Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем»

Искакова  Алия  Дюсеновна

Мақсаты:Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету.Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыта түсу.Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата — ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: «Неткен сұлу, неткен көркем» слайд, сабақ барысы бойынша жасалған слайд, бейнефильм,бақыт ағашы,тапсырмалар жазылған түсті үлестірме – қима қағаздар.Карта.
Әдіс – тәсіл: СТО технология стратегиялары
Сабақ барысы:1.
Ұйымдастыру бөлімі.                                                                                                     2.Психологиялық  жағдаят. Армысың алтын күн!Армысың асыл жер!Армысың көк аспан!Армысың  жан досым.Жылуыма жылу қос.Міне,менің қос қолым!Ойын:Түс таңда.Мақсаты: Түс таңдау арқылы оқушыларды топтау.Жасыл. Көк. Сары. Жасыл түс– қуанышты көңіл күйді, жастықты білдіреді.
Көк түс— таза судың, ашық аспанның, бейбітшілікті білдіреді.Сары түс– жарық күннің нышаны.Адам тіршілігінің көзі де осылар күн, су, аспан, бейбітшілік, еңбек, бақыт. Табиғат бояулары арқылы тіршіліктің қайнар көзі беріледі.
Топты таныстыру1-топ. Білімділер2-топ. Тапқырлар3-топ АлғырларҮй тапсырмасын тексеру. «Өрмекші стратегиясы»
1-3топ:Д. Әбілев «Туған тілім» өлеңін жаттағандарын топта бір — біріне айту.1. ОЙ  ҚОЗҒАУ. Сызбаны  толтыру. Бүгінгі өлеңде  Туған  тілім  деп  отырғаны  қандай  тілдер  екен.Сұрақ:Қазақ тілін қай елде көп қолданады?                                                   Қандай елде тұрып жатырмыз? «Қазақстан» картамен жұмыс,халқы,жер көлемін айту.«Қазақстан» туралы не білеміз? –Отан, туған жер,атамекен,туған өлкем, туған ел.Қызығушылығын ояту. Ассоциация. «Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?- Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Атамекен. Туған жер. Туған өлке.
Бұл – ең жоғары құндылықтардың, асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен – туған халқының, ұлттың қасиетті мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері.
Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері,
Туған өлке — ата – бабаның қоныс тепкен жері мен өмірге келген жеріңнің табиғат көрінісі. Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.
Тыныштық сәті
— Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер. Биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен сөйлесіп тұрған дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар. Қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да туысқан халықтар.Қазақстанның қай өлкесін аралап жүрсең де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезініңдер. Қазақстанның қай бөлшегінде тұрсаң да өздеріңді сол жердің толыққанды мүшесі, қожайыны ретінде сезініңдер. Өйткені ол – біздің Отанымыз.Осындай бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп отырғанымыз үшін Отанымызға іштей рақмет айтайық. Отанға деген осындай ризашылық сезіммен бұрынғы қалпымызға келейік.Слайдпен жұмыс.Бүгінгі сабақтың  мақсаты –Ө.Тұрманжановтың  «Туған өлкем» өлеңімен танысу.                                                                 V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

«Таң  сыры»,«Асыл  сөздер»,қазак мака-мәтелдері
Жазушы,ақын
Шымкент облысыБөгенбай ауданыЖалғызағаш ауылы
Өтебай  Тұрманжанов

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

Сергіту сәті: Ән тыңдау«Туған ел». «Туған өлкем»Өлеңді оқу. салыстыру
1топ. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата.
— Қуаныш
— мақтаныш
— өкініш
— шаттық ауызша бағалау
2топ
. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді?
3.топ Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндің?
1 топ.Туған өлке тағы несімен көрікті?
2-топ. Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қосасың?
3-топ.Өлең шумақтарының ұйқасын тап.шартты белгісімен көрсет.Атамекен аясы – адамның жан саясы. Музыка пәнінің мұғалімі: С.Акдаулетова Сиқырлы сандық сәлемдемесі
Халық даналығы.
— Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдары қашан да ата – бабаңа деген сағынышыңды басады.
«Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау керек.
Шығармашылық жұмыс.               1-топ: Тілек жазу.
2-топ:
Туған өлкең туралы өлең құрастыр.
Отаным алтын мекенім,
( Мен сені сүйіп) өтемін.                                                                                                           Қияға қанат қақсам да,                                                                                                                      (Арманыма )жетемін.
3топ: Мақалды  жалғастыр:1.Туған  жердей  жер  болмас,            2. Отан  үшін  күрес,  Елге  тиген  үлес.        Туған  елдей  ел  болмас3.. Әркімнің  өз  жері-Мысыр  шаһары

Сергіту  сәті «қарлығаш»

Сөздікпен  жұмыс  жүргізуДәптермен  жұмысЖұпар- өте  жақсы, хош  иістіШалқып, тасқан-өркендегенБақыт  тапқан-бақытты

Ойын: Бақыт ағашы.
Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді арнау.
Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа орналастыру.
Ой толғаныс. VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:     

ОЙ  ТҰЖЫРЫМДАУ      Сұрақтарға жауап алу.

Алтын дәнді-бидайы  мол далаАқ күмістей қала-таза, көрікті  қала

  • Туған өлке тағы несімен көрікті? (табиғатымен, таза  ауасымен)
    -Біз  қай  облыста  тұрамыз?
  • Біздің ауданымыз  қалай  аталады?
  • Президентіміз кім?
  • 1-желтоқсан қандай  күн?
  • Туып өскен жеріміз  туралы не  айтар  едің?

«Кім  тапқыр»  ойыны— Өлең қалай аталады?
— Өлеңді кім жазған?
Рефлексия.Жүректен — жүрекке.
Отаным, мен саған ризамын,……Бағалау. Бағдаршам арқылы
Үйге тапсырма. «Туған өлкем» өлеңін жаттау.Сурет салу.
Бағалау. Топты бағалау.жеке оқушыны бағалау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.