Түктіараның саяхаты

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  технологиялық  картасы

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы: Түктіараның саяхаты.

Мақсаты: 1.Саяхат сабақ арқылы шалғын өсімдіктері жайлы түсіндіру.

2.Өсімдіктердің табиғатқа келтіретін пайдасы туралы ұғым қалыптастыру.

3.Туған жердің табиғатына қамқор болуға баулу.

 Қолданатын көрнекі құралдар: көрнекіліктер,слайдтар.

Билингвальды компанент: гүл-цветок,шөп-трава, ара-пчела.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1.Шаттық шеңбері.

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

2. «Араның ұшуы» әуені ойналады.

  Балалар бұл ненің дауысы?.

Жұмбақ.

Гүлдерге қонады

Шырынын сорады.

Түрі-түсі сара ала

Бұл не?                        «Ара»

Балалар тәрбиешінің іс-әрекетін қайталап орындайды.

 

 

Әуенді тыңдайды.

 

Араның дауысы екенін айтады.

 

 

Жұмбақты табуға тырысады.

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар,бізге қонаққа түктіара ұшып келді.Ол гүлдер өсіп тұрған алқапқа  асығып бара жатыр екен.Ендеше біздерде түктіарамен бірге гүлді алқапқа саяхатқа шықсақ қайтеді.(Түктіара келіседі).Ендеше бәріміз ара сияқты ұшып барайық.

Түктіара –жәндік.Денесінің түсі қара,сары.Баларасына ұқсас.

Түктіара гүлді алқапта қалатынын айтып  балалармен қоштасады. 

№1.слайд.Анимация.Ара

Ара түсі қара және сары жолақтан тұрады.Ара шөпті және гүлді алқапты ұнатады.Ол гүлге қонып шырынын алады екен.Сол шырыннан бал жасайды.Ара бізге бал береді.Балдың бізге пайдасы көп.

№2.слайд.анимация.Гүл.

Гүлдің табиғатқа келтірер пайдасы көп.Гүл ауаны тазартады.Алуан түрлі түстерімен табиғатқа көрік береді.

Тыныс алу жаттығуы.

Бәріміз көзімізді жұмып,жайқалып өскен гүлдерге  қарай жақындайық.Өте тамаша әдемі нәзік гүлдер.Ішінен ең әдемісін таңдап соған қарай жақындайық.

Енді керемет гүлдің хош иісін сезіну үшін терең тыныс алайық.

Билингвальды компанент:гүл-цветок,

шөп-трава,ара-пчела.

-Түктіара,шөп,гүлдер туралы әңгімем ұнады ма?Естеріңде болсын,табиғатқа шыққанда гүлдерді босқа жұлмаңдар,туған жеріміздің табиғатын қорғауымыз керек.

Тапсырма.Балалардың алдына суреттер таратып ішінен араны табу,белгілеу.

Ара  туралы тақпақ сұрау

1.Бала

2. Бала

 

 

 

 

 

Балалар саяхатқа шығады.

 

 

Араның қимылын жасайды.

 

 

 

 

Суретті көреді,тыңдайды.

 

 

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлдердің хош иісін иіскегендей тыныс алу жаттығуларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды.

 

 

 

 

Табиғат аясында өздерін қалай ұстау керек екенін түсінеді.

 

 

 

 

Тақпақ айтады

Рефлекциялық- түзетушілік

1.Қайда саяхаттадық?

2.нені көрдік?

3.Ара қалай дыбыстайды, ұшады?

4.Түсі қандай?

5.Ара бізге не береді?

 

 

  Сұрақтарға жауап береді.             

 

 

Күтілетін нәтиже:                                                                                                        орындайдыдәптерде берілген тапсырманы.                                                                түсінедішалғында өсетін кейбір өсімдіктер туралы мәліметті және табиғат аясында өздерін қалай ұстау керектігі туралы ережелерді.                                                            қолданады: шалғында өсетін өсімдіктер туралы сұрақтарға толық жауап берре алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.