1 ден 5 ке дейінгі сандарды тура және кері санау

Рахова Венера Катарбайкызы

Мақсаты: 5 көлемінде  сандық есептеу дағдысын  дамыту, сандарды  тура  және  кері  санауға, сандар  көршісін атауды, кеңістікті  бағдарлау. Оң, сол, алдыда, артта ұғымдарын  дамыту. Геометриялық  пішіндер  туралы  білімдерін  кеңейту. Апта  күндерін  атауды  үйрету, балалардың  тілін  дамыту  жұмыстарын  жалғастыру, білімге  деген  құштарлығын  арттыру.

Дамытушылық:  Балалардың  білімін  дамытушы  ойындар  арқылы  әртүрлі  тапсырмаларды  орындай  отырып, салыстыру, санау, топтау  дағдыларын  ойын  арқылы  дамытып, санамақ  айту  арқылы  сөздік  қорларын  молайту, ой- өрісін  дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды  тапқырлыққа, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу. Табиғат  пен  адам  арасындағы  қарым — қатынас  арқылы  татулыққа, бірлікке, еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Сандар, логикалық  тапсырмалар, геометриялық  пішіндер.

Тәрбиеші: Балалар, кәне  жылулық  шеңберіне  тұрамыз.

Сәлем  дейміз  достарға,                  Ашық  болсын  айымыз,

Сәлем  дейміз  құрдасқа.                 Биік  болсын  тауымыз.

Сәлем  дейміз  ұстазға,                   Тату  болсын  халықтар,

Сәлем  дейміз  қонаққа.                  Аман  болсын  балалар !

 

Тәрбиеші: Балалар, бір- бірімізге  қарап, шашымызды,киімімізді  дұрыстап  әдеміленейік.

— Енді  әдеміміз  бе? Ендеше  сабақ  оқуға  дайынбыз  ба?

— Қане  барлығымыз  орнымызға  жайғасайық.

Қызығушылықты  ояту.

1,2,3

Сынып  іші  тып — тыныш,

Жалқаулықты  тастаймыз

Сабақты  біз  бастаймыз!

Тәрбиеші: Балалар,  неше жыл  мезгілдері  бар?

Балалар: Төрт.

Тәрбиеші: Дұрыс, қане  жыл мезгілдерін  атаңдаршы?

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.

Тәрбиеші: Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі ?

Балалар: Көктем  мезгілі.

Тәрбиеші: көктем  мезгіліне  жататын айларды  атап беріңдерші?

Балалар: Наурыз,  сәуір,мамыр.

Тәрбиеші: Қазір  қай  ай?

Балалар: Сәуір.

Тәрбиеші: Ал, бір  аптада  неше  күн  бар? (7)

— Ендеше  балалар, Жанеркенің  апта  күндері  туралы  тақпағын  тыңдайық.

Тақпақ  тыңдап  ұғып  ал,            Үщіншісі — сәрсенбі,

Апта  деген  ағайдың                   Төртіншісі — бейсенбі,

Жеті  бірдей  ұлы  бар.                 Бесіншісі — жұма  ғой

Біріншісі- дүйсенбі,                     Алтыншысы — сенбі  ғой,

Екіншісі — сейсенбі,                     Жетіншісі — жексенбі.

Тәрбиеші: Бір  тәулік  неше  бөліктен  тұрады?

Балалар: Төрт  бөліктен  тұрады: таңертең, түс, кеш, түн.

Тәрбиеші: Балалардың  тәулік  мезгілдері  туралы  тақпақтарын  тыңдайық.

  1. Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті — қолды  жуамыз.

Бақшамызға  келеміз,

Бұл  қай  кезде  балалар?      (Талап).

Балалар:  Таңертеңгі  кезең.

  1. Біз тәртіпті  баламыз,

Сабақтыда  оқимыз

Серуенге  шығамыз,

Бұл  қай  кезде  балалар?    (Саян).

Балалар: Түскі  мезгілде.

  1. Күн  батады  қызарып,

Бақшамыздан  қайтканша

Анамызды  күтеміз,

Бұл  қай  кезде  балалар?   (Нұрғиса).

Балалар: Кешкі  мезгіл.

  1. Үйлерде  шам  жанады,

Дем  алады  бар  әлем

Деп  әлдилер  ақ  әжем,

Бұл  қай  кезде  балалар?  (Ғинаят).

Балалар:  Түнде.

Тәрбиеші:  Ой  балалар  қараңдаршы. Мында  бізге  хат   тастап  кетіпті. Балалар  әдетте  адамдарға  хатты  кімдер  әкелуші  еді?

Балалар: Пошташы  ағайлар  мен  апайлар.

Тәрбиеші: Дұрыс, бізде  демалыс  болғандықтан  хатты топқа  тастап  кеткен  екен. Хатпен  бірге   бір  топ  шарлар  бар  екен.Балалар  мен  сендерге  хатты  оқып  берейін, сендер  мұқият  тыңдаңдар.

— Сәлеметсіңдер  ме,қымбатты  білімпаз  «Мерей» балабақшасының  балалары, бізге  көмектесулеріңізді  сұраймыз. Мына  бір  топ  шарды  әуеде  ұшыруларыңызды  өтінеміз. Бұл  әр  шарда  сіздерге  берілген  тапсырмалар  бар.Бұл  хатты  бізге  «Балауса»  балабақшасының  дәл  сендердей  балалары  жіберіпті. Ендеше  ол  балалардың  өтінішін  орындаймыз  ба? Бұл  шарларды  ұшыру  үшін  бізге  жіберілген  тапсырмаларды  орындауымыз  керек. Әр  тапсырмалар  әртүрлі  пішінде  келген  екен.       1- тапсырма.

— Қандай  пішінде  екен?

— Түсі  қандай?

— Неге  үшбұрыш  деп  аталады?

— Сандарды  тура  және  кері  санау.

1,2,3,4,5.

5,4,3,2,1.

2- тапсырма.

— Қандай  пішінде  екен?

— Түсі  қандай?

— Неге  тік  төртбұрыш  деп  аталады?

— Жұмбақ  жасырылыпты, мұқият  тыңдаңдар.

Туысқан  бес  кісі

Бірінен — бірі  кіші.

Бәрінің  аты  бар,

Ең  кішісі  шеткісі. (Бес  саусақ).

— Енді  қай  санды  жоғалттым  ойынын  ойнайық.

а) 1,2,…..4,5.

ә) 1,2,3,…..5.

б) 1,…..3,4,5.

в) 1,2,3,4,….

3- тапсырма.

— Қандай  пішінде  екен?

— Неге  төртбұрыш  деп  аталады?

— Ауызша  есептер  шығару.

  1. Екі ойыншықтың  біреуін,

Досың  сұрап  алды.

Айтшы  сонда  нешеуі,

Өз  қолыңда  қалды?   (1).

  1. Пісіп тұрған  төрт  алмұрт,

Екі  алмұртты  бұтақтан,

Алып  жеді  Асылхан

Қанша  қалды алмұрттан?   (2).

  1. Тал бойында  тізіліп,

Бес  жапырақ  тұр  еді

Жел  соқты  да  үзіліп,

Ілініп  тұр  әлі,

Жапырақтың  нешеуі?  (3).

  1. Екі  балапан  тұр,

Екі  балапан  отыр.

Шатаспай  тез  ойлансаң,

Тұрғаны  бар, отырғаны

Барлығы  қанша  балапан?  (4).

  1. Табақта  төрт  өрік,

Қолымда  бір  өрік.

Қосқанда  барлығы,

Болады  неше  өрік?  (5).

— Қандай  пішінде  екен?

— Түсі  қандай?

— Неге  домалақ  деп  аталады?

— Санамақ  таяқшалары  және  резеңкені  керу  арқылы  қандай  пішіндер  құрастыруға  болады?

— Үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ, тік  төртбұрыш.

Тәрбиеші: Балалар, енді  саусақ  санап  үйренейік.

Бес  кәмпитім  көп  еді,

Сараңдығым  жоқ  еді.

Бір  кәмпитім  атама

Бір  кәмпитім  әжеме,

Бір  кәмпитім  әкеме

Бір  кәмпитім  анама

Өзімеде  жете  ме?

-Жарайсыңдар, балалар, өте  тапқыр  екенсіңдер.Берілген  тапсырмалардың  барлығын  жақсы  орындадыңдар.

Сергіту  сәті:

1 дегенде  тұрайық,

2,3,4  алақанды  соғайық

Оң  жаққа  бұрылып,

Бір  отырып, бір  тұрып,

Біз  жүгіріп  алайық.

5  дегенде  асықпай,

Орнымызды  табайық.

— Бүгінгі  білімімізді  тиянақтап  «Кім  көп  біледі?» ойынын  ойнайық.

— Мен  қолымды  шапалақтап  соғамын  сендер  дыбыс  арқылы  неше  рет  соғылғанын  атап  бересіңдер.Енді  сабағымызды  қорытындылай  келе,1 ден 5 ке дейінгі  сандарды  тура  және  кері  санайық. (Балаларды  дара  шығарып  санату).

-Ал  енді  балалар, шаттық  шеңберіне  тұрып  келген  қонақтармен  қоштасайық.

Дөңгеленіп  тұрайық,

Шеңберді  біз  құрайық

Кездескенше  күн  жақсы,

 

Сау  саламат  болайық.

 

Күтілетін  нәтиже:

Білуі  керек:  1-5 ке  дейін тура және кері санай білу;

Түсінігі: Геометриялық  пішіндерді  ажырата  білу.

Көрсете  білуі: Алған  білімдерін  дамытып, іскерлікте  пайдалана  білу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.