8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Толесинова Джадра
«Шуағын шашқан — аялы алақан!» мерекелік ертеңгілік сценарий
(Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді әуен қосылып, балалар керемет көңіл-күймен кіреді.)
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер,тәрбиешілер,педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Ән: «Айналайын мама»
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Балалардың тақпағы (6 бала)
(Әуенмен Ару көктем кіреді.)
Ару көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Міне,келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып,құлпырып кеткенсіңдер!
Жүргізуші:Сәлеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем:Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін,аналарымыздың,аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем:Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем мезгілі.
Көктем: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар:Жаңбыр жауады. Күн мен түн теңеседі. Күн ұзарып,түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап,жеңіл кейіне бастайды.
Көктем: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?
(наурыз,сәуір,мамыр)
Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар:Көктем айында табиғат оянады.
Көктем:Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды екенсіңдер!
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.
Көктем: Иә, мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім.Ендеше,бүлдіршіндеріміздің қандай өнерлері бар екен,тамашалайық.
Жүргізуші:Иә,біздің балаларымыздың барлығы да өнерлі,олай болса ұлдарымыздың көңілді «биші әжелер» биін қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Көрсетер бүгін өнерін,
Бал-бұл жанған ұл-қызың.
Құтты болсын қадамың,
Өнерге басар жұлдызың.
Би: «Биші әжелер»
(Әуенмен Қызылтелпек кіреді.)
Қызылтелпек: Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?
Қызылтелпек: Әжемнің жағдайын сұрап,құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.
Жүргізуші: Балалар,Қызылтелпек өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен,ендеше Қызыл телпекке ән айтып берейік.
Жүргізуші: Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін,
Көрермендер өздеріңе арнайды.
Ән: «Әжемнің шәйі» орындайтын Найзабек Зарина.
Көктем: Балалар,сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер, мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!
Балалардың тақпағы (6 бала)
(Әуенмен Көктем кетеді, Қасқыр келеді.)
Қасқыр: Мен Қызылтелпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?
Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені!
Жүргізуші: Мың бұралып би билеп,
Шығамыз біз ортаға.
Бүгінгі той тамаша,
Қуанамыз балаша,-дей келе балаларымыздың «Көңілді кіржуғыштар биін» алыңыздар!
Би: «Көңілді кіржуғыштар»
(Қасқыр таңданып басын шайқайды, оқыс отырып, тұрады. Аңдып жүріп би бітісімен Қызылтелпектің қасына жетіп келеді.)
Қасқыр: Аа, міне, өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сеніжеймін!
Қызылтелпек: Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр.Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық.
Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!
Жүргізуші: Қане,балалар, олай болса ойын ойнайық!
Ойын: «Тәттілерді әсемдеу»
Жүргізуші: Балалар,қасқырға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.
Ән: «Менің анам алтын»
Қасқыр: Ой, балалар,сендердің өнерлерің маған ұнады, көп рақмет сендерге. Жүр Қызылтелпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар,балалар!
Жүргізуші: Болсын дейді балалар,
Бақытты өмір, береке.
Әжелер мен аналар,
Құтты болсын мереке!
Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұсынады,балалар аналарына сыйлықтарын береді.)
Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Көріскенше күн жақсы болсын!
«Шуағын шашқан — аялы алақан!»
мерекелік ертеңгілік сценарий
(Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді әуен қосылып, балалар керемет көңіл-күймен кіреді.)
Флешмоб:
Жүргізуші:Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер,тәрбиешілер,педагогтар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
(Әуенмен Ару көктем кіреді.)
Ару көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Міне,келдім табиғатты оятып,
Күн күркірі нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.
Қандай әдемі болып,құлпырып кеткенсіңдер!
Жүргізуші:Сәлеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.
Көктем:Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем:Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем мезгілі.
Көктем:Көктем мезгілін де ауа-райы қандай болады?
Балалар:Жаңбыр жауады. Күн мен түнтеңеседі. Күн ұзарып, түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап, жеңіл кейіне бастайды.
Көктем:Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?
(наурыз,сәуір,мамыр)
Көктем: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар:Көктем айында табиғат оянады.
Көктем:Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды екенсіңдер!
Жүргізуші:Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.
Көктем: Иә, мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім.Ендеше,бүлдіршіндеріміздің қандай өнерлері бар екен,тамашалайық.
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар, — дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын
тыңдайық.
Ақ жаулықты анашым.
Күн сәулелі анашым,
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым . Адина
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен,бас иеміз. Әли
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды,сыйлаймын. Ділдә
Аялаған анашым.
Мәпелеген өсірген,
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым. Дария
Тендесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың,
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы,анашым. Дінмұхамед
Жүргізуші: Көрсетер бүгін өнерін,
Бал-бұл жанған ұл-қызың.
Құтты болсын қадамың,
Өнерге басар жұлдызың.
Би: Қыздар биі
(Әуенмен Қызыл телпек кіреді.)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?
Қызыл телпек:Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.
Жүргізуші:Балалар, Қызыл телпек өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен,ендеше Қызыл телпекке би билеп берейік.
Би: Джентельмен биі
(Әуенмен Қасқыр келеді.)
Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?
Қызыл телпек:Құтқарыңдар мені!
Қасқыр: Аа, міне, өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін!
Қызыл телпек:Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақайтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық.
Қасқыр:Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!
Жүргізуші:Қане балалар, олай болса ойын ойнайық!
Ойын: «Тәтілерді әсемдеу»
Жүргізуші:Балалар, қасқырға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.
Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер әндерін,
Көрермендер өздеріңе арнайды.
Ән: «Айналайын мама»
Қасқыр:Ой, балалар, сендердіңөнерлеріңмағанұнады, көпрақмет сендерге. ЖүрҚызылтелпекәжеңдібіргебарыпқұттықтайық. Сауболыңдар,балалар!
Жүргізуші:Болсындейдібалалар,
Бақыттыөмір, береке.
Әжелер мен аналар,
Құтты болсынмереке!
Ана– жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(ұлдар қыздарға өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұсынады,балалар аналарына сыйлықтарын береді.)
Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.