер ме балалар
  • кірпінің достары тікенектерін  жоғалтып алыпты, ол жылап отыр,  кірпіге инелерін табуға көмектесеміз бе?
  • Жақсы. Ракмет. (Қандай түсті кірпілер балалардан сұрау.)

(Түстер)

 

  1. Жайлап қана адымдап

Жолмен енді жүреміз

Ақырындап кірпіге

Жеттік міне бәріміз

Шли,шли к зайцу мы  пришли.

  1. Балалар, бұл кім? Әрине қоян .
  • Сәлеметсіздер ме балалар!
  • Балалар, қоянның құлағы қандай?құлағы ұзын, құйрығы қысқа, жұмсақ.
  • Қараңдаршы ,қоянның барлық пішіндерді шатастырып түлкі  ренжітіп кетіпті .  пішіндерді  өз орнына реттеп қойып қоянға көмектесейік.

Д/О «Пішіндерді  дұрыс орналастыр » ойын.

 

  • Балалар, қоян сендерге рақмет дейді . енді барлықтарымен билегісі келеді. Сергіту сәті.
  1. Жайлап қана адымдап

Жолмен енді жүреміз

Ақырындап кірпіге

Жеттік міне бәріміз

Салеметсіздер ме, балалар!

Балалар, бұл кім? Балалар тиін жинаған жаңғақтарын барлығын шашып алып, жоғалтып алыпты. Кәнекей , тиінға да көмектесейікші, оған біз үлкен және кішкентай жаңғақтарды илеу арқылы  жасап, үлкен себетке үлкендерін салып, кішкентай жаңғақтарды кіші себетке салайық.

(көлем). Балалар . екі үстелге бөлініп, мына жерде үлкен жаңғақтар, ал мына жерде кішкене жаңғақтар домалатып жасайық. Балалар алақан арасына тұзды қамырды салып  домалақ піндер жасайды,екі себетке көлем бойынша салады, тәрбиеші көлемдерді ажыратуға көмектесіп мадақтайды. Балалар ылғал шүберекпен қолдарын сүртеді. Тиын қуанып қалады.

Міне, балалар,  аңдарға  көп көмек көрсеттіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды ,қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды , енді өзіміздің тобымызға оралайық.

  1. Жайлап қана адымдап

Жолмен енді жүреміз

Ақырындап топқа

Жеттік міне бәріміз

Қорытындылау:

Балалар біз қайда серуенге бардық?

Орманнан не көрдіңдер?

Кімге көмектестіңдер?  Не иледіңідер?

Сендерге серуен ұнады ма?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түстерді ажырата , пішіндерді, көлемді ажырата біледі. Үлкен –кіші заттарды салыстырады.

Игереді: ойлау білуді, қойылған сұраққа жауап беруді, тапсырмаларды ұқыптап орындау керектігін

Меңгереді: бір-біріне көмектесудің жақсы екенін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.