Тәрбие отбасынан басталады.

Бұл іс-шараны дәстүрді бала жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру негізінде отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге қарастырылады. Сонымен қатар ата-аналарды балабақша өміріне тартып бірге бірлесе жұмыс жасауға әртүрлі тәсілдер көрсетілген.
Мақсаты: балалармен, ата-аналармен бірлесіп белсенді жұмыс жасау. Отбасылық дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.
Міндеттер:
• отбасылық дәстүрге, отбасына деген баланың жақсы қарым-қатысын қалыптастыру.
• шығармашылық қабілетін дамыту.
• отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс:
1. Топты безендіру:
2. Музыкалық сүйемелдеу.
3. Түймедағынан жасалған сұрақтар.
4. Жұмыс істеу үшін керекті материалдарды дайындау.
(Музыка әуенімен жанұя туралы өлең жолдары оқылады)
Модератор: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін біз баланы тәрбиелеу мен дамытудағы отбасылық дәстүрлердің, тәрбиенің алатын орны туралы пікір талас өткізіп, өздеріңіздің тәжірибелеріңізбен бөліспекшіміз.
Отбасылық дәстүрлер – әр шаңырақтың рухани атмосферасы, оның өз күн тәртібі, дәстүрі, өмір ағымы мен дағдылары бар.
Отбасы-әр адамның алтын ұясы. Отбасында ата-аналар ұлға үйдің күрделі, үлкен жұмыстарын үйретеді. Қызға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады. Отбасында ата-аналар балаларын жақсы тәрбиелеу үшін ұлттық дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеуді, шет тілдерін үйретуді үйренуді қалыптастыруды үйрету керек. Сенбі күні балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқу, теледидар арқылы жаңалықтармен танысып отыру керек.
Отбасындағы сенімділікті сақтау – ол да бір жақсы дәстүр. Сенімділік – ол бір-бірімен кез келген тақырыпта, тіпті ең күрделі сұрақ болса да, тікелей әрі тура талқылау. Бала өмірі – бұл үлкен әлем. Кішкентай бүлдіршінге осы әлемге кіруге көмектесу үшін «сенім» деп аталатын сиқырлы кілт керек. Ал енді өз отбасылық дәстүрлеріңізбен бөліссеңіздер?
(Ата-аналардың өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы әңгімесі)
— Қалай ойлайсыздар, отбасындағы балалар мерекесі жақсы дәстүр ме? Олар біздің балаларымызға керек пе? (Ата-аналардың жауабы)
Модератор: Иә, баланың жан-жақты дамуы үшін мереке ауадай керек. Бала үшін мереке – бұл бала өміріндегі үлкен оқиға, бала өз өмірін мерекеден мерекеге дейін санайды, ал біз үлкендер бір маңызды оқиғадан екінші маңызды оқиғаға дейінгі уақытты санаймыз. К.Д.Ушинский: «Егер бала өмірінен мерекені алып тастасақ, балалық шақ әрі көмескі болатын еді», — деген.

Сұрақ-жауап.
Менің қолымда түймедағы гүлі, әрбір гүл жапырағынды талдауға арналған сұрақтар жазылған. (Ата-аналар жапырақтағы сұрақтарды оқып, жауабын барлығы бірге талдайды).
Модератор: Бала үшін мереке — бұл жақсы отбасылық дәстүр. Жұмбақтар, викториналар, танымдық ойыедар – балаланың ақыл-ойын дамытады. Үйде мереке болатын болса, сыйлықтар дайындап, бөлмені әшекейлеп, жинастырып, жуу – міне, бала өміріне еңбек осылайша кіреді. Ал егер біз ән айтып, сурет салып, тақпақ айтсақ ән тыңдасақ, біз балаларымызды эстетикалық тұрғыда тәрбиелей аламыз ба?
Модератор: Ал қазір бірнеше минут ішінде саусақ театрын жасауға болатынын тамашалалаңыздар. Осындай затты жасай отырып, сіз баланың махаббатына ие боласыз, сонымен қатар өзіңіздің балалық шағыңызды есіңізге түсіресіз.
(Оригами техникасымен жасал,ан жұмыстарды орындау – мысық, ит, бақа,т.б.)
Модератор: Көрдіңіздер ме, оп-оңай! Отбасы – ұжым. Отбасы баланың бойындағы бар жақсылық, қайырымдылық негізі. Отбасында отбасылық дәстүрге деген құрмет пен сүйіспеншілік пайда болады. Балаларыңызды жақсы көріңіздер, олардың пікірін, тілегін құрметтендер. Балалармен дос болыңыздар!
Құрметті ата-аналар! Жұмыстарыңызды жиып қойып баланы өзіңізге жақындатыңыз, құшақтаңыз. Психологтардың айтуынша , бала өзін бақытты сезінуі үшін, оны күні бойы жеті рет басынан сипап, құшақтап, мақұлдап, яғни өзіңе жақындатып : «Мен сені жақсы көремін» деп айту керек. Сондықтан отбасындағы жақсы тәрбие, халық даналығында айтылғандай : «… бұл біздің бақытты қарттығымыз, жаман тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз».
Модератор: Ал енді сіздің балаңыздың туған күнін тойлау туралы сөз етейік:
Өзекті жағдай: Екі баланың анасы кездесіп, сөйлеседі. « Менің баламның екі күннен кейін туған күні, достарын шақырсам бе деп едім, салат жасап, бәліш пісіріп, музыка қоямын. Мәз-мейрам боп тойласың» — деп біреуі қуанышымен бөліседі. «сол ғана ма?» — деп сұрайды. «Маған қандай ақыл қосасың? Олардың алдында сайқымазақ болуым керек пе?»
Осындай жағдай сізде болды деп ойлайық, сізден ақыл сұрайды. Сіз қандай ақыл берер едіңіз? Егер үстелде тек бәліштер, торт, салаттар ғана болып, музыка қойса, туған күн қызықты болады ма? Ол баланың есіңде қалады ма? Баланың туған күнін қалай атап өту керек? Сіздің отбасыңызда қандай қызықтар болды?(Тәжірибемен алмасу)
Сергіту сәті: «Халық даналығы»
Үстелдің үстінде отбасы туралы мақал-мәтелдер кесілген күйде жатады. Осы бөліктерден мақалдарды құрасытру керек.
Балалаы үйдің сыры жатпайды.
Ұл мен қыз – көздің нұры.
Отан отбасынан басталады.
Тай өссе ат тынығады,
Ұл өссе, әке тынығады.
Рефлекция:
— Балалар сіздерге өздерінің сыйлығын дайындап қойды – ол баланың өз алақандары. Ал сіз әр саусаққа балаңызды қалай еркелетіп атайтыңызды жазыңыз!
Сіздерге «Сөйлемді аяқта» ойынын ұсынамыз.
Ыдыстан түрлі түсті қарындашты алып, оралған қағазды жазып, мұқият оқыңыз, бос жеріне сөйлемнің соңын аяқтап жазыңыз, ол … үйренеді деген сөзді жалғастырыңыз.
1. Балаға әркез сын айтады, ол …(жек көруді) үйренеді.
2. Бала өшпенділікте өмір сүреді, ол … (агрессивті болуға) үйренеді.
3. Баланы үнемі жазғырады, ол … (өзін кінәлі сезінуге) үйренеді.
4. Бала шыдамдылықпен өсіп келеді, ол … (басқаларды түсінуге) үйренеді.
5. Баланы мадақтайды, ол … (мәртебелі болуды) үйренеді.
6. Бала адалдықта өмір сүреді, ол … (әділетті болуға) үйренеді.
7. Бала қауіпсіз өмір сүреді, ол … (адамдарға сенуді) үйренеді.
8. Баланын қолдайды, ол … (өзін бағалауға) үйренеді.
9. Баланы келемеждейді, ол … (тұйық болуды) үйренеді.
10. Бала түсіністік пен достықта өмір сүреді, ол … (әлемде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
Ата- аналарға арналған ұсыныстар.
«Біздің отбасылық альбом»
Балаға өз балалық шағыңыз туралы айтыңыз. Баламен бірге отбасылық альбомды қараңыз. Ескі фотосуреттерде кімнің бейнесі екендігін айтыңыз, ол балаға кім болып келетінін айтып түсіндіріңіз.
«Ата-ананың балалық шағы»
Балаңызға балалыұ шағыңызда қандай ойындар ойнағаныңызды, сол кездегі ойындарды айтыңыз, Өз мектебіңіздің, үйіңіздің, аулаңыздың суретін тауып алыңыз. Өз балалық шағыңыздағы бөлме мен балаңыздың бөлмесін салыстыруға тырысыңыз.
«Отбасылық қастерлі зат»
Балаға отбасы туралы, атаңыздың медалі, ордендері, ескі құмыра, ыдыстар туралы әңгімелесіңіз.
«Біздің отбасының тарихы»
Балаңызды сіздің отбасыңыздың тарихыен таныстырыңыз. Ата-әжерелініңіз, әке-шешелеріңіз қайда тұрғаны, қай қалада қалай кездескендері туралы айтыңыз.
«Өмірден алынған қызықты оқиғалар»
Сіздер баланы қалай күткендеріңізді, қандай есім қоятындарыңыз туралы естеріңізге түсіріңіз. Баланың бір-екі жастағы өмірінен қызықты оқиға айтыңыз, оның суреттерін бірге қарастырыңыз. Жеті атаны суреттеуге тырысыңыз, ол жерге туғандарыңыздың суреттерін жапсырыңыз.
Қорытындысы:
Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыздың қандай болып өсетіні тек сізге ғана байланысты. Балабақша мен біз, тәрбиешілер, күрделі жағдайданшығатын жол табу үшін ғана көмек бере аламыз. Алайда сіздің есіңізде болсын, баланың жеке тұлғасының қалыптасуына сіздің шынайы әрекетіңіз бен сіздің міне-құлқыңыз үлкен әсер етеді. Өз балаңызға үлгі болуға тырысыңыз!

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
Лепсі орта мектебі»КММ
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылы
Г. Сулейменова шағын орталықта тәрбиеші

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.