Мамандығым- мақтанышым (эссе)

                             Мамандығым – мақтанышым. (эссе)

 

Мамандық – бұл  әрбір  адамның  сүйіп,  әрі  қуана  атқаратын   ісі,  оның ертеңгі   болашағы.  Әр  адам  мамандығын  өзі  таңдауы   және  оған  құрметпен  қарауы  керек. Себебі  мамандық  таңдау  үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Болашақта  үлкен   мамандық  иесі  болатынын  армандамайтын адам  болмайды. Осы бір  сұрақ  өмірге келіп,  сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір  кездері мен де осы бір сұрақтың  жетегінде көп ойланып, қиялдап,  өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.   Білекке  сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы қалып  жүрмелік» дегендей,  XXI ғасыр мықты мамандар  ғасыры.  Жақсы маман болу үшін  не  қажет? Ең  алдымен  терең білім,  еңбек, дәлдік,  ұқыптылық,  қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік қажет.

Елімнің  биік  болашағы. Сауатты  ұрпақ. Ойлай  берсең,  қиялдай берсең  еш тоқтағың келмес. Сол әлемнің бір бөлшегі  болып,  өз қиялында қалқып жүре бергің келеді. Ал жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым болашақта  елім  үшін,  мен үшін еңбек ететін болады.   Мен оған сенімдімін. Маған және Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс таңдағаныма  сенімдімін!  Менің өмірдегі бақытым – жүрек  қалауымен  тәрбиеші  болдым.   Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді.  Педагог болу – жай ғана мамандық емес.                                                                                                                                            Ол – адам өскелен ұрпақтың бағыт-бағдарын жасаушы, жол көрсетушісі. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірдегі үлкен мақсаттарға жету жолдарын іздеп, талапшылдықпен,  алға қарай ұмтылатын болса – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні.  Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны  мақтаныш  сезіммен  айта аламын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *