Тәңірдің тәтті сыйы — Тәуелсіздік!

Жүргізуші:  Қайырлы күн, балабақша қызметкерлері және де тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұрасы — азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік  біздің — ең басты құндылығымыз. Барлығымыз Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан, тәуелсіз заманның, егеменді еліміздің бақытты ұрпағымыз. Тәуелсіздіктің қасиетті туы желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, 
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. 
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық 
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!  

Жүргізуші:

Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән. Біз мерекемізді Қазақстанның салтанатты әні Гимнмен бастаймыз. Қане, енді бәріміз орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, Қазақстанның әнұранын орындайық.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші:

Орыны ағалардың бізбен толсын,

Сәбилер ағалардың жолын қусын.

1 минут үнсіздікпен еске алайық,

Тәуелсіздік құрбандары ырза болсын! Қане, орнымыздан тұрып, аға — апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!, — деп  балақайларымыз өздерінің құттықтау тілектерін тақпақтары арқылы білдіреміз дейді. Олай болса, балақайларымызға қол соғып, қошемет білдірейік.

Тақпақтар: № 5,7,8,6 топ балалары.

Жүргізуші:

Мақтанам кең байтақ елім үшін,
Құнарлы, мол шырынды жерім үшін
Әрқашан биік шыңнан көрінсеңші
Тілегім, О, Туған жер,пейілім шын!№ 6 топ өнерлі қызы Ясминанын  орныдауындағы тамаша әнді тарту етеміз.

 Ән: «Егемен ел Қазақстан»

Тақпақ аяқтала зал ортасына әндете атпен Алдар көсе келеді.

Жүргізуші:

16 желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып,

Шаттанып ән салған күн! Ендеше балақайдардың орындауындағы тамаша әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Әнұраны қазақтың»  №6 топ балалары мен педагогтар

Жүргізуші:Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Әнді жақсы айттыңдар. Ал  енді шаршаған боларсыңдар. Серігіп бір қазақтың ұлттық ойынын ойнайық.Ойын: «Бәйге».

Шарты: Балалар бестен — бес екі топқа бөлініп тұрады.  Оларға  бір — бірден ағаш аттар беріледі. Ортаға мәре сызығы  сызылады. Ойын басталды деген белгі берілген кезде аттармен шауып, ілініп тұрған орамалды алып, бірінші болып келген топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:

Жайнаган сансыз қаласы,

Жайқалган жомарт даласы,

Ел-Отан біздің кең-байтақ

Отанның біздер баласы, — деп балдырғандарымыз тамаша  әндерін тарту етпек. Қабыл алыңыздар!

Ән: «Балдырғандар жыры» ортаңғы №5 топ қыздарының орындауында

Жүргізуші: Ойын: «Арқан тартыс»

Шарты: Ойынға 10 бала шығып, екі топқа бөлінеді. Мәре сызығы сызылып, балаларға арқан беріледі. Ойын басталды деген белгі берілген кезде әр  топ өз тобына қарай тартып, мықтылықтарын көрсетулері керек. Ойын жалғасын табады.       

Жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі, — деп тәуелсіз еліміздің болашақ бүлдіршіндері өздерінің бүгінгі мерекеге тартулары ретінде тамаша би билемекші. Ендеше қол соғып қошаметтеп отырайық.

Би: «Батырлар»

Жүргізуші: Балалар тағы да ойынға кезек келіп тұр. Ойын қызықты. Ойын: «Қазақ үй» деп аталады.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, олардың қолдарына екі түсті орамалдар таратылып беріледі.Ойын басталды деген белгі берілген кезде музыка әуенімен билеп жүреді. Кенет музыка әуені тоқтаған кезде  әр топ қолдарындағы орамалдың  түсіне сәйкес шеңберге тұрып, қолдарын көтерулері керек. Қай топ шатаспай түске байланысты киіз үй  құрса сол  топ жеңімпаз болады.

Жүргізуші:

Сендер жас ұлан – Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі!

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатарсыңдар өлкені. Енді болашағы жарқын еліміздің кішкентай бүлдіршіндерінің орындауындағы  қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тамаша әндерін тарту етеміз.

Ән: «Балабақшам — Балдәурен»

Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің! Тәуелсіздік мәнгі жасасын!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, еліміздің ертеңі жарық, егемендігіміз баянды болсын, — деп өз тілегімді білдіргім келеді. Осымен  мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Амандықта жүздескенше, сау болығыздар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.