«Сиқырлы кемпірқосақ»

Кенесбаева Сауле Сыдыковна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,  сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ»

Мақсаты:

1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – қызметтеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі – білік дағдыларын сараптау

2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру

3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд, үнтаспа, текшелер, әріптер, сандар

Сөздік жұмыс: хатқалта

Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга – rainbow 

 

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

 

Шаттық шеңбер.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Гуд мониң!

 -Балалар, бүгінгі оқу іс – қызметімізде тақырыбы: «Сиқырлы кемпірқосақ».

Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам).

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

 

-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (интерактивті тақтада кемпірқосақтың суреті шығады)

-Бұл не?

Тәрбиеші: -Балалар, сендер даярлық тобына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді даярлық тобына апарады.

Кемпірқосақ сөніп қалады.

Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай даярлық тобына өтеміз? Ересек тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.

Тәрбиеші: -Жоқ, жоқ, бізге даярлық тобына көшу керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.

Суретші: -Жарайды.

Тәрбиеші: -Көмектесеміз ба?

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретшіге таңқалып қарайды.

Қонақпен амандасады.

-Сіз суретшісіз!

 

-Бұл кемпірқосақ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар келіседі.

 

Ұйымдастыру-шылық – ізденістік

 

Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:

-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін. Іске сәт, мен кеттім!

Суретші шығып кетеді.

Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.

Тәрбиеші: -Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші!

 

-Қай түстен бастаймыз?

1 тапсырма (қызыл хатқалта):

-жыл мезгілдерін атап бер

-көктем мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр

Жұмбақ:

-Қар, мұз еріп, су көбейіп

Сай-салада ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Көктемде неше ай бар? Атап беріңдер.

-Мына суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін айтып беріңдер.

-Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.

2 тапсырма (қызғылтсары хатқалта):

-дыбыс туралы айтып бер

Үнтаспадан әртүрлі дыбыстар шығады.

-Балалар бұл не? -Дыбыс деген не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады?

— Оларды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

 

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың қызғылтсары түсті жолы жанады.

 

 

 

 

 

 

 

Дид/ойын «Кім зерек?» — айтылған дыбыстарды ажырату.

 

 

 

 

 

 

3 тапсырма (сары хатқалта):

-әріп туралы айтып бер

-берілген әріпке сөз ойлап тап

-Балалар, ал әріп деген не?

 

 

Дид/ойын «Ойлан, тап» — көрсеткен әріпке сөз ойлап табу. (А, О, С, М)

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың сары түсті жолы жанады.

4 тапсырма (жасыл хатқалта):

Д-ойын: « Кім не жейді»

Жануарларды жейтін тамақтарымен сәйкестендіру

 

 

 

-Жарайсыңдар! Кемпірқосақтың жасыл түсті жолы жанады.

Сергіту сәті: интерактивті тақтадан видео «Алқисса»

 

 

 

 

5 тапсырма (көгілдір хатқалта):

— апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер

— уақытты бағдарлау

-Балалар, 1 аптада неше күн бар?

апта күндерін атап беріңдерші.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

 

 

-Ал кеше қандай күн болды?

Ертен қандай күн болады?

-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:

 

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

 

                        Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез деп ойлайсың?

 

Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез деп ойлайсың?

 

«Үйлерде шамдар жанады,

Дем алады бар әлем»,

Барлығы ұйқыға жатады ,

Бұл қай кез деп ойлайсың?

-Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы!

6 тапсырма (көк хатқалта):

-1 – 10 дейін тура және кері санау

-көрші сандарды табу (тақтада)

1 ден 10 дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады.

2, 5, 7, 9 сандарынын көршісін табуды айтады

Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.

-Керемет!

Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.

 

7 тапсырма (сиякөк хатқалта):

-геометриялық пішіндерді гео тақтада көрстеу

 

 

-артық, тең және кем ұғымдарына байланысты есептерді шығар (тақтада)

Тақтаға артық, тең және кем ұғымдарына байланысты келесі суреттерді іледі:

1 қонжық 1 қонжық

5 доп 1 доп

4 шырша 2 шырша

-логикалық есептерді шығар (ауызша)

Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады:

1.-Табақта – үш алма,

Қолымда –екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма?

2. –Аспанда неше күн бар?

3.-Бағдаршамның қанша көзі бар?

4. Өрісте 5 қозы жайылып жүрді

3 қозы өзенге су ішуге кетіп қалды

Өрісте неше қозы қалды?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың сиякөк түсті жолы жанады.

Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп, қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жеті түстен тұрады. Кемпірқосақтың түстерін атайды.

-Қызыл түстен бастаймыз.

 

 

 

 

 

 

-Көктем мезгілінде болады.

-Көктемде үш ай бар.

Наурыз, сәуір, мамыр.

Суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін атайды.

 

 

-Бұл дыбыстар.

-Дыбысты біз естиміз.

-Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

-Дауысты дыбыс әндетіп, созылып айтылады.

-Қызыл түспен.

-Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырайды.

-Көк түспен.

 

 

Қызыл немесе көк түсті текшені айтылған дыбысқа байланысты көтереді.

 

 

 

-Әріпті біз көреміз, айтамыз, жазамыз.

Әртүрлі сөздер айтады.

 

 

Тақтаға екі бала шығып сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

 

 

 

 

Балалар топпен орындайды

 

 

 

 

 

Балалар ашық жерде шеңбер құрып, видеоға қарап, өлең ырғағымен қимыл – қозғалыс жасайды.

 

Апта күндерін атайды.

-Бүгін аптаның үшінші күні – сәрсенбі.

-Сейсенбі.

-Бейсенбі.

 

 

 

 

Балалардың жауаптары:

 

-Таңертен келеміз.

 

 

 

 

 

-Күндіз.

 

 

 

-Кешке .

 

 

 

 

-Түнде.

Балалар қуанады.

 

Тақтаға екі бала шығады:

Бір бала – 1ден 10 дейінгі сандарды ретімен қойып шығады.

Екі бала – санның көршісін табады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақтаға шығып таңбаларды қойып шығады.

Логикалық есептерді

тыңдайды. Шешімін айтады:

 

-5 алма.

 

-1 күн.

-3 көзі бар.

 

-2 қозы қалды

 

 

Балалар суретші қалтасынан не алып шығатынын асыға күтеді

Балалар қуанады.

Балалар суретшімен қоштасады.

Рефлексиялық — түзетушілік

 

-Бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Слайдтан не көрдіңдер?

-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалардың жауаптары.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды

Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді

Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.