Ұстаз ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес өз ұстазын сүймесе

Беденова Гульмира Кенесовна

Мақсаты мен міндеттері:

 

Педагог тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылық құзырлығын, әлеуетін ашу, ұйымдастырушылық қабілетін арттырып, бір – біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастыру. Ұжым, тәлімгер педагог пен жас мамандар арасындағы қарым – қатынасты дамыту, озық педагог тәрбиеші мамандарды анықтау.

 

Әдіс – тәсілдері:

 

Оқытудағы жаңа әдістер;

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

Дидактикалық ойындар.

 

Құрал – жабдықтар:

 

Проектор экраны, дидактикалық материалдар. т.б.

 

Қатысушы педагог тәрбиешілер:

 

Тәлімгер педагог:                                                        Жас мамандар:

 

Бекмұрзаева Б.                                                   1. Орынбаева Л.

Сүйінтаева А.                                                     2. Дүзелбаева Ж.

Қали Д.                                                              3. Байсуйеуова А.

Кушикбаева Г.                                                   4. Ербозова Б.

Садықова Ж.                                                      5. Қалыбаева В.

Изенова З.                                                          6. Мамбетова Ә.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Жаңа әдіс – тәсілді қолдана отырып, оны дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әр түрлі әдістерін тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады. Әдіс – тәсілдерді сабақта қолдануда үйренгендерін тиімділігін практика жүзінде көрсете біледі.

 

 

 

Психологиялық жаттығу

«Шаттық» шеңберін құру.

 

Армысыздар, құрметті әріптестер!

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Кәнекеи, бәріміз бір – бірімізге, өзімізге, жан – жағымыздағы, жер бетіндегі барша адамдарға шын жүректен денсаулық тілейік.

 

Бәріміз бірге:      — Өзімді – өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулық баршаға!

Шын жүректен,

Үлкен махаббатпен,

Бәріңізге денсаулық тілейміз!        /2-минут/

 

/Орындарында отырып жайғасу/

 

«Мақтанамын, мамандығым!»       /3-минут/

 

Әр тәрбиеші өз мамандығымен мақтана алады, өйткені осынау қиындығы мол жауапты жұмысқа бар жүрек жылуын, ынта – ықыласын арнайды.

Бала әлеміне қызыға еніп,оларды тәрбиелеуге бар ынта – жігерін салады. Тәрбиеші әр іс – әрекетін шебер орындай білсе, нәтижесі де сондай жемісті болмақ. Олай болса, тәлімгер мен жас мамандардың жаңашыл бағыттағы жұмыс жүйесіне тоқталсақ.

 

Қатысушылардың жаңа бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне сараптама жасайтын, бағалайтын әділқазылар алқасы:

Ж.Қ.Коланова     Балабақша меңгерушісі.

Р.С. Қалжанова   Әдіскер.

Ж.А. Әбдіхалық Психолог.

 

Тәрбиеші педагогтардың теория білімінен жұмыстар экраннан көрсетіліп, қорғалады.

 

«Ой – сананы шыңдайық»              /5-минут/

Жас ұрпақ – иіліп тұрған көк шыбық.

Оның түзу немесе қисық өсуі – бағбанның дұрыс күтіп, бағуына байланысты. Олай болса тәлімгер тәрбиеші ұстаздардың өз шәкіртіне тәжірибе жұмыс жасау бағыты көрсетіледі.

Іске сәт, әріптестер!

 

/практика жүзінде тәрбиешілердің жаңа әдіс – тәсілімен көрсетілетін жұмыстары жүргізіледі/

 

«Қоржын шашуы»         Тәрбиеші: Беденова Г.

Шеберлік сынып – 5-минут

 

Тәрбиешінің шығармашылық заманауи қоржынынан дидактикалық

материалдарды пайдалана отырып, шеберлік сынып көрсету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясы ерекше

орын алады. Өйткені балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс. Осы орайды «Сүйікті менің мерзімім» деп аталатын шығармашылық дидактикалық ойынды алдарыңызға ұсынамын.

 

Шығармашылық дидактикалық ойын

 

Тақырыбы: «Сүйікті менің мерзімім».

Мақсаты:    Ойынға қатысушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойларын түйіндеуді үйрету, қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін табу. Тапсырманы орындауға талпындыру.

Шарты:      Үйшік бейнесіндегі жасалған төрт қабырғасы жылдың төрт

мезігілімен бейнеленген. Төрт қабырғасын ашып, үйдің ішкі қабырғасына өздеріне ұнаған мезгілдерді жапсыра отырып бейнелейді.

Ресурстар:  қолөнері бұйымынан жасалған – үйшік. Оның ішінде төрт мезгілге байланысты қажетті материалдар.

 

«Себеттегі саңырауқұлақтар» — 3-минут.

 

Мақсаты:    Қатысушылардың танымдық қабілетін арттыру, логикалық

ойлау қабілетін дамытады. Пішіні, көлемі бойынша ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыру.

Ресурстар:  себет, саңырауқұлақтар қолөнер бұйымынан жасалынған.

Рефлексия – 2-минут.

«Тыныштық және табиғат»

әуен ырғағы.

Не үйрендім?

Мен үшін не жаңа болды?

Шебер сынып соңында көңіл – күйлерін бағалау, өз пікірлерін жазады.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, қоршаған әлем жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан – жақты, білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару жолында тәрбиешілердің еңбегі орасан зор. Мұндай ізденісті бүгінгі күнде біздің тәлімгер мен жас маман тәрбиешілердің өн бойынан көре білдік.

Осы жарқын бастамалар өз жалғасын тауып, толағай табыстарға жетелері сөзсіз.

Балабақша меңгерушісі Ж.Қ. Коланова өз тілегін айтып, балабақша

үздік тәлімгер тәрбиеші және үздік жас маманды атап, құттықтап, сәттілік тілейді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.