«Қыс қызығы»

                                      Түркістан обылысы

                                            Келес ауданы

                              №10 «Ай-дана» балабақшасы

                                               МКҚК

   Тәрбиеші: Омарова Ақмарал

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Білім бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту. Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, эксперимент,ой-толғау, тірек сурет, ойын, жапсыру, құрастыру, пиктограмма.

Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген.

Сөздік жұмыс: Жапалақтап, үлпілдек.

Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты слайд, қыс көрінісіні, шырша, қар, мұз, жұмбақтар.

Құрал – жабдықтар: Тіс пастасы, желім, мақта, сүлгі, үлгі сурет, аққаланың пішіндері, үлгі сурет, пішіндер, фланелеграф.

Пәнаралық байланыс: Шығармашылық. Таным. Коммуникация.

Қолданылатын технология: Монтессори, модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық.

Таңғажайып сәт: Аққаланың келуі.

 

Танымды оятушылық:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады)

 

Шаттық шеңбер:

 

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

 

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер шешімін тауып көріңдерші?

Ой – толғаныс әдісі.

Жұмбақ

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны?

  • Аққала.

Таңғажайып сәт. Аққала келеді.

  • Балалар, бізге қонаққа аққала келді. (әуенмен)
  • Аққаламен амандасайық.

Балалар аққаламен амандасады.

  • Балалар, аққаланы неден жасаймыз?
  • Қардан жасаймыз.
  • Аққаланың түсі қандай?
  • Аққаланың түсі ақ.
  • Аққала қандай пішінге ұқсайды?
  • Дөңгелекке ұқсайды.
  • Аққала бізге бос келмепті, өзімен бірге қар алып келіпті.
  • Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.
  • Жылы алақанымызға салғанда неге айналатынын көрейік.

Эксперимент жасайды.

Пиктограмма әдісі.

Балалар қарды алақандарына салады. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

  • Қар неге айналып кетті?
  • Суға айналды.
  • Енді осы суды суыққа шығарсақ мұзға айналады екен.

Мұзды көрсету.

  • Балалар, мұз қандай екен?
  • Суық, жылтыр, қатты.

 

ІІІ. Жаңа тақырып:

  1. Кіріспе:
  • Балалар, біз бүгін сендермен қыс қызығы туралы әңгімелесеміз.
  • «Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық.

Тірек сурет әдісі.

Слайдты көрсете отырып сұрақтар қою.

  • Балалар, жылдың қай мезгілі екен?
  • Қыс.
  • Қыс екенін қайдан білдіңдер? (жекелеме баланың жауабы)
  • Қыста қар жауады. Күн суық болады.

(Боранның дауысы естіледі)

  • Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
  • Шанамен сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.

 

Сергіту сәті:

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

 

  1. Негізгі бөлім:

Топтық жұмыс.

  • Балалар, біз енді үш топқа бөлінейік.

І  топ «Шырша» тобы – қардың суретін салады.

Мақсаты: Тіс пастасын пайдалана отырып, қағаз бетіне саусақпен бастыру, қағазды бүктеу арқылы екі бетіне қардың суретін салғызу.

ІІ  топ «Ұлпа қар» тобы – мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсырады.

Мақсаты: Қағаз бетіне мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсыра білуге үйрету.

ІІІ  топ «Аққала» тобы – аққаланы құрастыру.

Мақсаты: берілген матаға дайын пішіндерден аққаланы құрастыра білуге үйрету.

  • Балалар, аққала сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Аққаламен ойын ойнайық па?
  • Иа.

Аққала:

  • Балалар, сендермен қар лақтырысып ойнайық?

Қимылды ойын «Қар лақтыру».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір – бірлеріне қар лақтырады.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа дағдыландыру.

Оқу қызметін қорытындылау:

  • Балалар, қыс несімен қызықты?
  • Қыста қар жауады. Біз қармен ойнаймыз. Сырғанақ тебеміз. Қардан аққала жасаймыз.

Балалардың білімін бағалау:

  • Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. Аққаланың сендерге әкелген тәттілері бар екен.

(Аққала балаларға тәттілерді таратады)

Балаларды мақтап мадақтау:

Балаларды жекелеме мақтап, мадақтаймын.

Үйге тапсырма беру:

  • Балалар, үйде аққаланың суретін салып келеміз.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.

Болу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктері.

Істей білу керек: Қойылған сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі керек.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.