Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

 

Павлодар облысы білім беру басқармасының, Ертіс ауданының білім беру бөлімінің КМҚК «Ертіс ауылының сәбилер бақшасы» бойынша мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жою бойынша ақпарат

Пункт № Ескертудің мазмұны Жүргізілген іс -шаралар
1 Жаңа оқу жылына логопедтің штаттық бірлігін қосу Павлодар облысы білім беру басқармасының,Ертіс ауданының білім беру бөлімінің КМҚК «Ертіс ауылының сәбилер бақшасына 2022 жылдың  1 желтоқсанында №4-01/57 бұйрығымен логопедтің штаттық бірлігі қосылды.
2,3,4,5 Оқу жұмыс жоспары Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес әзірленсін Оқу жұмыс жоспары Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 09 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты 12 топқа әзірленді.
6 Перспективалық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленсін. Перспективалық жоспар Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 09 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты 12 топқа әзірленді.
7,8 Балалардың біліктіліктері мен дағдыларын дамыту мониторингін мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігін сақтау.Балалардың жеке даму карталарын мониторингті ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде толтыру. Балалардың біліктіліктері мен дағдыларын дамыту мониторингін мониторингті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Нұр –Сұлтан,2022) негізінде барлық 12 топқа мониторинг жүргізілді.Барлық топтардағы балалармен жеке даму карталары толтырылып,түзету шаралары жүргізілді.
9 Инклюзивті білім беру кезінде бір жылдық,жарты жылдық есептерді жазу. Ерекше білімді қажет ететін балалармен психологтың жарты жылдыққа арналған жұмыс есебі дайындалды.Сонымен қатар  тәрбиешілердің жылдық жоспары,логопедттің жұмыс жоспары қоса берілді.
10,12,13 Балалардың жасына сәйкес әдіс тәсілдерді әр тараптандыру Биылғы оқу жылында ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұйымдастырылған іс –әрекетке алмастырылды.Сол себепті ұйымдастырылған іс-әрекеттер (ойын) түрлері әртараптандырылды. Әдіс тәсілдердің әртараптандырылуы циклограммада көрсетілді.
14 Балалар қозғалысының бұйрықтарында басшының қолы мен мөрін болуын қадағалау. 2022 жылдың 1 маусымынан 10 желтоқсан аралығындағы балалар қозғалысының бұйрығында мөр мен басшы қолының болуы қадағаланды.

 

 

 «Ертіс ауылының сәбилер бақшасының»

КМҚК басшысы:                                                                    Г.С.Сыздыкова

                                         

 

 

 

 

Павлодар облысы білім беру басқармасының, Ертіс ауданының білім беру бөлімінің КМҚК «Ертіс ауылының сәбилер бақшасы» бойынша мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жою бойынша ақпарат

Павлодар облысы білім беру басқармасының,Ертіс ауданының білім беру бөлімінің КМҚК «Ертіс ауылының сәбилер бақшасы мемлекеттік қайта аттестаттауға кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда ,

2.1   2021-2022 оқу жылындағы Оқу жоспарында «Қарапайым математикалық ұйымды қалыптастыру» — «Математика негізіне» өзгертілді.Сенсорика -0,5 сағат тың орнына,математика негіздеріне -1 сағат қойылды;

2.2   2021-2022 оқу жылында Ерте жас  «Балапан», «Солнышко», «Ясельки» топтарына жеке жеке сабақ кестесі жасалды.Әртүрлі жастағы балалары бар екі топтың (ерте жас және кіші) «Балапан» деген атауы өзгертілді.Ерте жас «Балапан» тобы –« Балауса»  атауына ауыстырылса,кіші топ «Балапан» атауында қалдырылды;

2.2  2021-2022 оқу жылында  «Пчелка» тобынының  қазақ тілі перспективтік жоспарына басшының мөрі мен қолы қойылды. Музыка ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен  «Пчелки» ортаңғы тобының перспективалық жоспары басшымен бекітіліп,мөр қойылды.(музыка жетекшісі Бортко Е.А)

2.5   2021-2022 оқу  жылында жарты жылдық,жылдық есептері дайындалды.Жаз мезгілінде инклюзия бойынша 9 тәрбиеші,1 әдіскер курстық дайындықтан өтті.Сонымен қатар жаңа оқу жылында 2022 жылдың  1 желтоқсанынан  №4-01/57 бұйрықпен логопедтің штаттық бірлігі қосылды.

2.6  2021-2022 оқу жылының кіші «Балапан» ,ортаңғы «Балбөбек» ,ересек «Колокольчики» топтарының жеке даму карталары қайта қарастырылды.

2.7.  Ересек «Колокольчики» тобының сабақ кестесі оқу жоспарына сәйкес өзгертілді..Сонымен қатар қазақ тілі перспективалық жоспарында 09.05.2022ж жоспарланған күн басқа күнге ауыстырылды.

5.1.  МЖМБС- да және ҰОЖ үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған «Әлеумет» білім беру саласының бейне материалы дайындалды.

5.2.2021-2022 оқу жылының барлық жас топтарына мониторинг жүргізу бойынша әдіскердің жиынтық,аналитикалық  есебі дайындалды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *