«Жөргектегі вундеркинд»
Зайнуллина Фарида Ромэновна
«Баланың миі үнемі жұмыс жасау керек»
Г.Доман
Баланың ақыл-ойы өмірдің алғашқы күндерінен бастап үш жасқа
дейінгімиға қарқынды түрде жүктелген кезде жақсы
дамиды.Кішкентай адамның жақсы физикалық дамуы мидың және
моторлы интеллектің қарқынды қалыптасуына ықпал етеді.Баланың
туылған кезінен бастап 3-5 жасқа дейін созылатын белсенді өсу
кезеңінде баланың миы оқуға бағдарламаланған және қосымша
мотивацияны қажет етпейді.
Егер біз балалардан оқыту және тәрбиелеу кезінде
осыдан 20-30 жыл бұрын кекештік,қай бір дыбыстарға тілдері
келмейтіні, туабите физиологиялық кемістіктер т.б. өзгерістер
байқасақ, ақырғы 10 жылда тілдері дамымаған балалардың жиі
кездесетіні барлығымызға мәлім, әр отбасында осындай бір бала бар.
Бұл құбылыстың неше түрлі себептері бар,біздің міндетіміз ,педагог
ретінде бала мен ата-анаға профессионалдық көмек беру.
Біздің «Еркежан» аралас ортаңғы тобымызда 32% тілдері
дамымаған балалар.Жаңа оқу жылына дайындық кезінде ,осы
мәселенің шешу жолдарын іздедім.Глен Доман әдістемесіне
тоқтадым.Доманның әдісі бүкіл әлемде танымал Нобель сыйлығының
лауреаты ғана емес,оның принципіне сәйкес тәрбиеленді.Техниканың
мәні арнайы карталарды пайдалану болып табылады,оларда сөздер
немесе суреттер бейнеленген.Балаға материалдарды көрсете
отырып,оның мазмұнын жариялау қажет.
Америкалық әскери дәрігер-нейрохирург Глен Доман 1919-
2013 жылдар аралығында өмір сүрген.1940 жылдардың соңына қарай
адамның миы 7-7,5 жасына белсенді өсіп,дамиды деген тұжырым
жасады.Тура осы уақыт аралығында адам кез келген нәрсені үйрене
алады: оқу,жазу,есеп,шет тілі,т.б.
Доманның әдісі ақылдылықпен қолданылған жағдайда гениальды
балаларды тәрбиелеудің керемет құралы болып табылады.
Балаңыздың ерте дамуы үшін бағдарламаны таңдаған кезде оның жеке
ерекшеліктерін,жасын,денсаулық жағдайын ескеру қажет.Балаға
ешқашан күш көрсетпеңіз.Ойын түрінде сабақ жүргізіңіз және
ынталандыру жүйесін ұмытпаңыз!Ата-аналардың уақыты тығыз
болғандықтан, көпшілігі бұл әдісті қолдай бермейді.Доманның ізін
қуушыларға карточка дайындау үшін аса көп уақыт пен күш керек.
Дайындық кезінде 120 карточка интернеттен алып
түрлі-түсті принтерден шығарып дайындадым.Доман әдісі туралы
информация жинап педагогтермен, ата-аналармен консультация
өткіздім.Карточкалар неше түрлі тақырыптар қамтиды.
Қызыл нүктелер
Жәндіктер
Жануарлар
Мамандықтар
Құстар
Үй жануарлары
Төлдер
Түстер
Пішіндер
Сандар т.б.
Бір тақырыптағы карточкалар 2-3 секунд көрсетіледі көрсету әдістерін
ауыстырып отырады(5 карточкадаауыстырыпотырдым).Балдырғанның
білуге құштарлығын арттыра түсу үшін бір көрсеткен карточканы
қайталауға болмайды,сонымен қатар онымен ойнауына да рұқсат
жоқ,солай ғана қызығушылығын жоғалтып алмай сақтауға болады.
Ата-аналармен ақылдаса отырып топтағы екі баламен ата-аналары
үйлерінде карточкалармен жұмыс жүргізетін болды.Оларда
интернеттен карточкаларды шығарып алды.
Балаларға карточкаларды көрсеткен сон тапсырмалар күрделенеді.
Мысалы: «Жемістер» (5 жас)
-Кім маған карточкалардын арасынан сары түсті ,домалақ, қабығы
аршылатын, ағашта өсетін жемісті тауып береді?
(мандарин)
Карточкаларды дидактикалық ойын ретінде қолдандық.
«Құстарды ата»
«Үй жануарлардың төлдерін тап»
«Жемістерді топтастыр»т.б.
Бұл әдістің екінші де жағы бар,Доман әдісі қол
моторикасын дамытпайды, балалар тарапынан қызығушылық болмау
мүмкін.Сонымен балалардың кәзіргі кездегі физиологиялық
жағдайларын ескере отырып,өз жұмысымда бұл әдістің элементтерін
ерте жастағы балалармен, ойын ретінде,ата-анамен бірлесіп
қолдануды шештім.
Әдебиеттер тізімі:
[Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/58736/]