Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Балабақша
Home›Балабақша›Балабақша

Балабақша

By 1989
27 сентября, 2021
865
0
Share:

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Білім беру саласы : Таным, шығармашылық
Оқу іс- әрекеті: Математика, жапсыру
Тақырыбы : « Қанша? , Нешінші? ұғымдары» , « Бағдаршам»
Мақсаты : 1. Балаларға қанша? , нешінші? деген ұғымдарын қалыптастыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
2. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру.
3. Жапсыру арқылы білімдерін бекіту, ұқыптылыққа , сақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам суреті, түстер, желім .
Сөздік жұмыс: Қанаша, Нешінші, Бағдаршам, Тоқта, Сақтан, Жол ашық.
Ұйымдастырушылық – оятушылық:
Шаттық шеңбері.
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам.
Болайын мен де аман.
Тәрбиеші: — Балалар сендермен Қанша? Нешінші? деген ұғымдармен танысамыз.
(Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады)
Жұмбақ
Менің үш көзім бар .
Бір көзім: « Тоқта» дейді.
Бір көзім: « Сақтан» дейді.
Бір көзім: « Жол ашық» дейді.
(Бағдаршам) дұрыс айтасыңдар. (Тақтаға бағдаршамның суреті ілінеді.
-Бағдаршам дегеніміз не? Бағдаршам көше қозғалысын реттейтін шам. Бағдаршам жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдетеді, ал оның белгісі көліктерге арналған.
Сұрақ – жауап: — Бағдаршамның неше көзі бар? ( Үш)
-Бірінші көзінің түсі қандай? ( Қызыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді? ( Тоқта)
-Екінші көзінің түсі қандай? (Сары)
-Ол қандай белгіні білдіреді? (Сақтан)
-Үшінші көзінің түсі қандай? ( Жасыл)
-Ол қандай белгіні білдіреді? (Жол ашық) дұрыс айтасыңдар балалар. Біз бағдаршам көздерімен таныстық, түстерін ажыраттық. Ал енді қай түс нешінші орналасқанын табайық.
Сұрақ – жауап: — қызыл түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Бірінші)
-Сары түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Екінші)
-Жасыл түс бағдаршамның нешінші көзінде орналасқан? ( Үшінші) дұрыс айтасыңдар. Балалар орнымыздан тұрып сергіп алайық.
Сергіту сәті : Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін
Айтты деп біл үш сөзін
Тоқта
Сақтан
Жол ашық
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін, жасқанба
Тәрбиеші: Балалар сендерге бағдаршамның суретін беремін, сендер көздерін орналастырасыңдар. Жұмыс жасағанда қолымызды аузымызға салмаймыз.
-Алдыларыңдағы бағдаршамның нелері жоқ? ( Көздері) ( Балалар бағдаршамның көздерін естеріне түсіре отырып орналастырады. Балалар өткен сабақты, жасаған жұмыс-
тарын тақпақпен аяқтайды) . Кезекші үстелдердің үстін жинастырады.
Қорытынды: — Қандай ұғымдармен таныстыңдар?
-Қандай түстерді ажырата білдік?
-Ненің көздерімен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
Күтілетін нәтиже: Қанша, нешінші? Ұғымдарды білу.
Білу керек: Жолда жүру ережесін, санауды.
Болу керек: Қызығушылық, белсенділік, ұқыптылық.
Үйрену керек: Түстерді ажыратуды, қанша, нешінші ұғымдарды ажыратуды.

Previous Article

Ашық ҰОҚ «Түлкі мен тырна»

Next Article

Балабақша

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    The funny cube – Көңілді текше

    25 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Балабақшада және отбасында еңбек әрекеті арқылы адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу

    26 марта, 2018
    By admin
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (11-15-желтоқсан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

    8 января, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Анашым — қуанышым

    20 марта, 2018
    By admin
  • Балабақша

    «Ойнайық та,ойлайық»

    8 сентября, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Согласие в семье

    29 марта, 2018
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Коучинг сабақтар

    «ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН – ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОУЧИНГ

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Алма

  • Балабақша

    «Кім епті» (дидактикалық ойын)

ҚҰРМЕТТІ ТӘРБИЕШІЛЕР,
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН
ТОЛЫҚ ЦИКЛОГРАММА
КОМПЛЕКТІМЕН БІРГЕ (КАРТОТЕКА,
ПЕРСПЕКТИВА,
КӨРНЕКІЛІКТЕР Т.Б.)

САТЫЛЫМДА.
ТОЛЫҒЫРАҚ:
+7 747 552 71 68

Жаңа жарияланымдар

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • Жаңа жыл құтты болсын!
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді
  • 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «
  • Күзгі баққа саяхат
  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Күнтізбе

Май 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
« Апр    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика