«Білімділер әлемі»

Білім беру саласы:  Әлеумет, Қатынас, Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Қоршаған орта, Сауат ашу, ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Білімділер әлемі»

Мақсаты: Балаларға технологияны жете түсіне білуге, жағдай жасау. Балалардың шығармашылық танымдық қабілетін дамыту. Балалардың оқу іс әрекетіне деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Тәрбиеші: балалар, қанеки бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайып.  Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық( Сәулелі күн арқылы бір-біріне жақсы тілек тілеу)

ІІ – Негізгі кезеңі

Ғажайып сәт: Сайқымазақ

Қызықтыру сәті: Әуенмен Сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: Балалар мен Ертегілер елінен келген Сайқымазақпын. Мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп  келдім. Сендер тапсырманы орындауға дайын
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ

Сайқымазақ: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындай аласыңдарма?

Менің қолымда Сиқырлы киіз үйдегі түрлі-түсті хаттар бар, солардың ішінде тапсырмалар жасырылған.
Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар  Сайқымазақ қандай тапсырма әкелді екен қарайық.

1 — тапсырма:
1. Жылдың төрт мезгілін ата?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Күз мезгілінде неше ай бар?

4. Қазір қай айы?

5.  Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Сайқымазақ: Жарайсыңдар сендер  менің сұрағыма дұрыс жауап бердіңдер, енді менің екінші тапсырмады тыңдаңдар.

 

2- тапсырма:

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» 

Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.

 

Сайқымазақ:Балалар кәнеки бәріміз бірге бір сергіп алайық. Сендер менімен бірге билеуге дайынсыңдар ма?

Тәрбиеші: кәнеки, балалар Сайқымазақтың көңілін  көтерейік.

 

Сергіту сәті

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

 

Сайқымазақ: Сендерге рахмет балалар, бір сергіп алдым, енді менің үшінші тапсырмамды орындаңдар.

3- тапсырма

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

 Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын молайту.

Ойынның шарты: Берілген «а» әріпінен басталатын суреттерді тауып белгілеу.

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендер Білім ханшайымының тапсырмасын дұрыс орындап

Сайқымазақ : Енді менің соңғы тапсырмам.

4- тапсырма

Дидактикалық ойын: «Сандар шатасты»
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

 

Тәрбиеші: Сайқымазақ саған біздің балалардың орындаған тапсырмалары ұнады ма?

Сайқымазақ: Иә, балалар сендерге рахмет. Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар. Сендер өте ақылды екенсіңдер.  Сау болыңдар, балалар, келесі кездескенше.

ІІ –Қорытынды кезеңі

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгін қонаққа бізге кім келді? Қандай тапсырмаларды орындадық?

Рефлексия — «Алма ағашы» әдісі.
Балаларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *