Қайталау математика

«»  ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  технологиялық    картасы.

Өтілетін күні:                                                Тәрбиеші:  Шуканаева  Рая

Білім беру саласы:  Таным.

Ұйымдастырылған оқу  қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Өтілген тақырыптарды бекіту, сандар және цифрлар туралы білімдерін толықтыру.  Геометриялық ұғымдар  туралы білімдерін кеңейту.

Әрекет  кезеңдері.

 Тәрбиешінің  іс — әрекеті

Балалардың 

 іс — әрекеті.

    Енгізу.

Дәлелді  ояту.

Шаттық шеңбері.                              «Дос болайық,бәріміз» Х.Талғаров.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.

Дос болайық,бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

Ұйымдастыру –  іздену

1.«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын:
Мақсаты: 1 және  10 саны мен цифры туралы алған білімдерін бекіту;.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
— Айна  қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз?       Сен маймылдың  баласына неше банан бердің?

Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
— Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
— Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
— Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Қане балалар неше аю қойдыңдар?
— Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
— Қонжықтар нешеу?

2.«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны: Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

3.«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
— Оң жақтағы жоғарғы үйшікке  тиінді орналастыр.
— Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. Екеуінің айырмашылығы неде?
— Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
— Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
— Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
— Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.
— Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.
— Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
— Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін.
Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

Берілген тапсырмаларды

қызығушылықпен орындап  отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойындарға қызығушылықпен қатысу.

Сергіту сәті:

Балалар қимылмен орындайды.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап — ақ,
Жаттығу оңай — ақ.

Рефлекстік

түзету.

 

Сабақты аяқтау. Сабақ соңында балаларды мадақтау.

Өз достарын бағалау.

 

                        Күтілетін  нәтиже.

Білуі:Сандар туралы түсініктерге ие болады.

Игеруі:Тапсырмаларды қызығушылықпен орындауды  игереді.

 

Меңгеруі:Математикалық ұғымдарды салыстыру дағдысын  меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.