Тәрбиеші – болашақ бастауы

Оралбаева Гүлмара Құрманбайқызы

Тәрбиеші- бүгінгі өсіп келе жатқан болашақ еліміздің бүлдіршіндерін болашақ өмірге бейімдеуші деп білемін.Тәрбиеші балабақша есігін енді аттаған сәттен бастап,баламен тіл табыса,көңілін таба алуы, әрдайым балаларға жақын,әрі баланы өзіне жақын ұстай алуы тиіс.Менің ойынша тәрбиеші ұқыпты, сабырлы,жауапты,балаға ақылшы, бала алдында әртіс,мейірімді,жүзінде  мейірім төгіліп тұратын,әр баланы өз баласындай жақсы көріп бауырына басса,балалар өздерін  еркін ұстап, құрдастарымен еркін араласа алатындай жағдай жасаса,өз ісін жетік меңгерген маман иесі болса,сол мамандықтың жемісін көрген нағыз тәрбиеші деп білемін.Бала балабақшаға,тәрбиешісіне қарай асықса,бала -балабақша сәні,тәрбиеші-  балабақша айнасы болары анық.Балбақша сатысында тәрбиеші баланың бір анасы болып саналады.Бала үшін алаңдап,әр кез көз алдында өсіп келе жатқан бүлдіршінмен бірге қуана,мұңайа білетін жандар.Бала мен балаша қуанатын осы- тәрбиеші.

Баладарды «өмір гүлі»,ал тәрбиеші «бағбандар» деп атау тегін болмағаны. Себебі: бала – біздің болашағымыз.Олар өмірдің сәні,әлемнің жарық нұры!Сондықтанда  тәрбиеші өмірінде балалардың алатын орны,болашағы маңызды.Тәрбиеші -балалардың болашағы деп санаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.