«Тәуелсіз елдің болашағы-бақытты»

«Тәуелсіз елдің болашағы-бақытты»

       Дөңгелек үстелдің мақсаты: Балғындарды үлкен өмірге әзірлеудегі  ата-аналардың рөлі туралы мағұлматтар бере отырып,пікір алмасу,бүлдіршіндердің  дүниетанымын,қабілетін,дарынын дамытып, білімді, салауатты ұрпақ  тәрбиелеуде  балабақша мен ата-аналар  арасындағы  ынтымақтастықты қалыптастыру. Тәуелсіз  еліміздің болашағы-жас  ұрпақтар бойына  Отанға  деген  сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен  елін сүюге  оны қорғай  білуге  тәрбиелеу.

       Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер,сауалнама, А3-форматтағы ақ қағаз, түрлі-түсті қалам. «Дүниеде тәуелсіз  Қазақ елі бар.Әлемде егемен Қазақстан  бар.  Оның  көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы  бар. Қуатты  эканомикасы,  сенімді саяси  жүйесі  бар.  Ең бастысы, бүгіннен  нұрлы, бүгіннен кемел  болашағы  бар. Сол  күнге  берік сенім  бар!»  Н.Ә.Назарбаев.

«Кез келген ел   өз келешегін өскелең  ұрпағымен  байланыстырады.  Ту,Әнұран  және  Елтаңба  сияқты, мемлекеттік  тіл де  біздің символымыз,  осындай  символдардан  Отан  басталады!»Н.Ә.Назарбаев.

«Тәуелсіздіктің  тар жол, тайғақ  кешуінен, беттен  қағар желінің есуінен  тайсалмауға  тиіспіз».Н.Ә.Назарбаев.

«Халықтың   кемеліне келіп, өркендеуі   үшін  алдымен азаттық пен  білім  қажет»  Ш.Уәлиханов.

 

Сәлеметсіздер  ме құрметті  ата- аналар, балалар, қонақтар!

Бүгінгі  біздің балабақшамызда  ұйымдастырылып  отырған « Тәуелсіз елдің  болашағы- бақытты» тақырыбындағы  ата- аналармен, өткізгелі  отырған  дөңгелек  үстелімізге  алтын  уақыттарынызды  бөліп,  бала  тәрбиесіндегі  өз  жауапкершілігіңізді  сезініп, келіп  отырғандарыңызға  көп-көп  рахмет!

       Кіріспе сөз: Балабақша  меңгерушісі   Г.А.Сапаеваға  берілді.

 Ұйымдастыру :  

Дөңгелек  үстел 5-бөлімнен  тұрады.

1.Танысу. Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  25 жыл  толуына  орай  сіздің  отбасыңызда  қандай  айтулы мереке бар?

  1. «Бақытты болашақ»
  2. «Мен елімде-бақыттымын» тақырыбына сурет салу
  3. Сүйеспеншілік сипаты
  4. Бүгінгі менің өз ойым

 

1.Танысу. Әр ата-ана өзін таныстырады. Топқа бөлу. «Үш түс-үш есік» әр столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады. Бұлар үш есік деп аталады. Педагог-психолог қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды. Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды. Жауабы төмендегіше:

Сары түс- өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз. Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Баланың  жетік  дамуына  барлық  жағдай  жасайсыз.

Қызыл  түс- Қайсар,  мақсат- мұратыңыз үшін  күреске  дайынсыз. Балаға қатал  талап  қоясыз. Ескертулеріңізді  балаңызға мүмкіндігінше  жұмсартып  жеткізіңіз.

Көк түс- ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесінде  өз билігіңізді  емес  баланың  талабын орындайсыз.  Балаңыздың  оқу  істерін  жиі  бақылауға  алғаныңыз дұрыс  деп  кеңес береміз.

  1. «Бақытты болашақ»
  2. Сәбиіңіздің ең алғашқы сөзі?
  3. Бөбегіңізді қалай еркелетесіз?
  4. Балаңызбен бірге қандай ойындар ойнайсыз?
  5. Перзентіңіз дүние есігін ашты?  Бұл аптаның  қай күні, қай сағатында еді?
  6. Балаңыздың сізге ұсынған  алғашқы сыйы?
  7. Перзентіңіздің болашағын қалай елестесесіз? Ол үшін қандай жоспарыңыз бар?
  8. «Бақыт» дегенді қалай түсінесіз?

Ата-аналар  өз ойларын ортаға  салады.

  1. «Мен елімде-бақыттымын».

1991 жылы  16 желтоқсанда  Тәуелсіздік  таңын  тудырды.  Бұл күнді  тарихи бір сәт десек  те  болады.  Қазақстан тарихында  бұл  күн  ешқашан  ұмытылмайтын, бақытты  бағасымен  халқымыздың  есінде  мәңгілік  қалары  анық.  Тәуелсіздік- халықтың  үні, ұлттың  тілімен діні. Тәуелсіздік- халықтың  тойы,  елдің  тойы.  Еліміз  қалай  болғанда  да  саған  ғасырлық  қиын  қыстау  жолдан,  тар  жол  тайғақ  кешуден  өтіп, тәуелсіз  елдер  қауымдастығына  қосылады.  Отанымыз,  Қазақстан, туралы  айтарымыз  да,  мақтанарымыз да  көп.  Тәуелсіздік- қасиетті  ұғым,  сәулелі  құбылыс.  Сан  ғасырлар  мен  замандар  бойы  бабаларымыздың  асыл арманы  болған.

«Сан ғасырлар  тарихынан  кешегі,

Туған  жердің  шежіресі  өтеді.

Менің елім  Қазақстан-Отаным,

Болашағы  бізбен  бірге  өседі.

Өткеніңді  еске  алсаң,

Өскеніңнің  белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің  белгісі»- дегендей  өткен  тарихымызға  шолу  жасап  шығайық.

1991- жылы  Қазақтың  тұңғыш  Президенті  сайланды  1992-жылы  еліміздің  жаңа  нышандарын  бекітті  1993- жылы  28-қаңтарда  Конституциясы  қабылданды.  1995-жылы  30- тамызда  Ата  Заңымыз  қабылданды.  1997-жылы  Ақмола  ҚР  астанасы  болды.  1997-жылы  11-шілдеде  «Тіл  туралы»  заң  қабылданды.  1992-жылы  БҰҰ  мүше  болды.  1993-жылы  Төл  теңгеміз  шықты.  2002 жылы  8-тамызда  «ҚР баланың  құқықтары  туралы»  заң  қабылданды.  Бүгінгі  таңда  біз  дербес,  азат  елміз.  Мемлекетіміздің  Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, Астанасы, Ата Заңы, мемлекеттік  шекарасы, мемлекеттік  тілі  бар.  Бұл  біздің  еліміз  үшін  өте  үлкен  бедел,  жоғары  деңгей.  Осындай  тұғыры  биік  тәуелсіз  елде  болашаққа  аяғымызды  нық  басып,  келешекке  ұрпақ  тәрбиелеп  отырсыздар,  бүлдіршіндеріңіздің   болашағын  қалай  болжайсыздар?

  1. «Аялы» жаттығуы

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркідікті  дамыту, жағымды  психологиялық ахауыл  қалыптастыру.

Нұсқаулық: Қатысушылыар шеңбер болып тұрады, жаттығу сағат тілімен жүргізіледі.  Сол жағындағы көршісінің иығына  алақанын қойып, «сізді…теңеймін немесе ұқсатамын.» (мысалы: жарқырап тұрған күнге) дейді.  Жаттығу шеңбер бойымен  жалғасады.

  1. Баланыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?
  2. Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?
  3. Мектептен оралғанда көңіл күйіне мән бересіз бе?
  4. Баланыздың достарын білесіз бе?
  5. Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?
  6. Баланыздың сүйікті пәні қандай?
  7. Баланыздың бос уақытында айналысатын ісі?

    

 

  1. «Бүгінгі менің  өз  ойым».  Шеңбер  бойында  тұрып  тақырыпты  қорытындылау.

Назарларыңызға  рахмет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.