Театр әлеміне саяхат

 

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі :  Драма

Тақырыбы: Театр әлеміне саяхат

Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерін жасау. Балалардың шығармашылығын дамыту. Әр затқа сипаттама беруге үйрету.

Әрекет кезедері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

Дид.ойын: «Кім тапқыр?»

Жұмбақ жасыру.

Орманнан жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады

Кіп – кішкентай арадан,

Үлкен болып қорқады.      (аю)

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір айдарлық қулығы    (түлкі)

Көзін жұмады,

Көзін ашады

Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады            (мысық)

 Сұрақ-жауап

Бұларды бір сөзбен не дейміз?

Қандай ертегі кейіпкерлері?

Өлең жолдарын қимылмен көрсету.

 

Жұмбақ шешуге қызығушылық таныту.

 

 

Қойылған сұрақтарға  толық жауап бере білу.

Кел балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Ұйымдастыру – іздену

1.    Ертегі туралы түсінік беру.

Қандай ертегілер білеміз?

Ертегіні не үшін тыңдаймыз, онан не үйренеміз?

Кейіпкерлер дегеніміз не?

2.Ертегі кейіпкерлерін жасау.

Жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білу.

Жасаған кейіпкерлерге сипаттама беру.

3.Саусақ театрының кейіпкерлері.

Театр кейіпкерлерін саусаққа кейіп әңгімелесу.

Сөз қорларын дамыту.

Ертегі  туралы өз ойларын айта білу.

 

Жұмыс жасауда шапшаңдық көрсету.

 

Жақсы, жаман, жағымсыз нәрселерді айыра білу.

Театр кейіпкерлерін саусаққа  кейу арқылы өз ойларынан сөйлем құрастыра білу.

 

Рефлекстік түзету

Дид.ойын: «Бұл қандай ертегі?»

Балаларды мадақтау

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу. Достарын бағалау.

 

                                             Күтілетін нәтиже:

Білу: Ертегі туралы түсініктері болуы керек.

Игеру: Сұраққа жауап беру, сөйлем құрау арқылы сабақ тақырыбын игереді.

Меңгеру: Ертегі туралы түсіне отырып, оны жасау жолдарын  меңгереді

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.